Паскаль. Стандартты функциялар.

Қалымбетова Айман. Қызылорда.

Автордық басқа да жұмыстары Сабақтар көшіру 2012 бетінде бар.

Тарихи шолу.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда  жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін  математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.

1.Арифметикалық функциялар

2.Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

Математикада жазылуы Паскаль тілінде жазылуы Атқаратын қызметі Функция типі
|x|
arctg x
cos x
sin x
e x
[x] Inx
П
х 2
Х
х
Abs (x)
Arctan (x)
Cos (x)
Sin (x)
Exp (x)
Frac (x)
Int (x)
Ln (x)
Pi
Sqr (x)
Sqrt (x)
Аргументтің абсолюттік шамасы
Аргументтің арктангенсі
Аргументтің косинусы
Аргументтің синусы
е-нің х дәрежесі
х-санының бөлшек бөлігі
х-санының бүтін бөлігі
х-санының натураллогарифмі
п-дің мәні
х-тің квадраты
х-тің квадрат түбірі
х-тің типі
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты
нақты (бүтін)
нақты
х-тің типі
нақты

Стандартты типтердің сипатталуы

Шамаларға  қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады. Бүтін сан түріндегі тип.Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
атау1, атау2, …., атауn: тип;
Мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады.
Мысалы:  integer,  byte
Нақты типтегі мәндерді қабылдайтын атаулардың сипатталуы:
атау1, атау2, …., атауn: тип;
Мұнда тип орнында нақты типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады.
Мысалы:  real,single
***
Бекіту сұрақтары:
1)Паскаль тілінің негізін салушы кім?
2)Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
3)Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
4)Паскаль тілінде  қандай стандартты функциялар бар?
5)Паскаль тілінде қандай арифметикалық амалдар бар?
6) Паскаль тілінде қандай стандартты типтер бар?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.