Әлмерек ұрапақтары: Жәлел Айдарханұлы. Албан тарихы.

Атамекен-Ай журналы.  №7 – 2005 Жәлел Айдарханұлы

Қытай мен Қазақстан сияқты екі бірдей мемлекетте ғұмыр кешкен әйгілі ақындарымыздың бірі-Көдек Байшығанұлы (1888- 1937). Осындай екі елге ортақ Көдек ақынды, әсіресе, Қытай казақтары ерекше құрмет тұтып әспеттеп отыр. Сонау 1980 жылдардың ішінде Шыңжаң Халық баспасында ақынның екі бірдей өлеңдер жинағы Т. Қабаев басшылығымен араб харпінде (төте жазу) кітабы болып жарыққа шықты. Көдектің кім екенін білмейтін арамызда ағайындар көп. Алғаш баспасөз бетіиде (“Қазақ, әдебиеті” газ. І980 ж 4 сәуір ) Р. Бердібаевтің қысқаша таныстыруымен өлеңдерінен шағын үзінділер ғана басылды. Бізде Көдектің біршама өлеңдері баршылық. Кейбіреуі мүлде жарық көрмеген. Олар:”Диқанбай батырға жоқтау”, “Шығыпты үзақ батыр Құрмандағы” т.б. туындылырымен қатар «Албан тарихының» толық нұсқасы көп жылдан бері қолымызда сақталып келеді. Соңғы аталған “Албан тарихының” бір тең жартысы (бір талай үзінділері) окырманға жақсы таныс. Сондықтан толғау-дастанның толық мәтінін көпшілік қауымға қайта бір ұсынғанды жөн көрдік. Бұрынғы басылымдарда жаңылыс кеткен, орын ауысып өзгерген кейбір сөздер мен сөйлемдер түзетіліп, көптеген жаңа шумақтарға толып отыр

