Сайс: «Тапқыр достар»

Оңтүcтік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы № 20 кәсіптік лицей, Математика пәнінің оқытушысы Төребекова Айгүл Құралқызы.

Мұғалімнің тәрбие сағаттар топтамасы:
1.  Сегіз қырлы бір сырлы.
2. Ел болашағы білімді ұрпақта.
3. Тәуелсіздік бейбіт елдің тілегі – ел бірлігі.


Физика-математика еліне саяқат. Көрнекті презентация.

Сайыс мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық:
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Итнерактивті тақта, компьютер, презентация, конверттер
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Сөз тапқанға»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Сен білесің бе?»
5. «Кім жылдам?»
6. «Өнерпаз болсаң»
7. Қорытынды

Барысы:

Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
математика жайында

Сайысты біз бастаймыз
 Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
 Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа,
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайысымыздың

1-ші кезеңі «Таныстыруды»
Сөз кезегін «_______» және «_______» топтарына береміз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезеңі «Сөз тапқанға»
Мұнда әр ойыншы бір-бірден мақал-мәтелдегі жасырын сөзді табу керек.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1. Жалқаудың өмірі босқа өтер
Іздеген ….. жетер. Мұрат
2.Елді қу бұзады, сүтті …. бұзады. Су
3.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі … біл. Білім
4.Жері байдың – … бай. Елі
5. Жамандық аяқ астында
Жақсылық ….. басында . Ағаш
6. Тұз астың дәмін келтірер
Мақал….. мәнін келтірер Сөз

Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.- дей келе сайысымызды бастаймыз.

3-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
№ 1. Жұмбақ есеп

Көпті көрген қария немересін есепшілікке баулу мақсатымен жас баланың жадына тез жазылып кететін жұмбақ есептерді жиірек айтып жүреді.
– Алты аяғы бар, тал таяғы бар,арқасында құйырығы бар, адамнын бұйрығы бар.Ол не нәрсе? – дейді ата бір күні.
– Ол кәдімгі таразы, – деп немересі бірден жауап береді.
Шал немересінің тапқырлығына қуанып, тағы бір жұмбақ есеп айтады:
Он екі түйе, он жылқы,
Тоғыз сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Бала санын есептеп : « бәрі қырық бір екен», – дегенде, шалдың өзі күліп жібереді.
Қария немересінің нені білмегеніне күлді.
Жауабы: Атасы немересінен жануарлардың қанша айда туатынын сұрады.

№2. Жұмбақ есеп
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгімені айтады. Әкесі жеті жасар Саятты базарға жұмсапты . Оған бір тиын беріп : «Үш нәрсе сатып әкел», – депті.Саят базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.
 Балам – ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, – депті әке.
 Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе ,- депті сонда бала.
 Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.
Саят әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен?

Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені: қауынның қабығы,шырыны,дәні.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер- дей келесі сайысымызды бастаймыз.

4-ші кезеңі «Сен білесің бе?»

Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
10 ұпай – 123456789 цифрларының орналасу ретін өзгертпей, олардың арасына нәтижесі 100-ге тең болатын етіп плюс және минус, барлығы 3 таңба қойып шығыңыз.
20 ұпай – Сағат циферблатын әрбір бөлігіндегі сандардың қосындысы 13-ке тең болатын етіп қалай бөлуге болады?
30 ұпай – өз өнері
10 ұпай – 88888888 цифрларының арасына 1000 саны шығатын етіп «+» таңбасын қойыңыз.
20 ұпай – Бес екі саны мен амалдарды пайдаланып, 28 санын жазыңыз.
30 ұпай – Үш бес саны мен амалдарды пайдаланып, 0 және 2 санын жазыңыз

5-ші кезеңі «Кім жылдам?»

І топқа. Маймыл, қасқыр, дұшпан, әскер, мүйіз, көзілдірік, қандай қимылмен,қалай түсіндіресің.
ІІ топқа. Аю, ғасыр, жаңғақ, тоғыз,мейірімді, қазына қандай қимылмен,қалай түсіндіресің.

Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Алтыншы сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік.

6-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»
Өлеңдер минсовкасы беріледі. Табу керек қандай ән екенін қосылып айту керек

Қорытынды

Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.