Ашық тәрбие сағаты: «Сақтықты сұңқардан үйрене отырып,өз-өзіңнің өміріңе балта шаппа»

Астана қаласы №53 мектеп-лицей, Сынып жетекшісі: Князова А.Қ.

Ашық тәрбие сағат.  Сыныбы: 7 «В» 2010-2011 жыл
Тақырыбы:
Мақсаты:
Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу.
Міндеті:
1.Ата-ананы психологиялық сауаттандыру, ескерту.
2.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.
3.Әртүрлі мінез құлықтың алдын алу
Сабақтың барысы
Жүргізуші сөзі:
Өмір деген тұрады таң мен кештен
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге
Адамдар арман келіп, арман кешкен
Өмір деген екі өзен: мұң-қуаныш
Толқыны: Шындық-жалған, Күлкі-Намыс
Бір таяздап өмірде бір тереңдеп
Бір лайланып өмірде бір тұнамыз
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Ендеше 6В сынып оқушыларының дайындаған бағдарламасын бастайық ол үшін екі топпен таныстырайын
1-топ Салауат
2-топ Денсаулық
Енді екі топ бір-бірімен таныстыру кезегінен бастайық
1-топ Салауат тобы бастайды
2-топ Денсаулық тобы бастайды
Жүргізуші:
Ендеше екі топқа жалпы өмірге байланысты сұрақ тапсырмалары болады. Конверттен екі топ алады
Өзің Салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасар едің?
Сен үшін өмірдің мәні мен қызығы неде?
Өмірлік күштің міндеті не?
Жасөспірім балалардың жүйке жүйелерінің ерте сыр беруі неден?
Отбасы бақыты деген не?
Сендер үшін өмір несімен қымбат?
Жүргізуші:
Өзіңді-өзің жұбатып
Өзіңді-өзің алдайсың
Күнді солай ұзатып
Түнді солай жалмайсың
Батып жүріп мұң шерге
Бір алданыш іздейсің
Болмайтынын білсең де
Бір үмітті үзбейсің
Жүргізуші:
Кезекте көрініс «Бала құқығын қорғау»
Жүргізуші: Қазір мектебіміздің психологы Өмірова Айнур Оралбекқызы мен Назым Зиядақызы сіздермен психологиялық ойын өткізеді.
Енді оқушылардың Психологтарға, дәрігер маманға, құқық қорғау комитетінен келген қонаққа сұрақтар қойылады.
Жүргізуші:
Кел балалық балдырған шақ, сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер
Гүлденсін деп атамекен қара орман
Болашақтың иесіміз бәріміз
Атамекен гүлдендірер нәріміз
Алтын бесік ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз
Жер жаһанға мәлім аты
Алыс кетсем сағынатын
Айналайын атамекен
Жүрегімнен табылатын
Қазақстан – кешегі әз әуен
Қазақстан – бүгінгі ғажап үн
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар
Қазақстан – қастерлі қоғамым

Жүргізуші:
Достарым, ортам, қоғамым,
Оларсыз сөнем соламын
Салқындық сеуіп сырт берме
Көңілімде – кірбің жоқ әнім
Солардың қабақтарымен
Налимын тасып-толамын
Өшіретін мені бір үріп
Өсіретін мені күні ғып
Құдіретті күш те мен үшін
Жебейтін жігер жеңісім
Жанымда жүрген сол жандар
Қорытынды (Жүректен жүрекке)
Таныстыру: Денсаулық тобы
Денсаулық ел байлықтың бұлағы
Қайда қане бал бұлақтың шам шырағы
Кеудеге жан өндіріп, дем беретін
Жан барма өмірімді көркейтетін
Денсаулық шексіз бақыт,халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп баптап, аяла әр уақытта
Баланы солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірт: балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуде көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрсу, зекіру орнына жиі мақтап, мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса да жәй сөзбен түсіндіріп айту.
Таныстыру: Салауат тобы
Арман жүгін арқалап
Өсіп келеді жас ұрпақ
Амандасу бас иіп
Назар аудару дегеніміз не?
Ана тоғыз ай тоғыз күн бойы баласын құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады? Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді, ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты, бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді. Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді, осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте-ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатынын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде сақтап қалады. Кейінгі өмірінде өзіне назар аударту үшін ол тағы осы әдіске жүгінеді. Мысалы, ойыншықты алғысы келсе, қолынан бір нәрсе келмей жатса, біреу оны ренжітсе, бір нәрсені бүлдірсе, т.б. ол жылайды, сөйтіп қайткен күнде өзіне ересектердің назарын аудартуға тырысады. «Маған қарасын! Мені көрсін!» деген эгоцентризмді ұстаным, назар аударту кішкене сәбиге қаншалықты керек болса, өсіп, толысып келе жатқан пендеге де соншалықты қажет. Бірақ жасөспірімдік кезде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды, себебі ол ұятты жағдай. Жасөспірім өзінің бет-келбеті, сыртқы мінез-құлқы арқылы айналадағыларға санасыз белгілер береді. Бұрын бала ашық, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқада болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса, еш нәрсеге қатты қызықпай, зауқы соқпаса, бойында қырсықтық, ашуланшақтық, өзін төмен бағалау, айналадағыларға деген бей жайлылық көрінсе, онда жасөспірімде қандайда бір мәселе туындаған болуы керек. Ол қандай мәселелер? Бұл жауапсыз махаббат, жақын құрбысымен келіспей қалушылық, әке-шешемен сөзге келу, мұғалімнің оқушыны немесе керісінше оқушының мұғалімді жақтырмауы, бір нәрсені бүлдіру, басқалардың алдында ұятқа қалу, т.б.

Ұжым болып бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Қоғамның әлсіз тұстарын бірлесіп жеңеміз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.