Албан тарихы

Молда айтар артық сөздің күнә екенін,
Абайла өмір жатық, өр екенін.
“Құдай біреу, құдай шын, пайғамбар ақ
Дегенді ұмытпайық бар екенін.
Расуылдың төрт жарын білесіздер,
Түбірлі дінге мұра бел екенін.
Туылған Хадишадан Бүбіфатима
Қызырлы пайғамбардың қызы екенін.
Құранның тафсірінде айтады оны,
Сиынар әйелдердің пірі екенін.
Айтайын Хасен мен Құсайынды,
Біледі ел сол кісінің ұлы екенін.
Пайғамбар әр сөзіңде айтпады ма,
Бұлардың жаралысы нұр екенін.
Әбзелі он екі айдың Рамазан,
Ұлығы жеті кұннің жұма екенін.
Жаратқан он сегіз мың бұл әлемде,
Ең көбі жер-жүзінің су екенін.
Байқар деп жанындағы жаңылғанды,
Қалыс қып ұстайды екен бір-екеуін.
Көңілі тұнық кісі үғынады,
Сөзімнің алтын сырлы бу екенін.
Ұраны аты шыққан бес аймақта,
Ел білер Текес пенен Іле екенін.
Аралап көрмесек те естіп жүрміз,
Тып-тыныш қызырлы ну екенін.
Бұл жаққа орыс елі үркіп келді,
Кеткені осы емес пе берекенің.
Бұдутың дейтін бір ұлығы бар,
Білмедік алғашында кім екенін.
Іштен шалып шалқадан түсіретін,
Байқаймыз алдамшы бір қу екенін.
Қырылып дүнген болса былай қалды,
Түлкіге тастағандай у екенін.
Тасыған терең судай заманың бар,
Кім қалып, құдай білер кім өтерін.
Аңғары сол өзеннің тарылса егер,
Біреудің біреу ұстар түп етегін.
Үлкен аға, кіші іні оқысын,
Жазайын жаңа нұсқа бір-екі өлең.
Бұл жалған жұлдыз екен ағып өткен,
Жандарға бұғальіғы салып өткен.
Бұрынғы бідерменнің сөзі нәрлі,
Ойынмен тамашалап сауық еткен.
Бір қатар замананы біз де көрдіқ,
Уағында Мекалайдың тәуір өткен.
Саялы бүрлі ағаштың тамырындай,
Сән құрып салтанатты ауыл өткен.
Мысырдың шәрісіндей қызыққуған,
Сол заман ойлап тұрсам неғып өткен.
Дүние келерінде қызықтырып,
Құлазып кетерінде сәні кеткен.
Албанның қызыр шалған баласы екеу,
Уылып Шыбыл менен Сары да өткен.
Шегі Көктас, Тау-Шелек; Асыменен,
Баласы қызыл қоңыр ары кеткен.
Сарының бел баласы бұл да екеу,
Сүйеркұл, Таубұзардай нәнің өткен.
Тараған Сүйерқұлдың төрт баласы,
Екеуі қоныс алған арғы беттен.
Бір-екі Қожабанбеттің ұрпағына,
Қошқар мен Көміршінің сазы кеткен.
Досалы, Шоған дейтін екі ұлына
Байынқол, Үш-Кдқпақгың тауы кеткен.
Айт, Бозым-Сүймендіден таралады,
Бұлар да жердің жүзін алып өткен
Бір қызы Қарашаштан Қыстық туған,
Осылай түсінеді парық еткен.
Өркені тамырлаған бүрлі ағаштай,
Бозымнан: Сары, Шобал,Жаншық өткен.
Сары би заманында билік нұрын,
Жаншықты кызыр атаң Шалып өткен.
Жаншықтан Әлмерек пен Олжай туып,
Әлмерек батыр екен бағы өктем.
Білеміз Айт баласы төртеу екен,
Азырақ кұлақ салып сабыр етсең
Таңатар бәйбішеден жалғаз туып,
Мол жағы тоқалына ауып өткен.
Бидайшы Таңатарға еншілес ұл,
Осылай деп айтады тарих өткен.
Түгендеп бәрін айту қинырақ,
Қаншама жер бетінен халық өткен.
Жалғаның жарығы кең, опасы тар,
Төмендеп бірден-бірге қалып өткен.
Албанның атақтысын бір берейін.
Қолайлы ел-жұртына жағып өткен,
Айтайын жаманын да жасырмадым,
Атаға жаман атақ тағып өткен.
Қалы бар жотасында нышаналы,
Мәмбетті шоған абыз бағып өткен.
Мәмбеттен бері қарай Алжан тарап,
Жайылып құйрығы мен жалы еткен.
Алжаннан Райымбек батыр шығып,
Қақ бөліп қара суды жарып өткен.
Атаның әруағынан айналайын,
Ұраны көңілімізді жарық еткен.
Туылған сол атадан талай мықты,
Санаулы күні бітіп бәрі де өткен.
Жаңғабыл бір тұқымы даңғыл шешен,
Жүйріктің біреуі еді кәріп өткен.
Алдына жан салмаған ақ тұйғыным,
Жүріпті-ау Көкшолақпен жалы кеткен.
Төменгі Қызыл, Қоңыр баласында,
Мәсімбай, Мейірмандар бәрі де өткен.
Атанған Қызылбөрік Мақсұт батыр,
Кесірді бір кісідей салып өткен.
Әкесі Қожамқұлға ас бергенде,
Аямай мао мен басты сарып еткен.
Барлығы он бір атқа бәйгі тігіп,
Еліне қазақ, қырғыз сауын еткен.
Үш атқа адам тіккен отауымен,
Болар ма мұнан артық қаны кепкен.
Қызылбөрік-Ерсары, Айт-Ниязбек,
Жан дейді анық қызыр шалып өткен.
Бай болған өз тұсында озып шығып,
Жылқының бәлең мынға саны жеткен.
Билеген жәрменкені Уәлібай,
Жүз атқа бір ішікті нарық еткен.
«Ерекше, нысапсыздық бағасы» деп,
Жұртшылық жаға ұстап тарлық еткен.
Баласы Ниязбектің Сәрсенбай кеп,
Осыны жүз ат беріп алып өткен.
Солтанқұл, Сұлтанбектер озған жүйрік,
