Заттың тығыздығы.

Жеткизгенова Кунжаксы Таубаевна. “Бейнеу гимназиясы” ММ-нің физика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың заттың тығыздығы ұғымын игеру барысында алған білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту;
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға әртүрлі заттардың тығыздығын жіне оған тәуелді шамаларды анықтау арқылыарқылы тәжірибеге деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық және логикалық қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік мақсаты: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, электронды оқулық материалдары, ДК, проекциялық экран, бейнепроектор,слайдтар, таразы, жүктер жиынтығы, болат шар, стакандағы су, ағаш білеуше, сызғыш, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы
Сабақтың типі: кіріктірілген сайыс-сабақ
Пәнаралық байланыс: математика, информатика
Сабақтың әдісі: топтап оқыту әдістемесі, тренинг, демонстрациялау, иллюстрациялық, түсіндірме сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру;
ә) сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру;
б) сабақ мақсатымен және жоспарымен таныстыру
(Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау

1. (Тақтаға әр топтан 1 оқушы шығып, 11-жаттығудың 1-есебін шығарады)
m = 0,00005 г = 0,00000005 кг = 5.10 -8 кг;
m = 2,5 г = 0,0025 кг = 25.10 -4 кг; m = 400 г = 0,4 кг
2. («Дененің массасы» тақырыбын жалпылама сұрақ – жауап түрінде сұрау мақсатында қойылатын сұрақтар слайд арқылы экранда бейнеленеді)
А-тобына
1. Масса дегеніміз не ?
2. Массаны қандай әріппен белгілейміз ?
В-тобына
3. Массаны немен өлшейміз ?
4. Килограмм дегеніміз не ?
С-тобына
5. Екі дененің массасының қатынасы неге тең ?
6. Массаның өлшем бірліктері қандай ?

ІІІ. Жаңа сабақ

(Сабақ бейнепроектор арқылы слайдтарды демонстрациялау әдісі бойынша түсіндіріледі.)
Бізді қоршаған денелердің барлығы қандай да бір заттан жасалады. Барлық денелердің өздеріне тән пішіні, көлемі, ауданы, массасы болады. Егер қажет болса денелердің осындай осындай сипаттамаларын өлшеулер жүргізу арқылы анықтай аламыз. Мысалы: дененің массасын таразыға тартып анықтаймыз. Дененің массасы оның өлшеміне, қандай заттан жасалғанына тәуелді. Мысалы: алюминий < темір < қорғасын. Демек, көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр жеңілдігін анықтай аламыз. Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттілігі туындайды. {1,2-cлайд}

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. {3,4-cлайд}

Заттың тығыздығын-, дененің массасын–m, оның көлемін-V әріптерімен белгілесек, онда онда заттың тығыздығын мына формуламен анықтаймыз:
 = m
V
Сонымен, заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек. {5-cлайд}
Заттың тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Халықаралық жүйесінде килограмның метр кубқа (кг/м3) қатынасы алынған. {6-cлайд}

Бұл – көлемі 1м3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер барысында тығыздықтың басқа да бірліктері қолданылады:
1г/см3 = 103 кг/м3; 1 кг/м3 = 10-3 T/м3
Кейбір газ тәрізді, қатты және сұйық заттардың тығыздықтары қосымшадағы 6, 7, 8-кестелерде берілген. {7 – 9-слайд}

Заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда оның массасын m =  .V формуласы арқылы анықтауға болады.
Мысалы, өлшемі 250 х120 х65 мм кірпіштің массасын есептейік.
Берілгені: ХБЖ Шешуі: Есептелуі:
a=250 мм 0,25 м m= .V
b=120 мм 0,12 м V = a.b.c m=1800.0,25.0,12.0,065=3,51 кг
c=65 мм 0,065м m= . a.b.c
 =1800 кг/м3
m – ? Жауабы: m=3,51 кг

Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін V= m формуласы арқылы анықтауға болады. 

IV. Бекіту тапсырмалары

1. Жаттықтыру тапсырмасы.

№1. Тығыздықтың сан мәндерін кг/м3-пен өрнекте:

1-топ 2-топ

2,5 г/см3=2,5. 1000000
=2500 кг/м3
0,07 кг/дм3=0,07. 1000
=70 кг/м3
1000 1

3-топ

0,8 кг/л=0,8. 1000
=800 кг/м3
1

2. Оқулықпен жұмыс.

1-топ 2-топ 3-топ
12-жаттығу (2) 12-жаттығу (5) 12-жаттығу (6)

3. Эксперименттік тапсырма

(Әр топ тәжірибе деңгейін таңдап, 2 оқушының бірі орындап, екіншісі есептеулерді орындайды)

V. Қорытындылау

(Слайд тақтада бейнеленеді, әр топтан 1 оқушы шығып кестені толтырады )
1-топ оқушысы тығыздықтың белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласы
2-топ оқушысы көлемнің белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласы
3-топ оқушысы массаның белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласы

Қалған оқушыларға қойылатын сұрақтар

1. Тығыздық дегеніміз не ?
2. Тығыздықтығ қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?
3. Тығыздықты қандай әріппен белгілейміз ?
4. Барлық заттардың тығыздығы бірдей ме ?
5. Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда көлемді қалай анықтаймыз?
6. Егер дененің көлемі мен тығыздығы белгілі болса, онда массасын қалай анықтаймыз?

VI. Үйге тапсырма беру

§ 32, № 279, 309, 4.1.-эксперименттік тапсырма

VII. Бағалау
(Оқушылар теориялық білімі және есеп шығара білу дағдылары бойынша бағаланып отырады. Қорытынды бағасы слайд арқылы бейнеленеді. )

топ теориялық білімі есептер шығару дағдысы бағасы
А-1
А-2
А-3
А-4
А-5
А-6
А-7
А-8
В-1
В-2
В-3
В-4
В-5
В-6
В-7
В-8
С-1
С-2
С-3
С-4
С-5
С-6
С-7
С-8

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.