Бастауыш. Дүниетану. Су. Судың қасиеттері.

Булекбаева Асель Камиловна. Астана қаласы, №56 мектеп-лицей, Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, табиғатта кездесетін судың күйі, жұмбақтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, имға шабуыл.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Тренинг:
Мен неге ұқсаймын?
1) Ү тапсырмасын сұрау.
2) Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыптағы суреттерін қорғайды.
3) Химия пәнінің мұғалімі ауа туралы толықтырады.

ІІ. Мағынаны тану
– Табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екен солай ма?
– Ал қазақта мынадай сөз тіркесі бар «ауадай қажет» деген бұны қалай түсінесіңдер?
– Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
– Әрине су. Су туралы не білеміз? Су туралы ассоцация жүргізу.

Ойын «Шөлдеген адам»
– Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қагдай күйде кездеседі?

Практикалық жұмыс
І топ: судың сұйық күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІ топ: судың қатты күйде кездесетінін дәлелдейді.
ІІІ топ: судың газ күйде кездесетінін дәлелдейді.

Ситуациялық сұрақтар (химия пәнінің мұғалімі)
– Ал, балалар, қалай ойлайсыңдар, суда барлық заттар ери ма?
– Ендеше бұған көзімізді жеткізу үшін тәжірибе жасап көрелік. Үш топпен екі оқушы шығып, тәжірибе көрсетеді.

1-тәжірибе. Суға тұз салады. (ериді)
2- тәжірибе. Суға құм салады. (ерімейді)

– Ал, енді балалар судың қасиеттеріне тоқталып көрелік. (оқулықтағы тәжірибелерді жасау, бақылау)

Ендеше судың қасиеттерін атап көрелік.
Су:
– пішіні жоқ;
– түссіз;
– мөлдір;
– дәмі жоқ;
– иісі жоқ;
– еріткіш;
– ағады;

ІІІ. Ой-толғаныс
1) Логикалық тапсырмалар:
– Сен достарыңмен бірге айға экспедицияға баруға мүмкіндік алдың, айға бару үшін мына заттардың қайсысын алар едің? Дәлелде.
1. Қара көзілдірік
2. Жұлдызды қарта
3. Бір қорап сіріңке
4. Фонарь

2) Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең өтіп шықты: Ол қай түйе?Неліктен?

Қорытынды:
– Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда су туралы көптеген мағлұмат алдық солай ма? Енді судың тағы да қандай ерекшелігі бар екендігін біз тыңдап көрейік.

Халық педагогикалық үзінділер:

Суды босқа төкпе.
Сумен ойнама.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судай таза бол.
Судан таза, сүттен ақ.

(оқушылардың пікірлерін тыңдап толықтыру). Үйге тапсырма: Су қалай ластанды? Эссе жазып келу.

Әселдің басқа ашық сабақтары:

1. Дүниетану 2-сынып. «Жануарлар жемін қалай аулайды?»

2. Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Даланың соңғы ханзадасы Шоқан Уәлихановқа – 175 жыл»

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.