Дуанға белгілі екен мәлім өткен.
Билікті біле істеп Жетен шықты,
Ішінде Айт елінің Қалыбектен.
Алдына келгендердің ақ, қарасын,
Айырып тілектерін қабыл еткен.
Туғанға бұрмайтұғын туралығы,
Тұйғындай топты жарыап толып өткен.
Жолбарысты түбектей үштің бірі,
Атанған ер Оразай Сарың да өткен.
Қырғызды күнде шауып, қойдай қырған,
Өтіпті Пұсырман ер Жәнібектен.
Айттағы-Сайыебөлек, Құрманда-Алпар,
Бұларды туа қызыр шалып өткен.
Тілегі заманында қабыл болып,
Жансерке, Ниязбектей әжі де өткен.
Қыпшақтан Шойқы молда дара шығып,
Жасынан ілім жолын бағып өткен.
Ағымсары, Шажаны араласам,
Кісі екне Иса болыс нәзік өткен.
Жоталап Жарты жаққа бұрылайын,
Бөктері тұра тұрсын Қалжат, Кетпен.
Құлтелұлы Сұраншы, Иманбектер,
Кісі емес маңдайынан бағы кеткен.
Көзден кетсе көңілден болады ұмыт,
Бұл заман өткіншідей жауып өткен.
Қосқұлақ, Қырғыз бенен Бақай болыс,
Отындай найзағадай жарып өткен.
Күнгейдегі Қожбанбает баласында,
Түгелбай,Сыпатайда танып өткен.
Тұрсынды түгел билеп дәурен кешкен,
Бай болып, Бағы жанып Шару да өткен.
Бір аттап одан бері төмендесіп,
Ұйтқысы Орынбайдың Алпар өткен.
Кәрібоз Киікбайдан шыққан молда,
Ниеті адам екен қабыл өткен.
Сыртынан естуім бар, көргенім жоқ,
Жылқыбай кісі дейді әділ өткен.
Албанның бақ қонған баласындай,
Бекбайдың уыздығы дарып өткен.
Ұйытқысы Саурық батыр болған екен,
Қалмақтар заманында алып өткен.
Баласы Саурқтың Ұзақ батыр,
Отында Қарақолдың жанып өткен.
Бұларджың әңгімесін тыңда тағы,
Ілгеріде шежіре ғып жазып өткем.
Қан төгіп Қарқарада, түрмелерде,
Ордалы жылан болып шағып өткен.
Бұл кездле Албандағы жақсы-жайсаң,
Ұсталып Қарақолға бәрі кеткен.
Түрмеде Жәменкеге у беріпті,
Сексенді еңсергенде қалы кеткен.
Сүйегін сұрағанда бермей қойып,
Бәрінен қорлығы сол зары өткен.
Жол брерген Албан-Бұғы, Ұзақ батыр,
Төгіліп барлығының қаны кеткен.
Құрманнан Кәрібоз бен Сыбан құлдар,
Азулы Әубәкір бар Жәнібектен.
Бекдайыр, Зада менмен Құүдиярбек,
Жәнпейіс, Нөке кетті Қазыбекпен.
Ең жасы Білөл, Құрман, Әбдіғалық,
Өзгесі кұмарьвдан канып өткен.
Әжіге тартып туған Тұрлығожа,
Құлаштап сермегенін алып өткен.
Тірі кеп Қарқарадан кейін өлді,
Күні біткен күнде өлер наны біткен.
Серікбай, Жайшыбек пен Жаңабай бар,
Жалпылай он сегізге саны жеткен.
Бұларды бірақ күнде қырып салды,
Болар ма мұнан артық қаны кепкен.
Пендесін алдап жүрген қу дүние,
Жылтыңдап жылдан-жылға жанып өткен.
“Тұлпар аунап орнында түк калады”
Диқамбай, Шомбал еді ауыр өткен.
Алланың жазуымен болған шығар,
Отряд мал мен басын шауып өткен.
Кейінгі жақсылар мен ауқаттылар,
Калғаны төңкерісте бәрі кеткен.
Сақаудың-Мергенбайы ер-ақ еді,
Кәрілік науқаспенен әлі кеткен. ,
Өскембай, Жайшыбек пен Әбдірешті,
Қысымға ап қырсық өзі шалып өткен.
Бұрынғы Мекалайда болыс болған,
Ұсталып Дәмен кетті Әділбекпен.
Исасы Бірімбайдың анау болды,
Бұралқы, Балапан жүр Қабылбекпен.
Айттағы Рахымбай ол да ұсталып,
Сатылған, Сәрсенбайлар қалып өткен.
Мәсімбай айдауменен қаза болды,
Жарамас одан ершен ары кетсем.
Бұрынғы берекенің бар кезінде,
Халықтың қабырғасы жабық өткен.
Тозған-ай қайран еелдің бірер жылда,
Шөбіндей теріскейдің қабы кеткен.
Еліміз балшебйкке қараған күн,
Өрт шалған торғай құсап сәні кеткен.
Қыршаңқы қызыл шұнақ ат сияқты,
Сымпиып құйрығы мен жалы кеткен.
Бас-аяғы ауру болғаннан соң,
Қурады ірің өрлеп балық еттен.
Төрт көзі түгел тұрса ел ішінде,
Қолынан ештеңе емес малы кеткен.
Жұмыстың бақшаланған біреуі жоқ,
Араның шелегіндей балы кеткен.
Сұрақшы осындайда болады екен,
Әйтеуір бұқараға әлі жеткен.
Тыңдасақ орыс елінің әңгімесін,
Сорпабай тұз салмаған дәмі кеткен.
Шалдығып қашқан байғұс сүрініп жүр,
Болдырған арық малдай әлі кеткен.
Тамақ үшін жалданған малайлар көп,
Секілді құры сурет жаны кеткен.
Теректей қазандағы дауыл ұрып,
Астықтай үсік шалып әрі кеткен.
Албанның бетке ұстарын үстіп құртты,
Жоқ екен бір жапырақ әзілеттен.
«Тері ішінде бір азып, бір семірер»
Деген сөз осы екен ғой кәріп өткен.
Арманым айта берсем тасылмайды,
Бұрында біраз жайды жазып өткем.
Тай басып ат тұяғын, түбін берсін.


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.