Қазақ тілі. Сан есім.

Омарова Меруерт Кәрібайқызы, ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, № 169 Н. Илялетдинов атындағы  орта мектеп,  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Мақсаты:
Білімділік:
Қоршаған  заттардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, күнделікті өмірде ұстап, пайдаланып, көріп жүрген заттардың есебін білу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін күшейту, сан есімнің жазылу емлесін практикалық жолмен меңгерту.
Тәрбиелік: Сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Ой қозғау, түсіндіру, талдау, теңдеу шешу.
Пән аралық: Ауыз әдебиеті, математика.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, жай тақта, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгендеу
ә) сынып тазалығына мән беру
б) оқушылардың көңіл күйіне назар аудару

ІІ.  Үй тапсырмасы бойынша, өтілген тақырыптарға байланысты интерактивті тақтамен жұмыс жасау.

  1. Тыйым сөздердегі көрсетілген көп нүктенің орнына үстеулерді койып жазу.

1- слайд.

  1. …  суға барсаң , кесек тастамай өтпе.
  2. Аяқ киімді …  көтерме.
  3. … күл шығарма.
  4. …  тырнақ алма.

2-слайд.

Жұмбақтың шешуін тауып, үстеулерге сұрақ қою.

3-слайд

Күтімдер бағы.
Мақсаты: Интерактивті тақтада гүлденбеген гүл бағы салынады . Гүлдерді күтушілердің әрбір сұраққа берген жауабына қарай бақ гүлге толу керек.
Сұрақтар:

  1. Осы шақ туралы айт.
  2. Салт, сабақты етістік дегеніміз не?
  3. Тәуелді септеу «күлген».
  4. Етістіктер қай шақта тұр? (істеді, бармақшы, келген)
  5. Туынды етістік және негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
  6. Көсемшенің жұрнақтары.

4-слайд
Интерактивті тақтадағы суреттің санын , ретін айтқызу.
Шынайы көрнекілік: алманы төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін оқушыға беріп, санның бөлшегін айту.
Сурет бойынша аталған сандарды жай тақтаға жаздырып ,  әрбір санға сұрақ қойдыру, сан есімге байланысты ережені шығару.

5-слайд
Ереже: Сан есім  заттың санын, ретін  білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: Қанша? неше? нешеу? нешінші?
Сан есімнің орыс тіліндегі ережесін, сұрақтарын  сұрау.

6- слайд
Құрамына қарай

Дара сан есім .                                                           Күрделі сан есім.

Бір, үш, екеу, алтыншы                                              Алпыс алтыншы, екі мың он
екі, қырық-елу, онға жуық.

Тұлғасына қарай
Негізгі сан есім.                                                      Туынды сан есім

Төрт, бір. қырық                                                   Бірінші, алтыншы,
елудей, біреу.

–         Осы сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән берейік:
7, 13 сандарын алатын болсақ, соларға байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Жеті ата, жеті күн, жеті шелпек, жеті қарақшы, жеті қат жер, он үште  отау иесі, он үш мүшел жас, жеті керемет.

Сергіту сәті.

Математика пәні бойынша ой қозғау.
1-    ұяшық. Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (Түйеқұс ұшпайды)
2-    ұяшық. Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (Бір)

Мақал-мәтелдің құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, сөз құрамына талдау.

7-слайд

  1. …  атасын білмеген жетесіз.
  2. Қызға …   үйден тию.
  3. Ер жігіттің …  сөйлегені – өлгені.
  4. … рет өлшеп, … рет кес.
  5. Білгенің – …  , білмегенің – тоқсан тоғыз.
  6. Бала … келгенше, жерден таяқ жейді.

Балалар , сан есім өзінің сандық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да  ие бола алады. Ендеше , зат есімнің қызметін атқарып, сұрағына жауап береді. Мына мысалға қарайық.

8-слайд
Алтау (кім?) ала болса , ауыздағы кетеді,
Төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.

9- слайд
«Артық білім – кітапта»
Оқулықтағы 2- тапсырма.

Сызбаны сан есімдермен толықтырып жазу

ғасыр ____    .   .   . жыл

жыл   ____    .   .   . ай

мезгіл ____   .   .   . жыл мезгілі

ай _______    .   .   . күн

апта ______   .   .   . күн

күн ______    .   .   . сағат

сағат _____   .   .   . минут

минут ____    .   .   . секунд

Жай тақтамен жұмыс жасау: Екі оқушы  жоғарыдағы сандарды дара, күрделі сан есімдерге бөліп жазу .

10-слайд.
3-тапсырма.
Өрнекті үлгі бойынша сөзбен жазу.
10 + 2 =                                           10 + 6 =
10 + 3 =                                           10 + 7 =
10 + 4 =                                           10 + 8 =
10 + 5 =                                           10 + 9 =

Жаңа сабақты қорытындылау.
Семантикалық картамен жұмыс.

Сан Дара Күрделі Негізгі Туынды
Екі
Бесінші
Он бес
Елу
Жетеу
Алпыс алты

Бағалау.
Үйге тапсырма.

Сан есімдерді қатыстырып, өзің туралы жаз.

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

2 комментария

  1. отлично!

  2. отлично!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.