Әлмерек ұрапақтары: Ұзақ батыр.

Жас алаш №62. 2 тамыз 2007.

Сағатбек Медеубекұлы.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ұлы Мұхтар Әуезов әйгілі «Қилы заман повесінде: «Кішілеу дөңгелек денелі, бурыл сақалды ер Ұзақ қажымас қайрат иесі, ержүрек батыр иесі болатын»,- дейді

Мұқаңның «Қилы заман» повесіндегі тарихи шындық пен көркемдік шындықтың ара-қатынасын арнайы зерттеген ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбай: «Отаршылдық және әкімшілік қанауға ғұмыр бойы қарсы күрескен Ұзақ Саурықовтың тарих аренасына шығуы-тарихи қажеттілік. Халық оны сол өжет қимылы, өткір мінезі, ел үшін көрсеткен қайраты үшін Батыр атады. Бұл сыйымды ұтым болатын. Ұзақ Саурықовқа патша заңының он шақты тармағы айып ретінде тағылып, үш рет сотқа тартылған. Қамуда отырған. Түрменің азабы, оның ішінде бұратана халықтың өкіліне көрсетілген жәбір-жапа тозақпен тең болатын. Соның ешқайсысына мойымаған және түкпі күрес мақсатынан ауытқымаған, ақыры ел үшін құрбан болған Ұзақ-шынында Батыр атағына сай, солай аталуға тиісті тұлға»,-дейді.

«…Ұзақ –аласа бойлы, ақсары өңді, қой көзді, маңдайы кең, төбе сүйегі қырланып келген мінезді адам»,- дейді немере інісі Әліхан Тобажанов өз естелігінде.
« Жасы – 65 жаста.
Нәсілі – қазақ.
Губерниясы – Жетісу.
Уезі – Жаркент уезі.
Болысы – Құрман болысы.
Ауылы – 1-ауыл.
Тұрақты мекен-жайы – көшпенді.
Туу заңдылығы – некелі.
Діні – мұсылман.
Білімі – сауатты.
Отбасы – үйленген, 7 баласы бар.
Айналасатын кәсібі – мал шаруашылығы…» – деген ақпарат береді 1916 жылы 5 тамызда толтырылған Пржевальск уезінің 3-бөлімшесі сотының хаттамасы.


Ұзақ батыр.

Адам жеке басын қорғағаны үшін батыр атанбайды. Қарақа басының қамы үшін қан төккен адам сотқар, бұзық, тентек аталады. Ал Ел мен Жерге қауіп төнгенде, халық тағдыры, ұрпақтың болашағы қыл үстінде тұрғанда, бар жауапкершілікті мойына алып, қорған болуға бірінші ұмтылатын және сол ұмтылысыммен өзгелерді соңына ертіп, жеңіске жетелейтін жүректі де ақылды адам нағыз батыр атанады. Оның бұл ісі бір емес, бірнеше рет қайталанғаанда батырлық беделі бұрынғыдан да арта түседі. Ондай адамның ақыл- есі өзгеден озық, ұлттық рухы биік, халықтық санасы жоғары болады.

Халық Сауырықтың ұлы Ұзаққа тірі кезінде-ақ батыр атағын беріп қойған. Оның қандай себептері бар еді? Басқаша айтқанда, Ұзақтың «батыр» атануына қандай негіз бар.

Бірінші – тарихи-генетикалық негіз. Мұны табу үшін Ұзақтың ата-тек шежіресін тарқатып көрсеіңіз болады. Әлмерек – Құрман – Қара – Орынтай – Түменбай – Алпар – Саурық – Ұзақ. Арғы атасы – Әлмерек. Бүкіл қазаққа белгілі әулие әрі батыр. Райымбек батырға бата берген бір тайпа елдің батагөй ақылшысы. Кесенесі Алматы қаласының түбіндегі Покровка селосында. Бүгінде аруағына бас иіп, тәу етішілер бір күнде таусылмайды. Әлмерек бастауының суын дәрулікке, емнікке пайдаланады.

