Физика-8. Жарық құбылыстары.

Бекмуханова Айнагуль Хамидуллиевна. Батыс Қазақстан облысы.Сырым ауданы. Талдыбұлақ жалпы білім беретін  балабақша- мектеп кешені. Физика және математика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Автордың басқа сабағы. Физика-7. Динамометр (көшіру).

Сабақтың мақсаты: білімділік: Жарық құбылыстары тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін,практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі : сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: кубизм әдісі
Көрнекілігі : слайд, оптикалық аспаптар, линзалар жиынтығы,балауыз, шам,ток көздері кілт, жалғағыш сымдар, тест сұрақтары, кластер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру барысы
2.Ой ашар. «Кім шапшаң» ойыны арқылы жүргізіледі.

Қай топ мүшелері әр жұлдызшаның сұрағына дұрыс жауап берсе,сол ұпайға ие болады.
1.Жарық деп қандай сәуле шығаруды атайды?
2.Жарық көзі болып табылмайтын дене?
3. Табиғи жарық көзін атаңдар
4. Жасанды жарық көзіне мысал келтіріңдер
5.Жарық сәулесі дегеніміз не?
6.Линза түрлерін атаңдар
7. Оптикалық құралдарды ата.
8.Оптикалық күш бірлігін ата?
9. Жинағыш линзадан қандай кескін алынады?
10. Шашыратқыш линзадан қандай кескін алуға болады?

3. Кубизм әдісі

I. Суреттеңіз

Алдарыңызда оптикалық құралдар көрсетілген. Осы құралдар туралы не білесіңдер?

Әр топ өздері таңдаған оптикалық құрал туралы сипаттама береді.

1-топ

Телескоп

Аспан денелеріне қызығушылық адамдарды үлкейткіш құралдар жасауға талпындырды. Олар аспан денелерін жақыннан көргісі, зерттегісі келді. Алғашқы үлкейткіш әйнек біздің эрамызға дейінгі 700-ші жылдары шыңыста жасалынды деген болжам бар. Алғашқы телескопты Голландық ғалым Ханс Липперсгей жасап шығарды. Ол трубаның екі ұшына үлкейткіш линза қойып, денені жақыннан көруге мүмкіндік алды. Ал италияндық ғалым Г.Галиллей 1589 жылы денені отыз есе үлкейтіп көрсететін телескоп жасап, Айдың және басқа планеталардың бетіндегі бедерлердің бар екендігін байқады.1668 жылы И.Ньютон айналы телескоп ойлап тапты.

2-топ

Фотоаппарат

Фотоаппаратта жарық бірнеше линзадан тұратын обьектив арқылы кіреді. Кнопканы басқанда шырт еткен уақыт ішінде затвор арқылы өтіп, жарық аппараттың арқы қабырғасындағы пленкада кескін береді.Пленкаға ерекше қоспа жағылған кескін сонда сақталады. Оны айқындау үшін пленканы арнайы сұйықтыққа батыру керек. Осылайша негатив алынады. Одан суретті қағазға басып шығарады. Қазіргі уақытта қалта телефондары арқылы және цифрлік фотоаппараттар қолданылады.

3-топ

Көзілдірік

Біздің көзіміз аккомодирлеуге , яғни әртүрлі қашықтықтағы нәрселерді көруге икемделген.Алыстан көрушілікпен қиналатын адамдар қашықтықтағы нәрселердің кескіні тар қабықта тоғыстыра алмайды, ал алыстан көргіштікпен азап шегетін адамдарда көзге жақын нәрселердің кескінін көре алу мүмкіндігі жоқ. Сфералық линзаны қарапайым көзілдіріктер көзге қатысты нәрселерді «жақындата», «алыстата» отырып, көздің алыстан көрмеушілік немесе алыстан көргіштік кемшілігін түзетеді.Бірінші жағдайда шашыратқыш, екінші жағдайда жинағыш линзалар пайдаланады.

4-топ

Калейдоскоп

Үш айна және түбіне ұсақ әйнектер салынған. Онда өте әдемі күрделі әшекей өрнек пайда болады. Ондай суретті табиғат салу мүмкін емес. Калейдоскоп 1816 жылы Англияда жасалған. Екі жылдан кейін Россияға келген.

1900 жылы жарықтың жазық айнадан шағылу заңына негізделіп жасалған қозғалмайтын калейдоскоп «Елес сарайы» жасалған .Алты қырлы зал, қабырғасы түгел айна параллель түзулермен сызылған. Ішіне кірген адамдар 468 залды көрген.

II. Салыстырыңыз

Жарықтың сыну және шағылу заңдарын тәжірибе жүзінде салыстырыңыз.

1-тәжірибе : Стакандағы суға карандаш салу

2-тәжірибе: Оптикалық дискіні пайдаланып әртүрлі фигуралардағы линзалардың сынуын көрсету

3-тәжірибе : Айнадағы нәрсенің кескінін көрсету

4-тәжірибе : Айнаға және шыныға шырақты жағып кескін аралықтарын бақылау

III.Зерттеңіз

Линзаның көмегімен әртүрлі қашықтықтағы кескінді эксперимент жүзінде көрсету.

Қажетті құралдар : ток көзі ,кілт, жалғағыш сымдар , линза жиынтығы

IV.Қолданыңыз

Линзаның оптикалық күшін анықтау

№1 Фокус аралықтары +5 см , +20 см, -2 м болатын линзаладың оптикалық күшін анықтаңдар.

№2 Бір көзілдіріктің оптикалық күші +4 дптр, екіншісінің оптикалық күші – 2дптр. Осы көзілдіріктерді киетін кісілердің қалай көретіндері туралы не айтуға болады.

№3 Фотоаппарат обьективінің фокус аралығы 58 мм . Оның оптикалық күші қандай?

№4 Біреуінің оптикалық күші +2,5 дптр, ал екіншісі-2,5 дптр болатын линзаладың бір-бірінен айырмашылығы неде?

V.Елестету

Жарық құбылысы туралы ойлағанда көзіңе не елестетуге болады?

Жарық біртекті ортада тарайды.

Саңылау арқылы өткен жарық түзу сызықпен тарайтындығына көз жеткізуге болады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Автордың басқа сабағы. Физика-7. Динамометр (көшіру).

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.