«AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»

Калмуханова Самал Кудайбергеновна, Атырау облысы, Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: АutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру; кесінділерді, координат нүктелерін енгізу тәсілдері, шеңберлер, доғалар, төртбұрыштар, көпбұрыштар салуды үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Шығармашылыдыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: АutoCAD жүйесімен жұмыс жасау дағдысын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сынтұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, призентация, ДК

Жүру барысы
Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасы, тексеру, топқа бөлу және сабақтың барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.

БББ стратегиясы бойынша кестемен жұмыс.

АutoCAD жүйесі туралы не білеміз?
Білемін Білгім келеді Білгенім

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою.

1. Суретте көрсетілген АutoCAD жүйесінің тересе элементтерін анықта

Сабақтың толық нұсқасын көрнекліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

3. АutoCAD жүйесінде қолданылатын функцияналдық пернелердің қызметін атап шық.

Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа тақырыпты электронды призентация арқылы түсіндіру. Оқушылардың қолына материалдар таратылады.

«Сурет салу» құрал саймандар тақтасы терезенің сол жағында орналасқан.

Кесінділерді салу

Ол үшін пернетақтадан Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасын енгіземіз. Берілген команданы тышқан бағыттаушысы арқылы Сурет салу Рисование (Draw) мәзірінен, немесе Сурет салу Рисование (Draw) құрал – саймандар панелінен басқышы арқылы шақыруға болады.

AutoCAD жүйесінің командалық жолында алғашқы қойылатын сауалнама

Бірінші нүкте:

(Specify first point:)

Бірінші нүктені көрсеткеннен кейін AutoCAD келесі сұрауларды шығарады:

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:

(Specify next point or [Undo]:)

Сауалнамалардың бір бөлігі тік шақшада жазылған. Бұл келесі нүктелерді (кесіндінің шекті нүктесін) экранда сілтеу керектігін көрсетеді немесе опцияларды таңдау (яғни, келесі команда қадамының нұсқасын таңдау). Опция ретінде AutoCAD Алып тастау-Отменить (Undo) командасын ұсынады. Ол кесіндінің бастапқы берілген нүктесін алып тастайды. Опцияны қолдану үшін, командалық жолда пернетақтаның көмегімен жоғарғы немесе төменгі регистрдағы <Enter> пернесін басу керек.Егер опцияның атауларындағы кейбір бөлігі жазба әріптерімен ерекшеленген болса (берілген жағдайда О (U) әріпі), онда пернетақтада опцияның осы бөлігін ғана енгізу жеткілікті, немесе оны жоғарғы немесе төменгі регистр (яғни О (U) немесе о (u)) арқылы және тағы да <Enter> пернесінің көмегімен істеуге болады. Қолданушы кез келген енгізуді <Enter> пернесі арқылы аяқтауға үйренген.

Егер сіз Алып тастау Отменить (Undo) опциясын таңдасаңыз, онда AutoCAD алдыңғы нүктені алып тастап, қайтадан басқасын енгізуді сұрайды. Егер сіз тышқанның көмегімен көмегімен келесі нүктені экранда көрсетсеңіз, онда экранда бірінші нүктеден екіншісіне жүргізілген кесінді пайда болады. Бірақ онымен Кесінді ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталмайды, келесі сұрау болады:

Келесі нүкте немесе Алып тастау [Отменить]:

(Specify next point or [Undo]:)

Бұл сұрау бір командамен кезекпен бірнеше кесінді сызып, экранда сынық жол жасауға болатынын көрсетеді. Экранда үшінші нүктені көрсетіңіз.Мұнда келесі сұрау былай болады:

Келесі нүкте немесе [Замкнуть/Отменить]:

(Specify next point or [Close/Undo]:)

Мұнда Отменить (Undo) опциясына қосымша Замкнуть (Close) опциясы пайда болады. Егер бірнеше опциялар болса, онда “/” таңбасымен бөлінеді. Пернетақтада жоғарғы немесе төменгі регистрде 3 (С) енгізгенде, және <Enter> пернесін басқанда AutoCAD кесінді сызады, ол алдыңғы кесіндінің соңынан біріншінің басына жүргізілген.

Егер үздіксіз кесінді сызбай, тек ОТРЕЗОК (LINE) командасын аяқтағыңыз келсе, онда <Enter> пернесін басыңыз, ол әрқашан циклдік операциялардың соңын білдіреді. Әрине, <Enter> пернесін екінші нүктені енгізгеннен кейін де басуға болады. Онда үшінші кесінді салынбай және ОТРЕЗОК (LINE) командасы аяқталып, ал командалық жолда AutoCAD жүйесінде кез келген команданың дұрыс аяқталуын білдіретін Команда: (Command:) жолы шығады.

ОТРЕЗОК (LINE) командасынан шығудың тағы бір тәсілі бар. Графикалық экранда тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы, сонда бағыттаушының орнында контекстік мәзір пайда болады. Контексттік мәзір — бұл жұмыстың келесі қадамын таңдауға көмектесетін, қолайлы құрал-сайман. Ол кез келген уақытта тышқанның оң жақ батырмасын басқанда шығады. Контекстті мәзірдің мәні орындалып жатқан командаға байланысты.

