Информатика. Операциялық жүйе түрлері.

Байғуатова Жанар Мәулен қызы Батыс Қазақстан облысы №18 кәсіптік мектеп

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Операциялық жүйе туралы түсінік беру. Операциялық жүйенің түрлерін және операциялық жүйенің не екендігін, пайдалану жолдарын меңгеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін жан – жақты дамыту, өз ойын толық жеткізе білу дағдыларын, компьютерде өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі шыңдау және пайдала білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Оқушы білуі тиіс:
– Операциялық жүйенің не екенін ұғындыру
– Операциялық жүйенің түрлерін.

Оқушы меңгеруі тиіс: – Операциялық жүйемен жұмыс істеуді меңгеру.

Пән аралық байланыс: Математика
Көрнекілігі: қазақша – орысша сөздігі, плакат, қателерді анықтау, топшамалар,
Техникалық құрал: Компьютер, Интерактивті тақта,

Сабақтың құрылымдық кезеңдері.
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. Алгаритимдік – бұрынғы жинақталған білімдерін пайдаланып, өз бетімен орындайтын тапсырмалар.
а ) Жалғасын тап.
3. Оқулық – бәрі білуге міндетті, мемлекеттік стандарттық деңгейдегі тапсырмалар.
а ) Жаңа сабақ
б ) Дәптермен жұмыс
4. Эвристикалық деңгей -оқушы өзі толықтырады, өзі табады, өзі шешеді, өзі ізденеді
а)Машықтық жұмыс
б) Қатені анықтау.
с) Қас – қағым сәт.
5. Шығармашылық деңгей. –Оқушылардың шығармашылық ізденісі.

6. Қорытындылау, бағалау.
7 .Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру бөлімі.
( Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)

II Өткен тақырыпты тексеру.
Жалғасын тап.

I топ
1.Мәтін ……. ( компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі)
2.Мәтін түрлері……..(кәдімгі, кестелік, программалық )
3.Кәдімгі мәтін……..( ең көп таралған мәтін маңызды обьектілері символ, әріп, сан, белгі, сөз, жол, абзац )
4.Кестелік мәтін… (жол, баған, жол)

II топ
1.Ж ………….. жартылай қарайтылған
2.Ч …………….. асты сызылған
3.К ………… … курсив
4.Мәтінді көшіру үшін…….. копировать батырмасын басып керекті файлға барып, вставить командасын басамыз.

III Жаңа материалды түсіндіру.
1.Оқулықпен жұмыс

Операциялық жүйе дегеніміз – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – бір сөзбен айтқанда терезе деген ұғымды білдіреді.

Операциялық жүйе- программаларды іске қосар алдында жүзеге асады, яғни барлық мүмкін деректерді оларға беруге, олардан алуға программа жұмысын басқаруға өзгертуге мүмкіндік береді. Операциялық жүйе – адам мен компьютердің электрондық құрауыштарын, программаларды реттеуші қызметін атқарады.

Д.К операциялық жүйесін – дүние жүзінде жүздеген миллион адам қолданады.
Қазіргі кездегі өмірде телефон соғу, теледидар қосу, банк қызметін почта қызметін пайдалана білу қандай қажет болса, дәл солай операциялық жүйеде қажеттілік болып табылады. Қазіргі операциялық жүйелер – жылдар бойы, жүздеген, мыңдаған күрделі программалардан тұрады. Дербес компьютер бір кісіге арналған компьютер. Осы

Д.К – де операциялық жүйенің өзі қосылып отырады. Шынында да біз оның қалай іске қосылғанын біз білмейміз. Оны білу тіпті мүмкін емес. Операциялық жүйенің программаларын қалың томдарға әрең сыяды. Оны толық оқып үйрену жылдарға созылуы мүмкін.

– Біз тек жүйелік блоктағы повер батырмасын басымыз болды. Оның қалай қосылып жатырғанын ешкім білмейді. Ол компьютердің ішінде өзімен – өзі қосылады.

Мысалы: Біз дискіні саламыз ол қандай жолдар арқылы ашылғанын білмейміз тек батырмасын басамыз.
Операциялық жүйенің түрлері.
Операциялық жүйе – бір міндетті және көп міндетті болып бөлінеді.
Бір міндетті – операциялық жүйе қай кезде де адамның тек бір ғана іспен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Көп міндетті – операциялық жүйе – бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұлар бір – біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Бір міндеттілердің қуаты аз компьютерде жұмыс істейді. Олар көп міндетермен теңесе алмайды.

