9 сынып. Информатика мен алгебра. Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Сабақты өткізген: Алматы қаласының №128 М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің информатика пәнінің мұғалімі Досполова Сауле А

Сабақ жоспары:
Пәні: информатика және математика, сыныбы 9б
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушыларға арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның
n-ші мүшесін табуды үйрету және компьютерде MS. Excel программасының көмегімен арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін табуды үйрету.
Ә) Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен іздену білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік:
Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін сақтай білуге үйрету. Еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға тәрибиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, тест, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын сұрау
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Сабақты қорытындылау.
6. Үйге тапсырма беру.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Алгебрадан: компьютер арқылы 10 оқушы тест тапсырады. Қалған оқушылардан интерактивтік тақтада ауызша есептер шығарылады.
Информатика: интерактивтік тақтада шторка көмегімен сұрақтарға жауап сұралады. Сөзжұмақ шешу.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Алгебра: «Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы» атты MS.Power Point программасында дайындалған слайдтардың көмегімен және формулаларды оқушылардың қатысуымен қорытылып тақтада жаңа сабақ түсіндіріледі.
Информатика: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын есептеуді интерактивтік тақтада көрсете отырып түсіндіріледі.
Есеп: Арифметикалық прогрессияның алғашқіы 5 мүшесін табу керек.а1 =10,
d=4. Осы есепті шешу жолына тоқталайық.
MS. Excel-дің жаңа кітабын ашыып, А1 ұяшығына 10 санын енгізіңдер, маустың көмегімен А1:А5 диапазонын ерекшелеңдер, Өңдеу-толтыру-прогрессия командасын орындаңдар. Шыққан терезеден қадам өрісіне 4 санын енгізіп, прогрессия типіне арифметикалық деп,ок батырмасын басу керек.
4. Сабақты бекіту.
Тақтада есептер шығарылады.№144, №147, №150
№144. Арифметикалық прогрессия берілген a1=- 34, d=7,5 табыңдар: a2, a3, a5,
a2 = a1+ d=-34+7, 5 =-26, 5
a3 = a1+ 2d=-34+2*7, 5 =-19
a5 = a1+ 4d=-34+4*7, 5=-4
Оқушыларға карточкалар таратылады. 10 оқушы компьютер көмегімен есептер шығарады. Компьютерде есепті шығарып болғандарды тексеріп, бағалап, келесі оқушылармен алмастырып отырғызып,есептер шығартылады.
5.Сабақты қорытындылау.
Алгебра: тақта слайдардың көмегімен сұрақтар қойылады, ауызша есептер шығарылады.
Информатика: Арифметикалық прогрессияның белгісіз мүшелерін табу компьютер көмегімен қалай орындалатыны сұралады.
Бағалау: Оқушылардың алған бағаларын тақтада MS. Excel программасында көрсетеміз.
6. Үйге тапсырма беру. Слайдтар арқылы көрсету
Алгебрадан: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы оқу. №151,№153, №146 есептер шығару
Информатикадан: 4.1 тақырыпты оқу.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.