Одан бергі атасы –Құрман. Былайға жұрт «қабырға жетпес қара Құрман» деп атап кеғткен өскен, өнген бір рулы ел осы кісіеің есімімен аталады. Келесі атасы – Түменбей. Бұл да қол бастап, ел қорғаған батыр. Оның атымен аталған жер-су аттары Қазақстан картасында белгіленген. Кеген ауылының шығыс жағындағы «Түменбай бұлағы» ежелден бар және сол бұлақтың қасындағы ауыл осы кічінің атымен құрылғалы бері аталып келеді. Сонда бейіті жатыр. Бергі атасы – Алпар. Бұл да орыс отаршыларына да, Қоқан қысымына да, Қаламақ шапқыншылығына да, өз елін берме, ат үстінде өткен ер еді. Өз әкесі – Саурық. «Отар ел болмаймыз» деп Тазабектермен бірге көтеріліске шыққан, жер бермейміз деп Колпаквскийдің отрядына қарсы соғыс ұйымдастырған батыр болатын.

Осындай әулеттен шыққан Ұзақтың батыр болмасқа қандай реті бар еді? Осы жерде ақын-жыраулардан жеткен қанатты сөз еске оралады:
Бірде Бұқар жырау:
«Жаманнан жақсы туса да,
Жақсдан жаман туса да
Тартпай қоймас негізге», – депті.
Ендеше, Ұзақ – жақсылардан жақсы, негізіне, тегіне, қанына тарта туған ер еді.

Алайда, батырлық ождан қанында бар Ұзаққа халық «аталарыың батыр еді, сен де батыр атана сал» деп жайдан-жай «батыр» атағын бере салмайды, әрине.
Олай болса, Ұзақтың «батыр» атануына тағы бір негізі қайсы?

Ол – тарихи-әлеуметтік негіз. Әрбір тарихи тұлғаныең әуелі өскен орта қалыптастырады. Ұзақтың туып-өскен әулеті батырлар әулеті екенін жоғарыда айттық. Бірақ, бұл толық қанды батыр атануына аздық етеді. Қанында батырлық бар азаматтың бәрі Ұзақ секілді биікке көтеріле бермеген. Ұзақ секілді халық сүйген батыр атану үшін ол әу баста көпшіл, халықшыл болып қалыптасуы керектұғын. Бұрынғы көшпелі қазақтың өмір сүру тәртібі мен тәжірбиесін еске алсақ, олар санына қарай тайпа ішінде ру, ру ішінде әулет, ауыл-ауыл болып қатар қоныстанып бірге өмір сүрген. Ұзақты бесікке бөлеген әулетті алсақ, бір атадан, яғни Алпардан тараған нытымағы жарасқан он төрт ағайынды (Іріпбай, Саурық, Сәске, Шалданбай, Оспан, Қияс, Маймақ, Қоқымбек, Жазықбек, Шалтабай, Көккөз. Қиял, Сүйін, Итбек) бірауыл болып шаырақ көтеріп, көш түзейтін. Өзі де бес ағайынды (Түнқатар, Ұзақ, Құдайберген, Кекіл, Қожаберген) болатын. Солардың ортасында тәлім-тәрбие алған Ұзақтың бауырмал, елшіл, қауымшыл, бірлікшіл болатыны сондықтан. Есейе келе ел мен жер үшін бәрі бірдей атқа қонатын әкелерін көрген Ұзақ халықшыл болмай тұра алмайды.

Ұзақтың әкелері өзге рулас, тайпалас елдің өздеріндей ой бастаған көсемдерімен, сөз бастаған шешендерімен тонның ішкі бауындай бірге жүрді. Мысалы, Қожеке, Жанпейіс, Диханбай, Жанғабыл, Тазабек, Ердене, Қожагелді, Қожамқұл, Қанай, Қашған, Жәмеңке сияқты ел басында жүрген игі жақсылардың елдік мәселелерде жұдырықша жұмыла былайға Қазақ пен Қырғызға айбын әрі үліге болды. Шекараның өтінде тұрған елге арғы жағынан қалмақ пен қытай анталаған мына жағынан орыс отаршылары ойрандаған қиракезік заманда ауыл арасында жер дауы, жесір дауы, барымта-сырымтаға жол берілмеуі солардың татулығынан еді. Ұзақ осы ортаны ңала қазанында қайнайды. Яғни, нағыз батырда болуға тиіс елжандылық, жерсүйгіштік, доспейлідік, қаситеттер Ұзақтың осы қазанның сорпасымен бірге сіңді.

