Термин сөздер. Автомобильдердің даму кезеңдері.

Гильманова Гүлжанар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Батыс Казакстан инженерлик – технологиялык колледжiнің  окытушысы.

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80-жыл  (СТС).

Сабақтың тақырыбы: Термин сөздер. Автомобильдердің даму кезеңдері.
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Кәсіби термин сөздер арқылы оқушылардың білімін тереңдету,термин сөздердің тіліміздегі қолдану ерекшеліктерін түсіндіру. Автомобильдердің даму кезеңдері туралы мәлімет беру.
ә)дамытушылығы: Берілген мәтін арқылы оқушылардың  білімдерін жетілдіру, диалог құрастыру,   жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорларын байыту.
б) тәрбиелілігі: Мамандығына байланысты терминдерді білуге   қызығушылықтарын арттыру. Өз мамандығына  деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ, жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», сұрақ – жауап, түсіндіру, «Сауалнама – интервью», «Қарлы кесек», «Жазу стратегиясы», «Түртіп алу» стратегиясы, «Бес жолды өлең».
Пән аралық байланыс: орыс тілі, автомобиль құрылысы.
Көрнекілігі: оқулықтар, тірек, сызбалар, суреттер, үлестірме карточкалар, слайдтар, мультимедиялық тақта мен интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру. Дәрісхана даярлығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.
Қызығушылықты ояту

Психологиялық даярлық

Сүйемін туған тілді – ана тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
(өлең слайдтан көрсетіледі)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Дәптерлерін тексеріп, алдыңғы сабақта жазған мәтін түсінігін сұрау.
1. Автомобиль туралы мәліметтер жазып келу.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

  1. Мағынаны тану

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Грамматикалық тақырып: Термин сөздер
«Сауалнама – интервью» әдісін пайдалану

Мамандыққа, ғылым мен техниканың әр саласына қатысты айтылатын сөздер терминдер деп аталады.
Терминдерге тән ерекшеліктер:
1.Терминдер дүниежүзі халықтарына түсінікті болып келеді.
2.Ғылым мен техниканың әр саласына тән өз терминдері болады.
3.Терминдер нақты бір мағынаны білдіреді.

Мысалы: Трасформатор, тежегіш, спорт, грамматика, компьютер, интернет, капитал, валюта, олимпиада, балет, банк, т.б.

Лексикалық тақырып: Автомобильдердің даму кезеңдері. (мәтін слайдтан көрсетіледі)

Алғашқы автомобильдер 18ғасырда пайда болған. 1765 жылы орыс механигі И.П.Кулибин өздігінен рычагты аяқ жетек арқылы жүретін арба жасаған. Мұнда қазіргі автомобильдерде бар бірнеше бөлшектер болған: Атап айтсақ, доңғалақтар, беріліс қорабы, тежегіш, т.б.

1769 жылыФранцияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2ат күші қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді.

1885 жылы Карл Бенціштен жанатын қозғалтқышы бар арба жасаған.  Н.А. Отто мен О. Лангер жасаған газдық қозғалтқышы автомобильдің дамуына зор үлес қосты.

19 ғасырдың 80-жылдарында Даймлер мен Майбах өздігінен жүретін қуатты кішкене бензинді қозғалтқыш жасап шығарды.

Бенц пен Даймлердің бірінші автомобильдері ағаштан жасалған, ал доңғалақтары резеңкемен жапсырылған.

1894 жылы Карл Бенц «BENZ – VICTORIA – KUTSCHE» деп аталатын автомобиль жасап, алған рет тарихта Чехияден Францияға дейін 2000км жүріп, 140кг бензин, қозғалтқышты суытуға 1500л су жұмсаған және жылдамдығы сағатына 30км-ге жуық болған.

Кеңес Одағында 1924-1931 жылдардан бастап автомобильдер шығарыла бастады.

-Енді, балалар, назарымызды слайдқа аударайық. Мұнда автомобиль пайда болғаннан бергі бірнеше көлік түрлері көрсетілген.
Оқушылардың барлығына мәтін  таратылады. Алдымен балалар мәтіннен термин сөздерді дәптерлеріне бір бағанға теріп жазып шығулары тиіс.

Сөздікпен жұмыс:
Арба – тележка
Жетек – привод
Доңғалақ – колесо
Бу машинасы – паровая машина
Беріліс қорабы – коробка передач
Тежегіш – тормоз
Қозғалтқыш – двигатель
Жылдамдық – скорость

  1. Толғаныс

Топ оқушыларын топтық жұмыс жасау үшін 2 топқа бөлу.

1 – тапсырма

Мәтінмен жұмыс

«Қарлы кесек» әдісін пайдалану

1 – топқа – Мәтін түсінігін әңгімелеу
2 – топқа – Мәтінді орыс тіліне аудару

2 – тапсырма

«ТИ» кестесі                                 (кесте интерактивті тақтада орындалады)

3 – тапсырма
«Жазу стратегиясы»

Топшамалармен жұмыс

4 – тапсырма

Сергіту сәті
«Бес жолды өлең» стратегиясын пайдаланып тақырып бойынша өлең шығару. Яғни, оқушылар өз мамандықтары бойынша төменде берілген сызба бойынша өлең құрастырулары тиіс.
(сызба слайдтан көрсетіледі)
Үлгі:
1 жол- зат есім- бір сөз
2 жол- сын есім – екі сөз
3 жол- етістік – үш сөз
4 жол- төрт сөздер тұратын сөйлем
5 жол- зат есімге синоним алу

ІV. Бекіту

«Түртіп алу» стратегиясын пайдалану арқылы өтілген жаңа тақырыпты бекіту

“ V”        –  білемін
“ +”        –  жаңалық
“ – ”       –  келіспеймін
“ ? ”       – білгім келеді

Бағалау

Оқушылардың білім деңгейіне, сабаққа қатысына қарай оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Мәтін оқу, аудару, түсінігін айту.

Осы тақырыпқа арналған “Мастер-класс” презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.