«Фосфор. Фосфордың қасиеттері». 9-сынып.

samalJenis-150x150Атырау облысы Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектебі химия- биология пәнінің  мұғалімі. Жалмұқашева Самал Жеңісқызы

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, қосылыстары туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.

Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой- өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға жасап шығару.

Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, практикалық, ақпараттық технология.
Пәнаралық байланыс: Физика, қазақ әдебиеті, биология
Құрал- жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Фосфордың   түрөзгеріс-тері, ерігіштік кестесі, электрондық оқулық, слайд материалдары.
Реактивтер: этил спирті, сіріңке, фарфор ыдыстар, қышқыл, күкірт қышқылы, ақ фосфор, қызыл фосфор, қара фосфор
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа даярлықтары

ІІ. Кім көп біледі?(Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы сұрау)
1. Азоттың периодтық жүйедегі орны (ІІ период, V А топ)
2. Азотты ең алғаш кім ашты? (1772 жылы Д.Резерфорд)
3. Азоттың атом құрылысы (7 протон, 7 нейтрон, 7 электрон)
4. Азоттың физикалық қасиеттері (түссіз, иіссіз, ауадан сәл жеңіл)
5. Азот металмен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (нитрид)
6. Азот сутекпен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (аммиак)
7. Азот оттекпен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (оксид)
8.  Аммиактың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, өткір иісті,тұншықтырғыш газ)
9.  Аммиак қайда қолданылады? (минералды тыңайтқыш, дәрі- дәрмек, қопарылғыш зат)
10. Аммоний тұздары дегеніміз не? (құрамында аммоний ионы және қышқыл қалдық-тары болатын қатты кристалды зат)
11. Азот оксидінің жіктелуі, физикалық қасиеттері
12. Нитрат ионға сапалық реакция
13. Нитраттардың қолданылуы.
14. Азот қышқылы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы
15. Азот қышқылының тұздары қалай аталады?

ІІІ. Ойтүрткі. Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған  зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Фосфор элементі.
Сөйтіп, 1669 жылды фосфор кездейсоқ ашылды.Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:  «Фосфор. Фосфордың қасиеттері»

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Один комментарий

  1. Мына фосфор және онын касиеттеринин жалгасы бар ма?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.