Дегенмен Ұзақ батырдың даңқын бұл қасиеттер де толық аша алмас еді. Ұзақтың батыр атануына бастысы – саяси-әлеуметтік себептер негіз болған еді.

Патшалық Ресей қазақ халқына геноциттік саясатты бірте-бірте жүргізіп келе жатты. Әуелі ақындардың айтқандарын еске алып көрелік:
Талды дұлақ, Көкқырқа,
Қызылқия белді алды.
Бағанмен тірек тірелген,
Шаппатұздай кенді алды.
Қарабұлақ, Саржазық,
Тенкесті де енді алды.
Ойқарағай, Дартамды,
Үшқақпақ деген төрді алды.
Есекартқан, Сүмбемен
Қоныстың шеті өрді алды.
Жақсы жерден айрылып,
Қысылмаған нең қалды? – демеп пе еді Асан молда Бәрмембекұлы атамыз.

Осындағы айтылғандар айдай ақиқат-тұғын. Шындығында, 1864 жылдан кейін-ақ отралау одан сайын үдете жүргізілді. 1867 жылы патша үкметі қазақтың барлық жерін өз илігіне алғаны жөнінде құжат қабылдады. Арнапйы жабдықпен «Жер қроы» құрылды. Бұл қорға қазақтың кенді, шелді, шұрайлы жері түгел тартып алынды. 1889 жылы арнайы заң шығарылып ол жерлерге Ресейден жер аударылған орыс мұжықтары қоныстандырылды. 1891-92 жылдары келмсектер көбейді. Бұл процесті үдете түсу үшін патша үкметі 1904 жылы «Село тұрғындары мен диқан мещандарының өз еркімен қоныс аудару туралы» тағы да заң шығарды. Осы заңның аясында қазақтан тартып алынған жерлерге келмсектерді орналастыру үшін «Қоныстандыру қоры» құрылды. 1906-12 жылдары бұл өлкеге ауып келгендер саны бұрынғыдан да артты да, жергілікті тұрғындар өз атамекенінен айырылып, амалсыз орыс мұжығына жалданатын болып қалды. 1913-15 жылдары Байынқол, Текес, Қақпақ, Сарыжаз, Шәлөлке, Қырғызсай, Жалаңаш, Кеген өңірлерінде ең құнарлы егістік пеншабындық казак-орыстарға күшпен кесіп берілді. Қарқара жайлауы садагерлердің,орыс көпестерінің малы жайып тұруға алынды. Қарқара жазығы көпестерінің иелігіне қарады. Жерді түгел алған соң ол жердегі елді қайтпек? Елді құлдыққа салу, көбнеме, жерден бездіру керек. Ол үшін саяси езгіні күшейтті. Әуелі қазаққа саяси билік берілмеді. Өзіне өзі қожа болудан қалды. Онымен қоса өз мүлкіне өзі ие болудан айырылды…. Осының бәрі тұла бойында атадан дарыған елдік намыс, ұлттық рух, батырлық ождан, азамматық ар тулаған Ұзақты тыныш жатқыза ма? Жоңғарлардан әрі де Әлмерек, беріде Түмен бай аталары азат етіп берген жерге енді орыс келімсектері қоныстанған соң қазақ елінің, жғрінің азаттығы үшін күрескен Саурық әкесінің асыл арманы аяқсыз қала ма?! Ата-бабалар аманатындай болып санасына сінген азатшыл рух Ұзақты атқа мінгізді.Ол бірде-бір ұлыққа мойынсұнған жоқ. Ұзақтың аталары «патшалық Ресейге қарадық» деп 1964 жылдары ғана амалсыз құжатқа қол қойғанмен, өмірінің соңына деыін отаршылдық саясатқа қарсы күресіп өтті. Осы күрескерлік рух Ұзақ арқылы Қарқары елінде оқтын-оқтын бас көтеріп жатты.