Д.К
– де бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және әрбір пайдаланушы өз ақпаатына пароль енгізіп, өзі аша алатын ақпаратына шыға алады.
UNIX ( ЮНИКС) – бірнеше адам жұмыс істеуіне әрбір пайдаланушының жұмысына терминал орнатылуы керек. Ол арнайы программа болуы мүмкін.
Ол компьютерден бірнеше метр қашықтықта болуы мүмкін. Егер мекеменің компьютерінде модем орнатылған болса, терминал ретінде жұмыс істейді. Терминал internet арқылы байланыусы мүмкін. Қазіргі кезде Д.К- дің операциялық жүйесінің екі типі кең таралған. Windows 95
-Қазіргі кезде қолданылып жүрген Windows Х.Р

2. Эвристикалық деңгей.
а) Машықтық жұмыс.

Компьютерді іске қосу үшін жүйелік блоктағы пуберді басамыз. Пубер дегеніміз -жүйелік блоктың батырмасы. Сол кезде Windows- тың операциялық жүйесінің жүктелгенін байқаймыз. Windows- тың ортасында терезе орналасқын.

Терезе – экрандағы түрлі программаларды орындайтын тік төртбұрышты аумағы және о.ж негізгі обьектісі болып табылады. Содан жұмыс үстелінің терезесі шығады.
Онда таңбашалар орналасқан. Сетевое окружение жергілікті желі Мой компьютер, мой документ файылды сақтауға негізделген. Жұмыс үстелінің бетін өзгертуге болады. Ол үшін жұмыс үстелін іске қосу батырмасын басамыз.
Пуск- настройка – Панель управления батырмасын басамыз.

1. Осы экрандағы түсті өзгерту.
2. Дата / времия батырмасын басып күнді, айды, сағатты, түзетуге болады.
3. Свойства экрандағы заставка батырмасын басып текстке бір мәтін енгізіп, жылдамдығын, өлшемін таңдау.
4.Звук

В) Қатені анықтау.
1.Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты.
Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді
( жүйелік блок ) іске қосамын. Тышқанмен ( пернетақта ) әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді ( Point ) пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті (сканерді) қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге (принтер ) қағаз саламын. Принтер (калонка ) арқылы әндерді тыңда, калонкаға (Принтерге ) құжаттарымды сақтаймын.
Жауабы: 7 қате

2. Бір оқушы компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы өзінің әңгімесін жазыпты.
Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

– Менің түсінігім бойынша Операциялық жүйе компьютерлерді сөндіргенде (қосқанда ) барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Windows- ты мен үй (терезе ) деп аудардым. UNIX программасы бойынша тек (бірнеше адам ) мен өзім ғана жұмыс істеймін. Ал енді күнді (дата) және уақытты (времия ) немесе экран бетін өзгертейін десем, қандай батырмаларындың көмегі қажетін немесе қандай басқада жолдары барын білмей отырмын.
Жауабы: 4 қате

С) Қас – қағым сәт.
1. Windows дегеніміз? (Көп терезелі ож)
2.Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы және қайда орналасқан. ( Процессор)
3.Ақпаратты сақтауға арналған құрылғы ( жад)
4.Ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы (Пернетақта)
5. Компьютер жұмысын басқаруға арналған қол тетік (тышқан )
6.Компьютер жадынан түрлі ақпараттарды экранға шығаруға арналған құрылғы (Монитор)
7.Шығару құрылғыларына нелер жатады. (принтер )
8.Енгізу құрылғыларына (пернетақта, тышқан, фотоапарат, сканер, джойстик, бейнекамера )
9.Операциялық жүйе дегеніміз не? ( Ақпараттарды өңдеу бойынша компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі)
10. Операциялық жүйе түрлерін ата? (Бір міндетті, көп міндетті)
11.Операциялық жүйенің жүктелу үшін блоктан қандай батырманы басамыз. (Повер)
12.Жұмыс үстеліндегі экран бетін қалай ауыстырамыз.
(Пуск – настройка – Панель управления экран батырмасын басамыз.)
13.Операциялық жүйе түрлері. (Windows NT Windows 95)
14.Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (СD – R)

3.Шығармашылық деңгей.
(Оқушы өз бетімен сөзжұмбақ, тест құрастыру.)

IV. Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма беру (Операциялық жүйе )

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.