ТАҚЫРЫБЫ: "ХАЛЫҚ ӨНЕРІ- АСЫЛ ҚАЗЫНА" (колледжде өткізідген топ тс).

Аккушкарова Жанат Кадрбаевна, Арнайы пән оқытушысы. Ақтөбе қаласы. Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі.

Топ сағатының әдістемелік нұсқамасы
Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.
Мақсаты.
1/салт-дәстүрді дәріптеп, студенттердің өз халқына,ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып,эстетикалық тәрбие беру.
2/.Жастарды адамгершілікке,сыпайлыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
3/.Топтағы оқушылардың бойындағы өнерлерін көрсету
Көрнекілігі: қанатты сөздер,слайд-шоу,газет,шарлар,гүлдер.
Қанатты сөздер:
1/. «Өнерлі өрге жүзер»
2/. «Жігітке жеті өнерде аз»
3/. «Өнер алды-қызыл тіл»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар

Бүгінгі КГЭАТК-305 тобының Халық өнері асыл қазына атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.Ашық тәрбие сағатының мақсаты: салт-дәстүрді дәріптеп, оқушының өз халқына, ұлтына туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып эстетикалық тәрбие беру.Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа,инабатылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,салт-дәстүрі,тілі, өнері болатыны белгілі.Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен ана әлдиінен,ананың қасиетті сөздероінен қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз.

Құрманғазы  Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала
Әр адамда өз  анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері түп қазығы, айбыны

Туған тілі-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Асылбек:

Және туған тарихы,еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған,
Қасиетті бұл төрт ана
Тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес
Күрестердің ұлысы

2-жүргізуші

Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс.Дені сау,сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы бір сырлы» өз елін, Отанын қорғай алатын азамат өсіру халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманы болып келеді.Осы арман дене,ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің түрлері арқылы ұрпақтан ұрпаққа заманалар бойы халықтың салт- дәстүрлері мен әдет ғұрыптарында марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырады.

1-жүргізуші
Сәлем-анам-алтын күн
Сәлем қартым- халқымның
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық бюолсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз-деп

2-*жүргізуші

Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе

Нұртілеу:

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыпты
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілтеді жыр гүлі

Бекзат: Төле би,ер Қазыбек тілді Әйтеке

Асқар тау Қазығұрттай білімді еді
Бірі-күн туған айдай болып,
Заманға сәйкесімен келіп еді
Егемен  болмай-ел болсам,
Етек-жеңі кең болса
Терезесі тең болса,
Енді қазақ кем болмас.

1-жүргізуші

Жалпы өнерге келетін болсақ,өнер- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін,жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы

Нұрбол

Бұрын біздер көрмеген
Салт дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өрлеген
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай бізді де,
Бар дәстүр мен салтымыз

Қасымхан

Туған соң адам боп
Білімсізден  жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп
Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты

2-жүргізуші
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпына алмай,өзгертіп,түрлендіріп,көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс.Оны қоғамдық сананың өзгер формаларынан доралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады

1.Жерден ауыр не, судан терең не
Көктен биік не,оттан ыстық не

Жерден ауыр-ақыл білім
Судан терең оқу-ғылым
Көктен биік тәкапардың көңілі
Оттан ыстық адамға не керек
Қайырымдылық,мейірімділік,
Қоғамшылдық,білім керек

Балдан тәтті не
Қылыштан өткір не
Балдан тәтті-бала
Қылыштан өткір-тіл

Жеті ата деген кім
Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат

Кім неден үмітті

Ауру-жазыламын деп үмітті,
Жарлы-байймын деп үмітті,
Қашқын құтыламын деп үмітті
Ұлсыз ұлды боламын деп үмітті
Дүниеде тоймайтын не
Көз көруге,құлақ естуге тоймайды
Жер-жауынға,жол тұйыққа,
Дария-суға тоймайды,аспан-буға,
Сері-серуенге тоймайды.

1-жүргізуші

Өмірдің мақсаты-дүниені,адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыда игеру.Өнердің көркем әдебиет,музыка,кескіндеме,театр, кино,би, сәулет өнері т.б. түрлері бар.

Нұрлан
Мен қазақпын,қанымен сүйегіме
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін мен оған иемін мен

Абзал

Шаңыраққа 80 уық болар тіреу
Алты қанат ақ боз үй дерсің мұнгы
Сұраса сынап біреу-міреу
Буынып белбеу арқан басқұрана
Жабылар туырлық,үзік  қажырына
Төрт баулы түндік сонан соң орын тебер
Киіз үй күмбезіне бастырыла

2-жүргізуші

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілдетті жыр гүлі

Бейбіт
Өнер-ердің қанаты
Өнер алды бірлік
Ырыс алды тірлік
Өнер жұтамас қазына
Өнер көзі халықта
Өнер сыры өрнекте
Өнер табуы өрге шабу
Өнер алды қызыл тіл
Өнер өлгенше жолдас
Өнер алды құштарлық
Өнерлі бала сүйкімді
Өнерліге өлім жоқ

Құрметті қонақтар бүгінгі «Халық өнері асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатына келгендеріңізге рахмет Ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз

Сабақтың көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.