Өйткені Ұзақ секілді ұланның бойына құлдық мінез әлі дарыған жоқ болатын. Орыс патшасы әскери бекінісін салып, ережесін там-тұмдап енгізе бастағанмен Ұзақ айналасы әлі де бостан пейіл, еркін құлықта еді. Сондықтанда өзінің күрескерлік пиғылдағы көшбасшыларыдың бірі ретінде биліктен тәуелсіз ұстаған Ұзақ қара халықтың ортасында өжет, батыл мінезімен көріне бастады. Бір-екі мысал. 1894- жылы 14 мамырда Ресей патшасы жарлық шығарды. Бұл жарлық негізінде ауадан басқаның бәріне салық төленетін болды. Барлық табиғи байлық империяның қазынасына берілді. Мұны сауатты, көзі ашық Ұзақ қабылдамады.Салық төлеуден ашық бас таррты. Сондай әрекеті үшін 1896 жылы 26 ақпанда екі жылға бас бостандығынан айырылды. Босағаннан кейін де Ұзақ айналасына патша жарлығын орындамау үгітін жүргізеді. Сол себепті қамамақ болған полиция өкілі Прусаков пен Беделбай деген болысқа қарсы шыққаны үшін (сот хаттмасында «өлтірем» деп кездік ала жүгіргені үшін) 1899 жылы 27 қаңтарда екінші рет түрмеге жабылды. Осылайша патша манифестін орындаудан бастартып, өзгелерді үгіттегені үшін Ұзақ екі рет сотталып, 1902жылы желтоқсан айында ғана бостандыққа шығады.

Ұзақтың мінезі үкметке ұнамағанымен, қалың бұқараға ұнайтын. Ұнайтыны – Ұзақ халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, басын бәйгеге тікті. Сол үшін де оны ел сүйді. Шын мәнінде оның ұлыққа қарсы шығуы – тікелей патшаға қарсы шығу еді. Мұны түсінгендер Ұзақтың батылдығын батырлыққа балай біліді.

Батырға тән тағы бір қасиеті – жүректілік еді. Бұған да бір-екі мысал келтіре кетелік. Қарқара жайлауының төріндегі Таңбалы таста Ұзақ ел жақсыларымен бір жиында елдік мәселелерді шешіп жатқанда шақырусыз Жақыпберді мерген кіріп келіп босағаға отыра кетіпті. Жас жігіттің өңін шырамытқан Ұзақ:
– Сен кімсің? – депті.
– Сіз кімсіз? – депті Жақыпберді таныса да танымаған болып ерегесіп.
– Мен – Ұзақ батырмын, – депті.
– Ұзақ батыр болсаңыз бөркіңізді киіп сыртқа шығып қарап тұрыңыз. Менің кім екенімді сонда білесіз – деп сыртқа шығып атына міне сала теріс бұрылып бара жатыпты. Үйдегілер мынау Әубйкірдің баласы Жақыпберді мерген ғой десіпті.
Батырды намыс буып сыртқа атылып шығыпты. Қараса әлі жас жігіт ұзап бара жатыр.
– Әй, қайда кеттің? Мен щықтым міне, тұрмын міне – депті қасқайып.
Жақыпберді бұрылғаны сол екен Ұзақтың басындағы бөркі ұщып түсіпті.
– Әй мынау шынымен қолмерген екен – депті Ұзақ бөркін киіп жатып.

Жақыпбердіні адам жіберіп ауылға шықырып, қой сойып қонақ етіп жіберіпті. Бірде баласы Рүсембай екеуі Қарқара жайлауында келе жатса, алдарынан патшаның екі солдаты шыға келеді де, бұларға:
– Аттас түс. – дейді.
– Неге? – дейді Ұзақ.
Солдат:
– Патша ағзамның жарлығы бойынша сен бұл атқа мініп жүруге тиіс емессің, бұл ат енді үкіметтікі, – дейді.
– Астымдағы атымды алатын патша мені шешем Қолаңнан тудырып алып па еді? – деп, қамшымен екеуін екі осып, аттан аударып алып, аттарын жетелеп апарып ақжелкенің (пристав Подварковтың) есігінің алдына байлап кетіпті.

