Математика-3. Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі,  Бастауыш пән мұғалімі Ахметова Хазиза Серикқызы.

Сабақтың көрнекліктерін көшіріп алыңыз:

Мақсаты:
І. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдалану білігін бекіту жұмысын жүзеге асыру, қосындыны санға екі тәсілмен бөлуді ұйымдастыру. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығарту
ІІ. Оқушылардың математикалық тілі мен зейінін, ой-өрісін дамыту.
ІІІ. Сабақтағы  белсенділікке, жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылыққа, шапшаң есептеуге тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі: кесте, электронды оқулық, интерактив тақта арқылы көрсетілетін суреттер.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу
Сабақ типі: жаңа сабақ.

-Балалар! Терезеге қараңдаршы.
Бүгінгі күн неткен тамаша, Жарқын күн!
Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер, күннен өтінейік, ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін.
Мен сенен сұраймын!
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Үйге не берілді?
№6 өрнек ауызша оқылып, мәні нешеге тең болғандығын айтылады.

Ауызша жұмыс
Ойын «Брейн – ринг»

Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
– Әжей қалаға бара жатып қарсы алдынан  3 ер адамды кездестіреді. Олардың әрқайсысында бір-бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
– Торда  4 қоян бар еді. Осы қояндарды  төрт бала бір-бірден сатып алды, біреуі қалып қойды.Неліктен бұлай болды?
– Қаз 2 аяғымен тұрған кезде, оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Интерактив тақтадан «Әрқайсысына затын табуға көмектес» тапсырмасы беріледі.
Тапсырма ауызша орындалады.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Әрқайсысына затын табуға көмектес.
Тапсырмадағы суреттер қай ертегілерден берілгенін сұрап өту, орындату ауызша.

№2. Интерактивт тақтаға разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаздырту.

23 = 20 + 3            42 = 40 + 2             94 = 90 + 4
45 = 40 + 5             67 = 60 + 7            38 = 30 + 8

№3. Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәнін тапқызу (Тақтаға, дәптерге орындату) Қалай мәнін тапқанын айтқызу

(50+15) : 8=                       (9+9) : 6=                 (32+48) : 8=
(52+11) : 9=                       (19+17) : 4=              (42+24) : 6=

№4.Өз бетінше орындату
Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тапқызу
1)      75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр
2)      40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт
3)      70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт
4)      420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр
(Әр қатардан 1 оқушы оқып, нәтижесі тексеріледі

№6. Салыстыру
Интерактив тақтадан  >, <, =  таңбаларын қоя отырып, дәлелдеп шығады.
Қосындыны санға бөлу ережесін қалай пайдаланғандығы айтылады.
(18+14) : 2 * 18 : 2 + 14
45 : 5 + 20 : 5 * (45+20) : 5

Сергіту сәті өткізіледі.
Бір,екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Жүгірейік, жүгірейік,
Аяқты ұшынан басайық.
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Партамызға жайғасайық,
тып–тыныш.

№7 (1) Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарту
Есептің шартын, шешуін, жауабын салыстыру.
Ұқсастығы: қысқаша шарты бірдей, сандық көрсеткіштер бірдей, жауабы бірдей.
Айырмашылығы: шешу жолдары әртүрлі.

№8.Берілген есепті кесте құру арқылы орындату.

1 жәшіктің массасы Саны Массасы
бірдей 5 ж 40кг
? кг

№9.Тапсырманы талдап, шаршылардың біреуін сызып көрсету.

S =   9см  х  6см  = 54 см²
54см²  х  6  = 9см²

Ұзындығы мен ені 3 см-ге тең шаршы сызу.

№10.Теңдіктер тура болатындай етіп,бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қою.

45549=11                     56497=15
2313=1                      3525=1

ІV.Сабақты бекіту
№11.Қосындыны бөлумен алмастырып алып, есептеу.
5:3+10:3                           8:3+4:3
19:7+2:7                           18:5+7:5
7:4+17:4                           5:2+11:2

V.Қорыту.
1)Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
2)Сабақта жаңадан нені білдіңдер?

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №5, №7(2)   201 бет.

Сабақтың көрнекліктерін көшіріп алыңыз:

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.