Өтейбойдақтын өсиетi жөнiнде не бiлесiз?

Әйгiлi әз-Жәнiбек хан Өтейбойдақты шақырып: «Менiң елiмнiң денi сау, ғұмыры ұзақ болуы үшiн не iстеу керек?» деген сауал тастапты. Сондағы Өтейбойдақтың жауабы мынау екен: – Тақсыр, ең алдымен қол берiп амандасуды тыйыңыз, екiншiден, беттен сүйiп амандасуды тыйыңыз, үшiншiден, жетi атаға толмай қыз алысқанды тыйыңыз, бар бәле мiне, осы үшеуiнен тарайды.

Бар ғұмырын сырқаттарды емдеу мен оның алдын алуға арнаған Өтейбойдақтың ертеректе араб қарпiмен Қытайда басылған кiтабын ұстап отырып, белгiлi этнограф ғалым Жағда Бабалықов ғұлама емшiнiң XVII ғасырда айтқан жоғарыдағы сөзiн әлi ескермей келе жатқанымызға қынжылады. Жағда ағамыздың пiкiрiнше, Өтейбойдақ бұл өсиетiн тегiннен-тегiн айтпаған.

Бар бәленiң қол алысудан жұғатыны рас. Тiптi қол алысып амандасқан адамның сiзге дейiн неше адамның қолын ұстағанын бiлмесеңiз де сiз оның қолын алуға мәжбүрсiз. Бұл не? Әдептiлiк пе? Әрине, көпшiлiк үшiн бiреудiң ұсынған қолын алмай қою әдепсiздiкке, көргенсiздiкке баланатыны ақиқат. Бiрақ Ж. Бабалықов керiсiнше, қол алысуды XXI ғасырда өмiр сүрiп жатқан бiлiмдi, сауатты, тәрбиелi жұрттың бiлместiгi деп есептеп отыр.

Сонда «қол берiп, амандасу дәстүрiнiң тозығы жеткенi ме, ендiгi жерде ол бiзге керек емес пе?» дейтiн орынды сауал тастады. Бұған ғалым тегiнде қол берiп амандасудың бiздiң халқымызда болмағанын, оның Ислам дiнiмен iлесе келгенiн, оған батыстың беттен сүйiп амандасатын әдетi қосылғанын, бiз оны жатсынбай бойымызға сiңiрiп алғанымызды айтады.

Ендеше бабаларымыздың амандасу үрдiсi қалай едi? Ж. Бабалықовтың айт?сынша, амандасудың қазақша үлгiсi – Армысыз! Бұған қайтарылатын жауап – Ар бол, балам! Әрине, сәлемдесу адамның жасына қарай өзгерiп отырады. Ал «армысыз!» деген сөздiң арғы жағында амансыз ба, есенсiз бе, жақсымысыз деген тәрiздi мағыналардың жатқанын түсiндiрiп жату артық. Ал «ар бол!» сөзi өзiне сәлем берген жасы кiшi адамға жауап ретiнде қолданылғанымен, оған жақсы бол, аман бол, бар бол сынды тiлектер де iлесе жүретiнiн аңдау қиын емес.

Сiз қалай түсiнiп, қалай қабылдарыңызды қайдам, қазақтың салт-дәстүрiн зерттеп-зерделеумен, жинастырып-топтастырумен ұзақ жылдардан берi шұғылданып келе жатқан ғалым осылай ойлайды. Ол кiсiнiң түсiндiруiнше, қол берiп амандасу соншалықты маңызға ие емес. Сондықтан бұған медициналық тұрғыдан жете мән берiп, жұртшылыққа түсiндiру жұмыстарын жүргiзетiн, газет-жүрналдарда мұны мәселе етiп көтерiп, көптiң талқысына салатын кез жеткен.

Әзiрге Қазақстанда қол берiп амандаспайтын бiр адам бар. Ол әрине, Жағда Бабалықовтың өзi. Сенбесеңiз, қол берiп көрiңiз…

 

Авторы: Бетті әзірлеген: Атилла САНСЫЗБАЙҰЛЫ.


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

aliyasem000

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.