Технология сабақтары (қыздар).

Жакупова Сәнімгүл Әбдірашитқызы. Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі.


Ою-өрнектің классификациялық мәнері.

Ою деп заттың,бұйымдардың,жиһаздардың,ғимараттардың сыртқы пішініне,түріне,шығармашылық әуеніне ерекше мәнер,қосымша әсер беріп,қарапайым симметриялы элементтерден құрылып,ырғақ,теңеу,рең арқылы түзу жазықтықта немесе квадрат,ромб,шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті айтады.

Оюды кілемге,сырмаққа,текеметке,киімдерге,ыдыс-аяққа,үй жиһаздарына,аяқкиімдерге,зер-герлік бұйымдарға,сәулет ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады.

Заттың,бұйымның сыртқы пішініне,алатын орнына,атқаратын қызметіне,пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып,бояп,бедерлеп,өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған.

Ою-өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді.Олардың барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері жатыр.Ол-нүкте,ол-сызық,бұлар классикалық төрт топтың негіздері.

Классикалық ою-өрнектің төрт тобына: геометриялық ою-өрнектер;жан-жануарлар,хайуанат-тар ою-өрнектері;өсімдік тектес ою-өрнектер және космогониялық ою-өрнектер жатады.Ою-өрнектің қайсысын адам баласы бірінші ашып,көркемөнер шығармасы ретінде қолданғанын дәл зерттеп ашқан ешкім жоқ.Ашып дәлелдеу де мүмкін емес.Қайсысының бірінші қайсысының екінші екендігі туралы,ою-өрнектің бір-біріне қалай бағынатындығы туралы сұрақтарға тек арнаулы физикалық,математикалық заңдылықтарға негіздеп жауап беруге болады.Ол тек ғылыми тұрғыдан берілетін тұжырым.

Сондықтан ою-өрнектерге талдау жасап классикалық топқа бөлмес бұрын ою-өрнектің негізгі құрылымы қалай,оюдың өзәне тән ерекшелегі неде,композициялық орналастыру ережесі не,ою-өрнектің пішінін,құрылысын,симметрияның әсері қандай деген сұрақтарға жауап беруіміз керек.Ою-өрнекті халық шеберлері сәулет,кескіндеме,қолданбалы өнерде пайдаланған.Осыған орай ою-өрнек үлгілері араласқан бұйымтұрмыста қолдану негізіне қарай екі топқа бөлінеді.Біріншісі,ою ешқандай заттарды көркемдемей-ақ өз алдына әшекей ретінде қолданылып,көрермендерге эстетикалық сүйсініс,әсер береді.Бұндай жағдайда оның көркемдік,әсемдік жақтары пайдаланылады.Екінші түрінде оюлар шебердің қолынан шыққан заттарды көркемдеп толықтырып,айрықша көрініс,сәндік мән-мағына береді.Яғни,ою-өрнек жасалған заттың ерекше бөлінбей оның формасын,пішінін ерекшелейді.Осындай бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланылуымен қатар көрермендерге эстетикалық ләззат және рухани байлық боп ерекше сезімге бөлейді.Қазақ ою-өрнектерінің өздеріне тән сыңар ою,тең,жүздеме ою секілді композициялық құрылымдары қалыптасқан.Аталған оюларда да композицияның классикалық орталық бөлік,шет,жиек фон негіздерімен бірге,симметриялық тепе-теңдік ,тұйықтық,орнықтылық категориялары сақталған.Мысалы,толқын,ирек,су,омыртқа,айшық,сыңар мүйіз,бұғы мүйіз,қолтықша,тарақ оюларынан орнықтылықты,байыптылықты байқауға болады.

Оюлар құрылысына,жазықтыққа,кеңістікке тұйықталу мәніне және образдардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы,мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар,хайуанаттартар образын сипаттайтын оюлар;гүл,жапырақ,орман,тоғай,жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою-өрнектер ;тұрмыс шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш,төрт,ромб және т.б.көп бұрышты геометриялық оюлар;Айды,Күнді,аспанды,бүкіл әлемді сипаттайтын космоногиялық ою-өрнектер.Ата-бабаларымыз осы топтарға құрылысына,мән-мазмұнына қарай атаулар беріп,оқып,танып бір-бірінен ажырата білген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Қазақ қолөнері. Қ.Әмірғазин 2ОО4. Алматы.
2. Мектептегі технология журналы.2ОО9 жыл,№3.
3.Қазақ халқының қолөнері.С.Қасиманов 1969 жыл.
4.Мектептегі технология журналы. 2ОО7 жыл,№5.


