Жазық фигура ауданына есептер шығару.

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі Такишева Айгүл Сырымбетқызы

Сабақтың тақырыбы: Жазық фигура ауданына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың фигура түрлері , олардың қасиеттері туралы алған білімдерін жүйелеу, есеп шығаруда қолдануға дағдыланады.

Сабақтың міндеттері:
1.Мазмұнға байланысты:Төртбұрыш түрлері , олардың қасиеттері туралы алған білімдерін есеп шығаруда қолданады.
2.Сыни ойлауға байланысты:Ойланып шешім қабылдайды , өз бетерімен ізденіп қорытынды жасайды.
3.Топпен жұмысқа байланысты:Топпен жұмыс жасайды, бір-бірін тыңдау арқылы өзгенің пікірімен санасады.

Сабақтың типі: Қайталау.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы: І.Қызығушылықты ояту

1.Ұйымдастыру (сабақ мақсаты,…)
2.Үй тапсырманы тексеру Сұрақ- жауап стратегиясы:

Сұрақ:* Біз өткен сабақтарда қандай фигуралармен таныстық?

Оқушы жауабы :
(Сәйкес интерактивті тақтадан параллелограмм,трапеция, үшбұрыш сызбалары алынады). Әр оқушы өз дәптеріне қайталауға берілген кестені толтырады.

• ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ДИКТАНТ (5-слайд, 1 мин)

Тақтаға 1 оқушы өз жауабын, ал қалғандары дәптерлерімен ауысып бір-бірін тексереді ТАҚТАДА КІЛТІ БЕРІЛЕДІ (6-слайд, 1ұпайдан) Осы барлық фигураларды біріктіретін белгі қандай? (барлығы төртбұрыш)

• ФИГУРАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН, БЕЛГІЛЕРІН ҚАЙТАЛАУ жұппен жұмыс (7-слайд әр жұптан бір оқушы тақтада қасиетаін, белгісін көрсетеді, дұрыс жауап жұпқа бір ұпай)
• ФИГУРАЛАРДЫҢ ІШІНЕ АУДАНДАРЫН ЖАЗ (8-слайд, биіктіктерін көрсету)
• Есептер шығару: Деңгейді өзің таңда
• Бірінші деңгей карточкалар(бағасы «3»)
• Екінші деңгей №1және180, (бағасы «4»)

Берілгенін дұрыс жаз және есепте
• Үшінші деңгей №181 және №182 (бағасы «5»)

Сызбаны аяқта және берілгенін жазып, есепте

«Ой толғаныс» сатысы: АВСД параллелограмның периметрі 81см, ал АВ = 13см. ВС табыңдар. (27,5)
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.(6)
Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар. (138)

• Математикалық сұрақтар (әр топқа жеке сұрақтан)
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
***
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
***
1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

• Бүгінгі сабақты қорытындылап, бағалау:
• Үйге тапсырма беру №172, 182

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

2 комментария

  1. достар геометриядан есеп шығруға көмек тесіндерш

  2. достар геометриядан есеп шығруға көмек тесіндерш

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.