Сонымен, ОТРЕЗОК (LINE) командасы арқылы бір немесе бірнеше бірінен соң бірі орналасқан кесінділер салуға болады. Команданы <Enter> пернесінің немесе Замыкание Сlose опциясын енгізумен тоқтатуға болады.

Координат нүктелерін енгізу тәсілдері

Бірінші тәсілі – кесіндінің шеткі нүктелерін тышқанның көмегімен көрсету. Бірақ нүктелерді бұлай енгізу дәл болмайды. Кең тараған тәсіл екінші тәсілі – координат нүктелерін пернетақтадан енгізу, мысалы: 65,113.24

Бұл мысалда нүкте екі координатамен берілген:Х=65 мм, Y=113.24 мм. Пернетақтада енгізгенде үтір белгісі Х пен У координаталарын бөлу үшін, ал нүкте санның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлу үшін қолданылады. Координаттарды енгізу барысында координаталар бас нүктесін 0,0 қайдан таңдау керек. Көп жағдайларда бұл нүкте графикалық экранның сол жақ бұрышында болады (бірақ, жұмыс барысында сурет бойынша 0,0 нүктесі кез келген жерде орналасады, сызбаның көрінбейтін аймағында орналасу мүмкін).

Нүктелерді енгізудің үшінші тәсілі — бұл декарттық координаталарға қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы: @50,25

Бұл жазу бойынша, соңғы нүктенің алдыңғы нүктеге қатысты берілетінін (“@” таңбасы анықтайтын), Х осі бойынша +50 мм қозғалуын (яғни оңға қарай 50 мм) және Y осі бойынша +25 мм (яғни 25 мм жоғары қарай) қозғалысын білдіреді. Мұнда үтір координаталарды бөліп тұратын белгі. Енгізілген сандар бүтін және заттық, оң, нольдік және теріс болуы мүмкін.

Төртінші тәсіл — поляр координаталарына қатысты пернетақтадан енгізу, мысалы:@33.5<45

Бұл тәсілде үтірдің орнына “<” белгісі қолданылады. Берілген мысалда нүкте алдыңғы нүктеге қатысты беріледі, олардың ара қашықтығы жазықтықта 33,5 мм-ге тең, бірақ алдыңғы нүктеден соңғы нүкте 45 градус жасап, оң бағытпен абсцисса осі арқылы орналасады (бұрыш сағат тіліне қарсы «+»-пен, ал сағат тілімен бағыттас «-»-пен өлшенеді). Ара қашықтық міндетті түрде оң санға, ал бұрыш кез келген мәнге ие бола береді.

Бесінші тәсіл — бұл объектілік байланыс функцияларының көмегі арқылы көрсету. Объектілік байланыс функцияларына Стандартная (Standard) панелінің топталған басқышы арқылы немесе Объектная привязка (Object Snap) панелі арқылы кіруге болады. Топталған басқыш (групповая кнопка), бұл оң жақ шетінде қара түсті үшбұрышы бар басқыш. Егер бұл басқышты тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрса, онда бұған кіретін құрал-саймандар жинағы ашылады.

Жұмыс кеңістігінің өзгеру түрлері

Қажетті элементтерді қарастыру үшін суреттермен жұмыс істегенде әрқашан қарау терезесін өзгерту керек болады. Бұл мақсатта графикалық экранды айналдыруға вертикаль және горизонталь сызғыштар болады, сонымен қатар Стандартная (Standard) құрал-саймандар панелінде Панорамирование в реальном времени (Pan Realtime) басқышы және оң жағында – Зумирование в реальном времени (Zoom Realtime) басқышы орналасқан.

– Панорамирование в реальном времени басқышы

Панорамирования басқышы ПАН (PAN) командасын шақырады, егер оның басқышын басатын болсақ, онда графикалық экрандағы тышқанның бағыттаушысы алақан тәріздес белгіге өзгереді. Енді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бағыттаушыны қажетті жерге орналастыру керек. Бағыттаушымен бірге түгелімен сурет қозғалатын болады. Панорамирование аяқталғанда, AutoCAD жүйесінің келесі сілтемесін қолдануға болады:

Командадан шығу үшін Контексттік мәзірде тышқанның оң жағын басу арқылы шығаруға болады немесе ESC немесе ENTER .

(Press ESC or ENTER to exit, or right-click to display shortcut menu.)

– Зумирование в реальном времени басқышы

Зумирования в реальном времени басқышы суреттің орналасу центрін өзгертпей, масштабын өзгертуге мүмкіндік береді. Зумирование басқышын басқанда бағыттаушымыздың түрі лупа тәріздес белгіге өзгереді. Тышқанның сол жағын баса отырып, суретті жоғары немесе төмен өзгертеміз. Егер жоғары қарай тартатын болсақ, онда бейнеміз үлкееді, ал төменге тартсақ – кішірееді. Зумирование командасынан шығу үшін панорамирование командасындағы сияқты <Esc>, <Enter> пернелерін немесе тышқанның оң жақ батырмасын басамыз.

Зумирование в реальном времени басқышының оң жағында ПОКАЗАТЬ (ZOOM) команда нұсқалары бар, топталған басқыштар орналасқан (яғни оң жағында кішкене үшбұрыштары бар).

Бұл топталған басқыштар төмендегідей қызмет атқарады:

Сабақтың толық нұсқасын көрнекліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.