92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.

3 «Ә» сыныбында өткен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: 92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.

Мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және үш таңбалы

санды бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.
Білімділігі:Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғышқа
жіктеп,қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін еске
түсіріп қайталау.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыта отырып,
ауызша,жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту.
Тәрбиелігі: Сабаққа қызығушылығын,белсенділігін арттыру арқылы
шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Бағалау бетшесі,даму мониторингі,тірек белгілері,интериактивті тақта,парақшалар.
Сабақтың әдісі:Оқытудың үшөлшемді педагогикалық технологиясы,сауалнама.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың жүру барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Ой қозғау.
3.Қызығушылықты ояту.
4.Мағынаны таныту.
5.Деңгейлік тапсырма.
6.Бағалау бетшесін толтыру.
7.Қорытынды.

I.Ұйымдастыру.
а)Оқушыларға сыныпта қонақтар екенін хабарлау.
ә)Сабаққа зейінін аудару.
Үй тапсырмасы:
Өткен сабақта толтырылған бағалау бетшесі арқылы әр оқушыға әртүрлі тапсырма,сол себепті дәптер жинап алып тексеріледі.
II.Ой қозғау :
Өткенді қорыту мақсатында сауалнама жүргізу.
(жауабын тірек сигнал белгілері арқылы көрсету )
1.8*9=72 9*8=72 бұл көбейтудің қандай қасиеті?
а )терімділік ә) ауыстырымдылық б) үлестірімділік

2. 3-тің кубы нешеге тең?
а )27 ә)36 б)81

3.Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп,сонда шыққан көбейтінділерін қосуға болады,бұл көбейтудің қандай қасиеті?
а )ауыстырымдылық ә )үлестірімділік б)терімділік

х:8=5 бұл теңдеуде қай компонент белгісіз?

а )бөлгіш ә)азайғыш б)бөлінгіш

5.Қосындыны санға бөлу және көбейтудің неше тәсілі бар?
а ) 3 ә) 4 б) 2

III. Қызығушылықты ояту:
«Кім шапшаң?» ойыны Көбейту кестесін қайталау, еске түсіру мақсатында
1 қатар 1-ші көбейткіш
2 қатар 2-ші көбейткіш
3 қатар көбейтіндінің мәні.

IV.Мағынаны таныту:

Түсіндірме: 92*4=(90+2)*4=90*4+2*4=368
368:4=(360+8):4=360:4+8:4=92

Тақтада түсіндіре отырып орындау.

Тақтамен жұмыс:
№2 тапсырманы тақтада түсіндіре отырып орындату.
83*2 72*3
166:2 216:3

№3 есеп а)Шарты:
Шешуі:
82 км- 3 сағ 82*3=( 80+2)*3
62 км- 4 сағ 62*4=(60+2)*4
Барлығы- ?км 246+248= 494(км)

Жауабы:Барлығы 494 км.

V.Ой толғаныс.

Деңгейлік тапсырмалар:

I деңгей

1)№6 т (142бет)

2)№ 7 т (а,ә) 142-143бет

II деңгей

№3 (ә) 142бет

№2 т 3-4 бағаны 142бет

III деңгей

№4 т 142бет

36 санын 4-ке бөлінетін екі қосылғыштың қосындысы түрінде жіктеп жаз

IV. Шығармашылық деңгей:

Мақпал 14жаста ,ал Тоғжан 8 жаста.Мақпал 9жаста болғанда,Тоғжанның неше жаста болғанын тап.

VI.Лидер оқушыларды көмекке шақыру.

VII.Оқушылардың бағалау бетшесін толтыру.(Жеке оқушылардың ведомосін толтыру)

VIII.Бағалау мониторингісі.

IX. Үйге тапсырма

Х.Сабақты қорыту.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

1.Қосындыны санға көбейтудің неше тәсілі бар,ережесін айту.
2.Қосындыны санға бөлудің неше тәсілі бар,ережесін айту.

Карахметова Жаухар Тулегеновна.
Жезқазған қаласындағы №11 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Check Also

mirashbostan000

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.