Толеранттылық күніне арналған сынып сағаты: «Өзіме-өзім сенемін»

БҚО. Бөрлі ауданы Тихонов НЖББМ Ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Ж. Утебалиева

2011-2012 оқу жылы.

Тақырыбы: «Өзіме-өзім сенемін» толеранттылық күніне арналған сынып сағаты

Сыныбы: 5

Мақсаты: 1) Оқушыларға «толеранттылық» деген сөздің мағынасын ашу, қарапайым тілмен түсіндіру;

2) Адамдар арасындағы жеке қарым-қатынастарды көруге үйрету;

3) Толеранттылықты қандайда бір кикілжің кезінде дұрыс пайдалануға үйрету.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Көрнекілігі: қағаз, қайшы, кілт, суреттер және муз.орталық

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жазбаша сұрақ. Оқушыларға А6 қағазын үйлестіріп, келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1)      Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар?

2)      Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?

ІІІ. Танысу. Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар.  Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

ІҮ. Сергіту ойыны. «Әжемнің кілті»

Керек нәрселер: кілт, 2 қағаз, 2 скотч, жіп.

Нұсқаулық: немерелері әжелерінің керемештеп ойнағанды жақсы көреді. Әсіресе әжесінің кілтін тығып, оны әжесінің іздегенін қарап тұрған ұнайды. Осыны бәріміз ойнаймыз. Мен әжесі болам, сендердің міндеттерің сызықтан аспай кілтті алу.

«Крокодил мен бақа» газеттер , ескі дәптерлер.Жерге парақтарды төсеп қояды. Бөлменің жартысы балшық, қағаздар кувшиналар. Ойыншылар- бақалар, жүргізуші-крокодил.

«Жапон театры әлде Кабуки театры» тас, қайшы, қағаз ойынына ұқсайды.

2 командамен  ойнаймыз.

3 фигура: самурай, дракон, жапон ханшайымы.

Самурай:қылышты жоғары төмен көтеріп шыңғырады.

Дракон: алға жүреді, алақанын жаяды, шылайды

Жапон  ханшайымы:  жапон күлкісі, аяқтары бүгілген, ти-ти –ти деп сөйлейді.

Тезистер:

  1. Толеранттылық-жеке қасиет.
  2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.
  3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.
  4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.

«Толеранттылық ағашын» жасау.

Қорытынды. «Техастік құшақ».  Бәрі бір-біріне қыстырылып тұрады, қолдарын иықтарына қойып, алға оң аяқтарын созады, сосын жүргізушінің айтуымен ішке бір қадам жасайды.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.