Физика. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Жеткизгенова Кунжақсы. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» ММ-нің физика пәні мұғалімі

Сабақтың

а) білімділік мақсаты: оқушыларға токтың жұмысы мен қуатын анықтайтын форму-лаларын және Джоуль – Ленц заңын меңгерту;
ә) дамытушылық мақсаты: есептеулерде токтың жұмысы мен қуатын және оларға тәуелді шамаларды анықтауды, Джоуль-Ленц заңын қолдануды үйрету;
б) тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, дәлдікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: Блум таксономиясы
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, авторлық электрондық оқу құралы, оқулық, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, ток кө-зі, жалғағыш сымдар, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сынып бөлмесін сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(интерактивті тақтада өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ережелерін жазу)
Тапсырма Жауабы
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда:

Өткізгіштерді параллель жалғағанда:

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
«Электр кернеуі» дегеніміз не ? Кернеу дегеніміз электр өрісінің атқарған жұмысының тізбек бөлігінде орын ауыстырған зарядқа қатынасы.

«Ток күші» дегеніміз не ? Ток күші дегеніміз бірлік уақытта өткізгіштің көлденеі қимасынан тасымалданған зарядтың осы уақыт аралығына қатынасы.

Тұйықталған тізбек бойымен элетр тогы өткенде энергияның бірқатар түрленулері болады.
Міне осы формулалардан электр тогының жұмысын анықтайтын формулаларды қорытып шығарайық:

Электр тогының жұмысы ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
ХБЖ-де жұмыс джоульмен өлшенеді:
Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы және негізінде мына формулаларды аламыз:
Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

ХБЖ-де қуат бірлігіне ватт (1 Вт) алынған:
Тәжірибеде ватка еселік болып келетін бірліктерді қолданады:
гектоватт 1 гВт = 102 Вт; киловатт 1 кВт = 103 Вт; мегаватт 1 МВт = 106 Вт
Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды.
Кестеде күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген электр аспаптарының қуаты көрсетілген.
Электр аспаптары Қуаты, кВт
Шаңсорғыш
Электр үтігі
Кір жуатын машина
Шаш кептіргіш
Теледидар
Тоңазытқыш
Бейнемагнитофон
Электрсақалқырғыш
Қалта фонарының шамы 0,65
0,6
0,5
0,4
0,3
0,2
0,02
0,014
0,001

Өткізгіш бойымен ток өткенде, өткізгіш қызады, яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады.
Электр тогының жұмысы өткізгіштің шығаратын жылу мөлшеріне тең. Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал:

Бұл заңдылықты ағылшын ғалымы Джеймс Джоуль және орыс ғалымы Эмиль Ленц эксперимент түрінде анықтады. Сондықтан, бұл заңды Джоуль – Ленц заңы деп атайды.

ІV. Бекіту кезеңі

а) үлестірмелі карточкалар (4 дана)

ә) практикалық бөлім
21-жаттығу (4)
Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
R = 1200 Ом
t = 3 с
I = 5,5 А

т/к: А – ? Жауабы: А = 108,9 кДж

21-жаттығу (7)
Жүкшығырын айналдыратын электрқозғалтқышы 9120 Дж-ге тең жұмыс атқарады. 4 А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
А = 9120 Дж
I = 4 А
q = 24 Кл

т/к: Р – ? Жауабы: Р = 1520 Вт

№ 647. Ток күші 3 А, кернеуі 220 В желіге қосылған электршәйнектегі су 5 минутта қайнаған. Осы кездегі электр энергиясының шығынын табыңдар.
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
I = 3 А
U = 220 В
t = 5 мин = 300 с
бұдан

т/к: Q – ? Жауабы: Q = 198 кДж

б) тәжірибелік бөлім
Мақсаты: электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу
Құрал-жабдықтар: батарея, амперметр, вольтметр, қыздыру шамы, кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
1. Сұлба бойынша электр тізбегін жинау;
2. Тізбекті тұйықтап, амперметр мен вольтметрдің көрсетуін кестеге жазу;
3. Электр тогының қуатын есептеу;
4. Электр тогының жұмысын есептеу.

I,A U,В t,с Р,Вт А,Дж

V. Қорытындылау

(Оқушылар кестенің бос ұяшықтарын интерактивті тақтада толықтырады)

Физикалық
шаманың атауы Белгіленуі Формуласы Өлшем бірлігі
Электр тогының жұмысы A
Дж
Электр тогының қуаты P
Вт
Өткізгіштегі жылу мөлшері Q
Дж

VІ. Үйге тапсырма: § 42, 21-жаттығу (8), № 6 эксперименттік тапсырма

VІІ. Бағалау. (Белсенділік танытқан оқушылардың жұмысы бағаланады)

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.