Физикалық кеш «Бір кесе шай және физика» (сценарий)

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін   Физика-информатика пәндерінің  мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы

Мақсаты:1.Физикадан алған білім бойынша бұл кешті тартымды өткізу арқылы  білімдерін тиянақтау.
2.Мәдениетті, ұқыпты болуға үйрету.
3.Балалардың күнделікті көріп жүрген құбылыстарында физика  заңдылығы    бар екендігін таныстырып  көрсету.
Көрнекілігі: қара шапан қиген оқымысты ғалымдар, жайылған дастархан, ток шәйнек.
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Әр елден келген бір – бірінен асқан оқымысты ғалымдарды қарсы алу.
3.Негізгі бөлім –«Шайнекті қайнатып шай  беру».
4.Қорытынды.

Жүргізуші: Қош келіңіздер , шай ішулеріңізге болады.
Көмекші: Шайнек қосады, бірақ аузын ашып қояды.
Тілеген мырза: Бетін жабу керек, сонда шапшаң қайнайды.
Жүргізуші: Сіз осыған сенесіз бе?
Тілеген мырза:Толық сенемін.
Жүргізуші: Осы шайнек қайнатқанда неге аузын жабамыз?
Гүлдана ханым: Жылуды сақтаймыз, су жылытқыш берген жылу алмасу процесі жүреді.
Нұрхат мырза :Қақпағын ашады, түбінде көпіршік көрінеді, мына көпіршік қайдан пайда болады?
Айбек мырза : Ал мен дыбыс естіп отырмын. Қайдағы дыбыс түсініксіз.
Жүргізуші: Қызықты сұрақтарға кім жауап береді?
Лаура ханым: Көпіршектер суда және шайнек бетінде жабысқан ішкі бетіндегі ауадан пайда болады. Қызғанда ауа ұлғаяды және көпіршіктер өседі.

Тілеген мырза :Мен білем шайнектен неге дыбыс шығады.Көпіршіктерде ауадан басқа су буы бар. Жоғары бетіне келіп, көпіршіктер өседі де жарылады.Судың суық бетінде салқындайды, көпіршіктер көлемі азаяды. Көпіршіктер көлемінің өсуі мен азаюы ауысып тұрады, содан дыбыс пайда болады.Су толық ысығанда көпіршіктер бәрі көлемі азайғанда дыбыс естілмейді, бірақ қайнау пайда болады.

Жүргізуші: Осы қайнау ма?
Айбек мырза: Жоқ.
Бибигүл ханым: Менде сұрақ пайда болады? Бу температурасы қайнаған су температурасынан көп пе? Себебі буға күйген, суға күйгеннен қауіпті ғой деп білемін.
Ризван мырза :Жоқ бу мен су температурасы тең, бірақ атмосфера қысымына байланысты ғой.
Шынар ханым:Су қайнаған кезде ток көзіне қосылып тұрса да, температурасы төмен түседі дейді. Осыған сенбеймін.
Дәлелдейміз. Термометрді қайнап жатқан суға салып, Шынарға 30 с сайын көрсетуін сұрайды.Температурасы 1-2 т.с.с градусқа төмендедеі.
Гүлдана ханым: Шәйнек қайнады, суырайық.
Нұрхат мырза :Шай суып кетеді ғой.
Жүргізуші: 1-шіден бұл қайнаған су. 2-шіден неге суыйды? Кім жауап береді?
Айбек мырза:Жылу бөлігі шәйнекке беріліп, ал одан қоршаған ортаға таралады. Бетінді молекулалардан энергия бөледі. Осы энергия сұйықтан бөлініп шықса, су суйды.
Көрермен: Менің мынадай сұрағым бар? Асханада су құйылған құмырам бар. Егер булану болса, ол қалай болады?
Нұрхат мырза: Судан үлкен энергиясы бар молекулалар ұшып кетеді, мұндай молекулалар көп емес, сондықтан су жайлап азаяды.
Бибигүл ханым: Қызық, егер шәйнекке шикі емес қайнаған су құйып қайнатсақ шапшаң қайнар ма екен?
Жүргізуші: Қайнаған су жылдам қайнайды ғой, себебі ол бір қайнаған ғой.
Тілеген мырза: Шикі су шапшаң қайнау керек сияқты, бірақ неге білмеймін.
Ризван мырза: Шикі су шапшаң қайнайды, себебі қайнағанада бөлінетін бос ауа бар. Қайнаған суда бос ауа көпіршігі аз және ұсақ болады.
Жүргізуші: Қызықты сұрақтарға көңіл бөлдік,ал енді шай ішейік.
Лаура ханым: Алдымен шай салып қайнату керек, дәмі шай қайнауына байланысты ғой.
Шынар ханым: Шайды дұрыс қайнату керек.
Гүлдана ханым: Шай жапырақтарынан ең қажеттілері суға тарауы керек.
Айбек мырза: Шайды қандай шәйнекпен қайнатмыз. Темір ме, фарфор ма?
Көмекші: Темір шәйнекпен қайнатқан жақсы, себебі темірдің жылу сыйымдылығы көп қой. Сондықтан шай жоғары температурада қайнайды.
Тілеген мырза: Сіз мынаны ескермедіңіз ғой, ал фарфор шәйнекте шай жай суйды. Фарфор шәйнек дұрыс деп ойлаймын.
Нұрхат мырза : Шәйнек ішін ысты сумен 1-2 рет шайып жіберуі керек, себебі суып кетпес үшін.
Гүлдана ханым: Тасқұманға шай құю керек.
Көмекші: Әр адам стаканға шай құяды.
Лаура ханым: Стакан жұқа болып сынып кетпес үшін темірдің жылу өткізгішті көп сондықтан ішіне темір қасық салсақ жақсы болады деп ойлаймын.
Ризван мырза: Осы сақтық стакан сынбас үшін жарай ма?
Айбек мырза: Иә, бірақ дегенмен шайды жай құю керек. Ішкі беттері қызып деформация болмайды.
Эльмира ханым: Қайсысын бірінші құямыз шайды ма әлде суды ма?
Тілеген мырза: Менің ойымша бәрі бір себебі температурасы бірдей болса бәрі бірдей емес пе?
Шынар ханым: Маған су сосын шай құйыңыз. Стаканды көтеріп қараңызшы қасық сынып қысқарып тұр.
Жүргізуші: Бұл сиқыр емес. Жарық сынуы бойынша түсіндіру болады.
«Бәрі шайды араластырады».
Бибигүл ханым: Біз шекер молекулаларымен шай молекулаларын бір-біріне шапшаң араластырып және процесті тездетіп отырмыз.
Шынар ханым: Менің стаканымда шай өте көп болып кеткен жайлап шекер салсам шай төгілмейді неге?
Лаура ханым: Себебі су молекулалары арасында шекер молекулалары орналасып алды және сұйық тығыздалады. Мен мынаны айтайын 100 см2 мен 100 см3 спирт араластырса 196 см3 сұйық болады.
Тілеген мырза: Шайды үреді.
Гүлдана ханым: Мен шайды шайтабаққа құямын.
Бибигүл ханым: Неге?
Айбек мырза: Бу молекулаларының булану жылдамдылығын көбейту үшін ғой.
Лаура ханым: Тағы физика? Ал шай болса сондай тәтті.
Жүргізуші: Қорытынды – Біздер келген қонақтардан көп нәрсе үйрендік. Күнделікті өмірде көріп жүрген шай қайнату сиқырын терең түсіндік деп ойлаймын. Осымен  «Бір кесе шай және физика» кешімізді аяқтаймыз.Келгендеріңізге рахмет.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Один комментарий

  1. рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.