Ұзақ осындай жүректілігіне әділетшідігі, шыншыншылдығы қосылып, оның батыллық тұлғасы ел алдында сомдана түседі. Бұған бір мысал; «Жирен ояз ел партиясының үстінде – таңан кісіңді сайлаймын» деп Ұзақтың атақты саржорға атын алып, дәл сайлау күні қарсы жақтың шарын асырып жіберіп, батырды алдауға айналған сонда Ұзақ топ алдына шығып:
– Олай, кеше параға алған атымды бер, көзіңіді… – деп келіп, бастан қамшымен тартып жіберіп, белден атын шешкізіп алып жүріп кеткен.» (Әуезов. М. Қилы заман. «Ан-Арыс» баспасы. 2006, 104 бет).
Ұзақ патшаның екі сөйлегенін қабылдай алмай қарсы тұрады.
– Тақсыр, біздің Жетісу албаны, дулаты болып 1864 жылы патшаға, сіз сияқты ұлықтарға, әділ патша, тәртіпті ұлық деп қарадық. Сол уақытта «қазақтан солоат алмаймыз, салық аламыз, түтінге 1 сом 20 тиыннан» деп қол қойған. «Патша әділінен тайса тақтан түседі» деген. Соғысқа бармақ тұрмақ жұмысқа да жарамайды. Сондықтан, біздің қазақ патшаның ант қөазағы бойынша уәде бұзып, бір бала да бере алмаймыз»,- дейді. (Іргебай Дәлденбайұлының естелігінен).

Әсіресе билік иелерінің екіжүзділігіне төзіп тұра алмайды:
– Ұзақ, сен сөзді қой, бала беремісің, жоқ па? – деді ұлық. Сонда Ұзақ тұрып:
– Әй, ұлық, осы алған балаларға не істемексіңдер? – деді.
Ұлық:
– Балалар солдаттың ококбын қазады. Соғысқа кірмейді, – деді. Сонда Ұзақтың қаны қайнап, жұлып алғандай, орнынан тұрып:
– Сен, осыны айтып тұрған ұлық, былшылдапсың! Хан әділеттен тайса қара болады! Тым болмаса қолына жабдық бермей, гүрзінің аузына тығамын – дегенің әділеттен тайғаның емес пе? Мұны айтқан ұлық, былшылдапсың! – үш рет жүдем-жүдеме боқтап жіберіпті (Додабай Сәрсенбайұлының естелігінен.)

Ұзақтың осындай қасиеттері жинақтала келе оны бірте-бірте биік тұғырға көтере түседі. Елі үшін ер боп туған азаматтың батырлық болмысы әйгілі ұлт-азаттық көтерілісте анық ашылады. Ойлап көріңіз, 25 маусымда патша жарлық шығарады. Бас-аяғы тоғыз күннің ішінде, яғни 6 шілде де 16 болыс Албан елінің бас көтерерлері Ақбейітте жиналып мәмілеге келеді. Жиынның басында Жәмеңке мен Ұзақ тұрады. Жәмеңке тізгінді үнемі Ұзаққа беріп отырады. Өйткені , Ұзақ бұған дейін сан сынақтан өткен, азаттық күрестие шыңдалып, көсем деңгейіне көтерілген, көтерліске дейін-ақ «батыр» аты елге жайылып кеткен, көп үшін істеген әр ісі халық жүрегіне мықтап орныққан, әр қазақтың сеніміне кірген тұлға болатын.

Соңғы кесімді жауапты ұлыққа кім айтады дегенге келгенде Жәмеңке:
– Атасы Тазабек казак-орысқа қарамаймын деп жанжал шығарған, соның баласы Әубәкір ғой, Әубәкір берсін,- деді. Сонда Әубәкір тұрып:
– Жоқ, Жәке, жауапты Ұзақ батыр берсін, бұған жұрт не дейсіңдер? –деп көпке қарап еді, жұрт: «Дұрыс, Ұзақ батыр берсін» деп шу ете түсті. (Додабай Сәрсеньайұлының естелігінен)

Осы мәжілісте елдің де, ердің де бар болмысы анық айқындалады. Бірі-елдің ынтымағы мен ауызбірлігі, өзара сыйластығы. Ұрпақ тағдыры шешілер тұста бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тастүйін бекігендік мінезі мен қол бастайтын тұлғаларына деген құрметі. Ақсақалын тыңдап, ағаға жол беріп, ініні құрметтеу (Жәмеңке 78-де, Ұзақ 65-те, Әубәкір 45-те) үлгісі де сол сын сағатта анық көрінеді. Екішісі – әрине, ел-жұрттың Ұзақтай батырына деген нық сенімі.

