Әлмеректің әйгілі гауһар тасы

…Жақаң бір күні алтын іздеушілер туралы айтып, таңғажайып гауһар тас оқиғасын баяндады.

Бір таудың шатқалында жұдырықтай гауһар тастың жатқанын біліп, оны алу үшін алтыншылар сол маңда іске кіріседі. Себебі адам аяғы бара алмайтын құз-шыңдағы “сұңқар ұясы” сияқты қиял-қылтада жатқан “Гауһар тас” өлермен қызығушыларды ақылынан адастырады. Алтыншылардың арманы өлседе гауһарға жетіп, қайтсе де оны алу болған. Жолсыз жерге сүрлеу салып, орман-ну ағашты қырқып, ағыны қатты тау өзенінен өтіп, бір күні алтыншылар түнде жарқырап сәуле шашатын гауһар тас жатқан межелі жерге де жақындайды. Күндіз сәулесі көрінбей түнде ғана шамдай жанып айналасына жарық шашатын “қасиетті тылсым” гауһар тасқа жақындап қалғанын алтыншылар сезеді. Ең соңғы күні қай тұста жатқанын айқындап, енді онда жақындаған түні гауһар тас та ғайып болып жоғалады.

Аһ, ұрған алтыншылар өң бе, түс пе пайымдай алмай дал болып амалсыз төменге түседі. Алтыншылар болған оқиға тусралы ұлты дүнген бір молдаға айтады. Молдекең жас кезінде алтын іздеу кәсібімен шұғылданса керек.

“Сендер іздеген гауһар тас бұл тауда ежелден бар. Оны алу мүмкін емес, өйткені оны перілер күзетеді. Сендердің көздеріңді байлап, перілер оны басқа жаққа көшіріп әкетті. Жалғыз сендер емес бұл “гауһар тасты” талай алтыншылар келіп ала алмай кеткен”- дейді.

Кейіннен таудағы жұдырықтай “алтын гауһарды” денелерінен қан шығарып, Құдайға құрбандық шалып, тіпті біреулері мерт болып, ежелден алтын іздеген топ жанкештілікпен алып, оны басқа жаққа әкетеді.

-Гауһар жатқан терең құз-шатқалдың іші қап-қараңғы болып, кейде адамның үрейін алатын. Сондықтан суда жатқан гауһарды алу түгілі армандаудың өзі ақылға сыймайтын еді”, – деп Маралбай аға әңгіме бастайтын. Жер-суларында алтын былай тұрсын гауһар тас бар Хантәңірі тау сілемдері таңғажайып өңір, алтын қазыналы өлке ғой.

Шығыс Түркістандағы атақты байлардың бірі патша дәрежесіне жақындаған, салтанатты сарай иесінің алтынмен аптап күміспен күптеген бөлмелерінің бірінде түнде шамның орнында гауһар тас сәуле шашып тұратын, оны терезеден байқайтынбыз, – дейтін абыз ақсақал.

Сәулелі тастың бір ерекше түрі Әлмерек Абызда да болған екен. Әлмеректің бір туар ұрпағы Құрман – Ұзақ батырдың әулетінде тәбәрік, атадан қалған мұра ретінде сақталады.

Гауһар тас үшін кезінде қалмақтармен талай қырғын соғыс болады. Оны бірде Әлмерек, бірде қалмақ ханы иеленеді. Соңынан Саурық батыр өлтірген қалмақ ханының ұрпақтарынан Ұзақ батыр тартып алады.

Жалғасқан “қанды кек” сияқты гауһар тас оқиғасы Шығыс Түркістанда өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін созылады. Ұзақ батыр әулетінде “гауһар тас” бар деген қауесет бойынша Қытай ұлықтары Кеңес Үкіметінен басып барған Әлмерек ұрпақтарының соңына түседі. Бірақ қанша сұрап, тінтіп, керек болған жағдайда күштесе де ата аруғына табынатын баба ұрпақтары мұрадан айырылмайды.

Елуінші жылдары бұрынғы босқындардың елге қайтуы басталғанда Ұзақ батыр ұрпақтары да Ата жұртқа бет түзейді. Шекрадан өтеді. Қандай амалмен алып өткені әлі күнге құпия – Қаріпбек атты азамат гауһар тасты ата жұрттағы Әлмерек ұрпақтарына жеткізеді. Гауһар тас Әлмеректің тікелей ұрпағы бір баласына “Әлмерек” деп ат қойған ұстаз-оқытушы Тәліп Мұсақұловтың қолына тиеді. Гауһарды ұстап көрген Тәліптің бауыры Бақыт еген баба ұрпағы еді. “Үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай аспан түсті гауһар тас айналасына сәуле шашып тұратын”,- деп баласы Жанатқа талай рет айтып есіне салады. Әлмерек атадан қалған тәбәрік -деп немере туыстарына да айтқан.

Қонаев әруағына тағызым еткен Әлмерек әулиенің қасиеті жайлы әңгіме таусылмайды. Одан қалған Гауһар тасқа қатысты “тылсым тәмсіл” осындай. Айналасына жарық шашатын гауһар тас асқан байлар мен ұлы патшаларда ғана болған. Абыз алтын аса таяғын, жарық шашқан гауһар тасын ұстап ордада “алдымен Құдай қолда, тәңіріп жарылқа” деп сөз бастап өсиет айтады екен. “Ошақтың үш аяғындай үш жүз бірге болса, Қазақты жау ала алмайды” деген өсиет Әлмерек әулиеден қалған. “Бақ-дәулет бірлікте, атқарылған тірлікте” деген тәмсіл иесі де осы жарықтық екен.

Әулиенің ұрпақтарына қалдырған гауһар тастан басқа тағы екі киелі заты бар. Оның бірі ұстаған – Құраны, бірі өзінің “қара ошағы”. Ұрпақтарының жер ауып көшуіне байланысты Әлмеректің “қара ошағы” қазір Райымбек ауданындағы бір әулетте сақтаулы тұр.

Әулие әлмеректің басына Димекең бала кезінде 1921 жылы келген. Ұлымен бірге жол жүріп бара жатқан Меңліахмет қария жолай әулие басына соғып құран оқиды. Әкесінің кесене басында әулие жайында айтқаны Димекеңнің есінде мықтап қалса керек. Өйткені әулие жатқан қазіргі Покровка (Іле ауданы) кентінің күншығыс жағы ежелден “Әлмерек қорым-сайы” деп аталады. Жалпы әуежайдан бастап қазіргі “Әлмерек тоғанына” дейінгі кең алқап, бұрынғы Гагарин ауылы түгелдей “Әлмерек” аталған. Сондықтан әулие жатқан жер деп ертеде осы жазықтықта тасаттық берген.

-О, баста Әлмеректің өзінде болған, кейіннен ұлы Құрманның ұрпақтары арқылы Ұзақ батырдың әулетінде сақталған “гауһар тастың” әлемді шарлап, соңында әулие ұрпағының біріне жалғасып, Тәліп атаның қолына тиуі – қайран қаларлық оқиға. Әулие рухына байланысты бір оқиға осындай.

Ораз Қауғабай, жазушы.


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.