Күні:1.12.11.
Сыныбы: 5.
Пәні: Технология.
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тігін машинасын ұмысқа дайындауды,тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін,тігін машинасының жоғарғы және төменгі бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1.Тақырыпты меңгерту.
2. Машинада жұмыс жасау.
3. ТҚЕ қайталау.
Көрнекі құралдар: Тігін машинасы,интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың типі: Іскерлікті қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,практикалық жұмыс.

І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2. Бөлме тазалығын қадағалау.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4. Ережелерді қайталау.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Қайталау сұрақтары арқылы:
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Мата неден тұрады? (Талшықтан)
4. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
5. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? (Ереже)
6. Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)
7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін)
8. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы)
9. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 )
10. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
11. Еңбек құралдарын атаңыз. (мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.)
12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)
13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)
14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)
15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)

ІІІ.Жаңа сабақ.
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді.Доғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.

Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.

Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
-жіпті инеге сабақтау.

Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі.
-Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
-Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
-Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны.
-Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері жібер.

ІV. Практикалық жұмыс.
1.Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену.
2.Мұғалім қадағалау,қатемен жұмыс жасау.
3.Тігістің сапасын тексеру.

V. Бекіту сұрақтары.
1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай?
2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай?
3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай?

VІ.сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады?

VІІ. Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беру.
Сабақ барысында сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау.Тақырыпты мазмұндау.


Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Шебер қолдар»
Шалқар қаласы,2011 жыл.
Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру.Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал- жабдықтар: мата,ине,жіп,қайшы,тарақ,айна,желім,түрлі-түсті қағаз.

Көреремен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап тым отыру жараса ма?
Туыс дос сыныптас дос танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бұл жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр,ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. «Алғырлар» және «Тарқырлар» тобы.

Сайскерлерімізге сәттілік тілей отырып біздің күнделікті іс-әрекеттеріміз білімге,оқуға,үйренуге бағытталған,бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса шапшаңдық,тапқырлық қажет деп ойлаймын.Дұрыс па, балалар?!

Ендеше,білім мен өнеріне баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік:
1.Биология пәнінің мұғалімі Жандосова Ләззат Амантайқызы
2.Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға Өтеуліқызы
3.ұйымдастырушы- педогог Төлегенова Гүлжайнар

1-кезең: Сәлемдесу өз топтарын таныстыру.
2-кезең: Жарнамалау. Қоржынның ішінен таңдап алынған бір затқа жарнама жасау қажет.Сонымен,жарнама бөлімін бастайық.
3-кезең: Шаштараз өнері деп аталады.Шарты шашты әдемілеп өру керек.
4-кезең: «Жорға» сайысы. Бұл сайыс ең шешуші сайыс болмақ.Сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға сайысының шарты 1-минут ішінде сіздерге арнап сұрақтар қойылады,дұрыс жауабын шешу сіздердің еншілеріңізде.Ендеше іске сәт,сайыскерлер.

1.Тігін машинасының неше түрі бар? (3)
2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран,қатық,кілегей т.б)
3.Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4.Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үш түрі бар)
11. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады? (суретіне,жылтырлығына,тегістігіне қарай)
12.Шайдың отаны қай ел? (қытай)
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі,етік т.б)
14. Бәрін тойдырады,ал өзі жемейді? (қасық)
15. Жарқылдаған қос қылыш,қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
16.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру керек? (ұш жағын өзіңе қаратып беру керек.)
17.Шебер көп жерде (өнер) көп.
18. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдап алу қасиеті қандай қасиет? (ылғал өткізгіштік)
19.Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
20.Мата неден тұрады? (талшықтан)
21. Биылғы жыл қандай жыл? (қоян)
22.Матадағы негізгі жіп пен арқау жіп қалай орналасады?
23.Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)
24.Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Күйіп қалмау үшін)
25. Еңбек қылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
26.Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдар ы қажет? (мата,кергіш,ине ,жіп,қайшы.)
27. Ас үй құрал –жабдықтарын атаңыз. (қасық,пышақ,шанышқы,тақтай,т.б.)
28. Саусаққа киетін құрал? (оймақ)
29. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (кимешек)
30.Қой терісінен тігілген ер адамдардың сырт киімі? (тон)

5- кезең: Түйме тағу. Бұл сайысымызда ортадан бір сайыскер шығып өз шеберлігін ортаға салып түймені тағып көрсетеді.
Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз.
Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді
Жасыңда оқып жиып ал
Тепкілесең кетпейді – деген өлең шумағымен сайысымызды аяқтаймыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.