М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылау.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл  орта жалпы білім беретін мектебі Гильманова Нурия Қадемқызы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. М.Әуезовтың «Біржан сал Абай ауылында» шығармасынан түсінгендерін ортақ ұлттық өнер туралы ағымдарын кеңейту.
ә) Дамытушылық. Шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, ұлттық өнерді, ән-күйді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, сахналық көрініс, жинақтау/синтез/, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сыни-тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері
Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Абай кітаптары, ұлттық бұйымдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
/Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру/

ІІ. Топпен жұмыс

М.Әуезов – ұлы жазушы, халық перзенті. «Абай жолы» романы арқылы өз халқын, оның биік рухын, мәдениетін, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігін дамытты. М.Әуезовтың «Абай жолын» оқыған адам тебіренбей қалмайды. Олай болса, «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылап, білімдерімізді ортаға салайық. Өздеріңізге белгілі мәтіндегі енгізілген кейіпкерлер – халықтың өнерлі де, сыйлы азаматтары Абай мен Біржан. Олай болса, сынып 2 топқа бөлінеді.

а/  1 топ сұрағы: Абай кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
2 топ сұрағы: Біржан кім? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
ә/  1 топ: Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
2 топ: Біржанның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
б/  Әрбір топ өздерінің тобына арнаған арнау өлеңдерін оқиды.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс /Блум жүйесі бойынша мәтінге талдау/

  1. Абайдың қонағы кім? Әңгіменің негізгі тақырыбы, авторлық идея.
  2. Демін тартып тыңдап қалған Абай. Абайдың көңіл-күйін суретте.
  3. «Жанбота» әнінің авторы кім?
  4. «Жанбота» әнінің шығу тарихы.
  5. Өнерлі жастар кімдер? /Әмір, Оралбай, Керімбала, Үмітей, Әйгерім/
  6. Қандай әндер шырқалды? / «Жанбота», «Жиырма бес», «Гауһартас», «Баянауыл», «Жамбас сипар» т.б./

IV. Сахналық көрініс. Синтез /жинақтау/
Қатысушылар:

  1. Абай – Бағдат
  2. Біржан – Ерғали
  3. Жиренше – Ержан
  4. Әйгерім – Жансая
  5. Ұлжан – Жанбота
  6. Иіс кемпір – Сұлужан және бір топ оқушылар

Міне, балалар, біздер сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтадық. Абайдың өнерлі қонағы Біржан салды үлкен сый-сияпатпен қошеметтеп, шығарып салдық.
Венн диаграммасы Біржан сал мен Абай әндері

V. Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс
1 топ: «Абай» тобы. Суретпен жұмыс
2 топ: «Біржан» тобы. Суретпен жұмыс
а/ топшамалармен жұмыс
ә/ «Эссе» стратегиясы

  1. Абай ағаға хат
  2. Біржан ағаға хат

Үлгі: Абай аға, сіздің «Құлақтан кіріп, бойды алар» әніңіз бен ақиқат үшін шырылдаған, елді бірліккешақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандағандай өнер құдіреті қазір шарықтауда …

«Топтастыру» стратегиясы
а/ Не білеміз?
ә/ Нені білдік?
Абай – Ұлы ақын
Біржан сал – әнші, сазгер, ақын.

VІ. Қорытындылау
«М.Әуезов – тілге мейілінше бай жазушы. Оның қай шығармасын оқысаң да, философиялық мәні терең поэтикалық тілге таңқалмай қоймайсың.» Баламер Сахариев «Біржанның творчествалық өмірінде болған тағы бір үлкен оқиға – оның Абай ауылына баруы. Басында өзінің ән саяхаты есебінде барғанмен, Абайдың әсері Біржанға күшті болды.» А.Жұбанов

VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма
Қайталау.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.