Сол 6 шілдеден 11 шілдеге дейін бүкіл Албан елі еңкейген кәрі, еңбектегенбаласына дейін дүр сігкініп, өре түрегелді. Бәрінің жүрегіне қуат беріп, қолына қар ұстатқан Ұзақты «бала өлгенше, шал өлсін» деген қанатты сөзі еді.

11 шілдеде елдің кесімді жауабын айтуға барғанда, ұлықтар әуелі Ұзақты ең жақын серттестеріменг алдап апарып абақтыға жабады. Содан кейінгі өмірі Қарақол қамағында өтеді. Осы ажал аузында жатқанда да Ұзақтың және оның серіктерінің ауызбірлігі, серттен таймастығы ұрпағына үлгі болып қалды. Жәмеңкегк у беріп, ол хал үстінде жатқан сәтте де Ұзақты үлкен мінез, биік парасат көрсеткенін Мұхтар Әуезов шынайы суреттеп берген болатын. Сот сұраққа қанша рет алса да, айтқанынан қайтпаған Ұзақтай батырдың бейнесі көзіиен көоген көтерлісшілердің естеліктерінде сан рет айтылған. Солардың ішінде Ұзақтың өмірінің соңына дейін жанында болған Әубәкір Солтанбекұлының естелігінен үзінді:
Ұзақтың сотқа берген жауабы:
«Қара жұмысқа бала бермейміз! Өлсек ел үшін өлеміз! Ел-жұртты кім жылатса, соған қарсымыз!»

«12 тамыз күні бізді түрменің тесігінен ата бастады. Алдынғы жақта отырған алты адам оқ тиіп бірден құлады. Мен, Ұзақ, Жаңабай, Кәрібоз және бірнеше адам түрменің есігін бұзып. Сыртқа шықтық. Атып жатыр. Түрме алдында Жаңабайға оқ тиді. Маған үш оқ тиді. Қатты жараландым. Ұзақты алып кетейін деп едім, Ұзақ:
«Мені таста, алып жүре алмайсың. Елге сәлем айт. Арман жоқ». – деді.

Мінеки, елі үшін туған, елі үшін өмір сүрген, елі үшін өлген Ұзақ батыр тұлғасы ұрпақтар санасында жаңғырып тұрады.

Қазақ даласында 300-ден астам ұлт-азаттық көтерліс болыпты. Солардың бәрінің де басшылары бар. Ұзақты солармен салыстыруға болады. Бірақ теңестіруге келмейді. Өйткені, Ұзақ батыр – өзінше жаратылған тұлға, өз заманының құбылысы.

Ұзақ батыр болмысы бізге не үшін керек?
– Азаттықтың, бостандықтың, тәуелсіздіктің құны мен қадірін білу;
– Ұрпаққа ұлтжандылықты, отансүйгіштікті үйрету;
– Әділдік, теңдік, шындық жолында қалай күресуді айту;
– Рпақ болашағы үшін неден болса да тайсалмай күресу қажеттігін ұғындыру үшін керек.

Осы керектерді жүзеге асыру үшін мына мәселелер есте болғаны жөн:
– Ұзақ батырдың тарихи тұлғасын зерттеу әлі қолға алынған жоқ;
– Ұзақтың ауызша әдебиеттегі болмысы әлі қарастырылған жоқ;
– Ұазақтың батырлық ортасы да арнайы зерттеуді қажет етеді;
– Ұзақтың бүгінге дейінгі белгілі мағлұматтары мектеп оқулықтарына енгізілсе, ұрпақ үшін үлкен олжа болар еді.


Темекіні қойғыңыз келсе. _____ Если хотите бросать курить
Тегін емдеу орталығы

 


Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

2 комментария

  1. kop rahmet koptegen maglumattar bar eken Uzak batir babalarimiz jayli!!!

  2. kop rahmet koptegen maglumattar bar eken Uzak batir babalarimiz jayli!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.