Физика-11. Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін.

Бекмуханова Айнагуль Хамидуллиевна. Батыс Қазақстан облысы.Сырым ауданы. Талдыбұлақ жалпы білім беретін  балабақша- мектеп кешені. Физика және математика пәнінің мұғалімі.

Қайталау.
Сабақтың мақсаты: Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін бекіту мақсатында оқушылардың ой өрісін дамыту.
Оқушыларды жинақылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық плакат,жарнама

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдасыру бөлімі. (психологиялық дайындық) .Оқушылар бір- біріне сәттілік тілейді.
ІІ. Теориялық сайыс. Оқушылардың білімі тексеріледі. Мамандар қосымша мағлұмат береді.

Бүгін, жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін қайталаймыз. Бұл сабақты конкурс түрінде өткіземіз. Біздің сабағымызға бірнеше өндірістің менеджер басқарушы мамандарына (конкурс жария) бос орындарына конкурс жариялаймыз.

Конкурсқа мамандар шақырылады. Қазіргі нарықтық экономикаға менеджер -басқарушы мамандардың ролі өте зор. Менеджер- басқарушы әрі білімді,әрі іскер,әрі әдіскер,психологиялық жағынан жинақы ,әрі терең ойлатын,әрі өзі шығаратын заттарының қарқын тек өз жерінде емес, шет елде қалай бағаланатынын да білу керек.

Оқушыларға менеджер- басқарушы «маркетинг» жаңа ұғымы беріледі.

Маркентинг- ағылшын сөзі(маркет) рынок базар деген сөзден шыққан. Ірі капиталисттік коорпорациялардың өнімдерін тарту, жоспарлау,тұтынушы сұранысын зерттеу, жаңа өнімді өндіру, жарнамаға байланысты қазіргі заманғы басқару жүйесін айтамыз.

«Оптика» фирмасы
1-Оқушы:Жарықтың толқындық қасиетін түсіндіреді.
Маман -дәрігер: Жаңынан көргіштік, алыстан көргіштік , көз туралы айтады.

«Кескін » фирмасы
2-Оқушы Жарықтың кванттық қасиеттерін түсіндіреді.
Маман – фотограф: Фотоға түсіру, шығару процестерімен, фотоаппарат құрылысымен таныстыру.

«Инфра» фирмасы.
3-Оқушы: Инфрақызыл сәулелер туралы айтады.
Милиционер: Түнде көру құралының құрылысы жұмыс істеуімен таныстырады.

«Шам» заводы
4-Оқушы: Ультракүлгін сәулелер, оның физикалық табиғаты туралы айтады.
«Шам» электр жабдықтарын шығаратын заводқа менеджерлікке дәрігер физиотерапевт қатынасын ,ультракүлгінді сәулелі шамның құрылысы оның қолданылуы жайында түсінік береді.

«Ақтөбе рентген» заводы
5-Оқушы .Рентген сәулесінің пайда болуы,оның физикалық табиғаты туралы айтып түсіндіреді.
Маман дәрігер- рентгенолог рентген түтігінің құрылысымен жұмыс істеу жағдайымен таныстыру.

«Лазер» фирмасы.
6- Оқушы .Лазер сәулесінің енуі, оның қолданылуы туралы теориялық сайысқа түседі.
Лазер сәулесімен емдеуші- дәрігер.
Лазер сәулесімен жұмыс істейтін қондырғының жұмыс істеу жағдайымен (принципімен) таныстыру.

ІІІ. Іскерлік сайыс.Тақырыптық маркетинг. Топ оқушылары және мамандар жарнамалық плакаттарын көрсетіп өз фирмалары жайында жария етеді. Өз өндірісі шығаратын тауарын таратып,қолданатын жері: қай жерде, қай қалада,қай ауылда қолданылуы туралы жарнама беру.

ІV.Қорытындылау. (қонкурсты қорытындылау )

Сабақты қорытындылай келіп, оқушыларды жарықтық екі жақтылық қасиетін жарықтың дуализмі жөнінде түсінік беріледі. Оқушылар әрі теориялық ,әрі практикалық жағынан көп мағлұмат алады. Оқушылар өз еліміздің кәсіпорындарын дамыту керектігі жөнінде ойларын ортаға салады.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.