Технология. Ою-өрнектің классификациялық мәнері.

Жакупова Сәнімгүл Әбдірашитқызы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №3 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі.

Ою деп заттың,бұйымдардың,жиһаздардың,ғимараттардың сыртқы пішініне,түріне,шығармашылық әуеніне ерекше мәнер,қосымша әсер беріп,қарапайым симметриялы элементтерден құрылып,ырғақ,теңеу,рең арқылы түзу жазықтықта немесе квадрат,ромб,шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті айтады.

Оюды кілемге,сырмаққа,текеметке,киімдерге,ыдыс-аяққа,үй жиһаздарына,аяқкиімдерге,зер-герлік бұйымдарға,сәулет ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады.

Заттың,бұйымның сыртқы пішініне,алатын орнына,атқаратын қызметіне,пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып,бояп,бедерлеп,өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған.

Ою-өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді.Олардың барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері жатыр.Ол-нүкте,ол-сызық,бұлар классикалық төрт топтың негіздері.

Классикалық ою-өрнектің төрт тобына: геометриялық ою-өрнектер;жан-жануарлар,хайуанат-тар ою-өрнектері;өсімдік тектес ою-өрнектер және космогониялық ою-өрнектер жатады.Ою-өрнектің қайсысын адам баласы бірінші ашып,көркемөнер шығармасы ретінде қолданғанын дәл зерттеп ашқан ешкім жоқ.Ашып дәлелдеу де мүмкін емес.Қайсысының бірінші қайсысының екінші екендігі туралы,ою-өрнектің бір-біріне қалай бағынатындығы туралы сұрақтарға тек арнаулы физикалық,математикалық заңдылықтарға негіздеп жауап беруге болады.Ол тек ғылыми тұрғыдан берілетін тұжырым.

Сондықтан ою-өрнектерге талдау жасап классикалық топқа бөлмес бұрын ою-өрнектің негізгі құрылымы қалай,оюдың өзәне тән ерекшелегі неде,композициялық орналастыру ережесі не,ою-өрнектің пішінін,құрылысын,симметрияның әсері қандай деген сұрақтарға жауап беруіміз керек.Ою-өрнекті халық шеберлері сәулет,кескіндеме,қолданбалы өнерде пайдаланған.Осыған орай ою-өрнек үлгілері араласқан бұйымтұрмыста қолдану негізіне қарай екі топқа бөлінеді.Біріншісі,ою ешқандай заттарды көркемдемей-ақ өз алдына әшекей ретінде қолданылып,көрермендерге эстетикалық сүйсініс,әсер береді.Бұндай жағдайда оның көркемдік,әсемдік жақтары пайдаланылады.Екінші түрінде оюлар шебердің қолынан шыққан заттарды көркемдеп толықтырып,айрықша көрініс,сәндік мән-мағына береді.Яғни,ою-өрнек жасалған заттың ерекше бөлінбей оның формасын,пішінін ерекшелейді.Осындай бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланылуымен қатар көрермендерге эстетикалық ләззат және рухани байлық боп ерекше сезімге бөлейді.Қазақ ою-өрнектерінің өздеріне тән сыңар ою,тең,жүздеме ою секілді композициялық құрылымдары қалыптасқан.Аталған оюларда да композицияның классикалық орталық бөлік,шет,жиек фон негіздерімен бірге,симметриялық тепе-теңдік ,тұйықтық,орнықтылық категориялары сақталған.Мысалы,толқын,ирек,су,омыртқа,айшық,сыңар мүйіз,бұғы мүйіз,қолтықша,тарақ оюларынан орнықтылықты,байыптылықты байқауға болады.

Оюлар құрылысына,жазықтыққа,кеңістікке тұйықталу мәніне және образдардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы,мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар,хайуанаттартар образын сипаттайтын оюлар;гүл,жапырақ,орман,тоғай,жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою-өрнектер ;тұрмыс шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш,төрт,ромб және т.б.көп бұрышты геометриялық оюлар;Айды,Күнді,аспанды,бүкіл әлемді сипаттайтын космоногиялық ою-өрнектер.Ата-бабаларымыз осы топтарға құрылысына,мән-мазмұнына қарай атаулар беріп,оқып,танып бір-бірінен ажырата білген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақ қолөнері. Қ.Әмірғазин 2ОО4. Алматы.

2.  Мектептегі технология журналы.2ОО9 жыл,№3.

3. Қазақ халқының қолөнері.С.Қасиманов 1969 жыл.

4. Мектептегі технология журналы. 2ОО7 жыл,№5.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.