Этнопедагогиканың негізгі ұғымдарына талдау.

Оңтүcтік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы № 20 кәсіптік лицей, Математика пәнінің оқытушысы Төребекова Айгүл Құралқызы.

Мұғалімнің тәрбие сағаттар топтамасы:
1.  Сегіз қырлы бір сырлы.
2. Ел болашағы білімді ұрпақта.
3. Тәуелсіздік бейбіт елдің тілегі – ел бірлігі.

Физика-математика еліне саяқат. Көрнекті презентация.


КІРІСПЕ
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі жастар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр »
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ ,ұлтжанды ұрпақ екендігі баршамызға аян. Егеменді еліміздің тірегі болар азаматтарды оқыту мен тәрбиелеу көкейтесті мәселелердің бірі. Демек, оқытудың жаңа үрдістерін пайдалана отырып, жан- жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Еліміздің мәртебесінің биік болуы- ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі ең іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегі болып саналатын ұлтжанды, өз елін сүйетін, әдет- ғұрпын, салт – санасын қастерлейтін тұлғаны тәрбиелеу басты парызымыз.

Әбу Насыр әл- Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі»- деген еді. Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама халқының тұлымды ұлының – тұғырлы азамат, бұрымды қызының – байыпты бойжеткен болуын армандаған екен.

Елбасы халыққа Жолдауында кәсіби білім беруді жетілдіру, ұлттық кадрды дайындау жөнінде алға үлкен міндет қойып, «Бізге экономикалық және қоғамдық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»- деген еді.

Осындай ауқымды істерге өз үлесін қосу заман талабына, уақыт өлшеміне сай тәрбие жұмысын халқымыздың бай мәдениеті негізінде жүргізіп , ғылым негіздерін игеріп, ой- өрісі кең шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Кез келген ұлттың түп- тамыры» ауылда жататынын естен шығармауға тиіспіз», деген сөзі- биік мәтебелі ұғым. Ауыл- біздің тұнық бастауымыз, кәусарымыз, алтын діңгегіміз, балалық, балдәурен, асқақ армандарымыздың бұлағы десек, елге тұтқа болған, халқының мақтанышына айналған арыстарымыздың түп- тамыры осы ауылда жатыр. Мен өмір сүріп, еңбек етіп отырған қасиетті де, киелі өлке тарих қойнауынан ойып тұрып өз орынын алған Отырар халқымыздың мақтанышына айналған қайталанбас ұлтжанды тұлғаларды тәрбилеген қайнар бұлақ десем, артық айтқан болмаймын. Мен тәрбиелеп отырған оқушылар қаймағы бұзылмаған рухани құндылықтарден кенде емес ауылдың оқушылары. Оқушылармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының негізінде мынандай мақсаттарға жетуді көздеп отырмын:

• өз ұлтын сүйетін, ұлтжанды, отансүйгіштік, ерік- жігері мықты, жаны таза жеке тұлғаны қалыптастыру.
• Халқының құндылықтарын көз қарашығындай сақтап, өмірге пайдалана отырып, оны мүмкіндігінше қажетіне жарата білетін маман тәрбиелеу.
• Үшінші, әдепті де парасатты, рухани бай, өресі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын, аға ұрпақтың арналы ісін жалғастыратын тұлға қалыптастыру.

Осы үш арна тоғыса келе ұлтым дейтін ұрпақтың ұстанар ұранына айналар тұғыры болары сөзсіз.
Тәрбиенің бесіктен басталатынын ұмытпайық «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген М. Әуезовтың нақыл сөзін санамызда қайта жаңғыртайық. Бұл дегеніміз отбасындағы ұлы тәрбие, ата-әже, әке- шеше, апа- қарындас, аға –іні арасындағы күнделікті қарым- қатынас, олардың бір- біріне деген көзқарасы, үндестікте ғұмыр кешуі.

І

Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық , ғибраттық әдет- ғұрпымен, салт – дәстүрімен, тағылым – сабағымен қымбат. Осы ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алып, оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек жарақтарымызға жаратуымыз керек.

Осы мақсатта оқушылармен жүргізетін шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Этнопедагогика элементтерін пайдалана отырып жоғары мәдениетті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.»

Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ. /К.Д.Ушинский/

«Этнос» (грек тілі) халық деген сөз, ал этнопедагогика – халық педагогикасы.

Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш.Айтматов: ”Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қане өмір сүреді” деген.

Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс – қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз.

Жас ұрпақтың санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал ете бастағаны да жасырын емес.

Академик Г.Н.Волков: ”Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастырыуымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ” – деп тұжырымдайды.

Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда сыныптан тыс өткізетін шаралардың орны ерекше.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

4 комментария

  1. Айлаев Ердос

    Оте керемет!!!

  2. Айлаев Ердос

    Оте керемет!!!

  3. Айдаев Ердос

    отлично!!!!

  4. Айдаев Ердос

    отлично!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.