Химия-8. Элементтердің валенттіктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

Есхожинова Гүлсім Қабдығалымқызы. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын игеру және химиялық формула арқылы биэлементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін қалыптастыру.
Дамытушылық:Элементтердің таңбаларын,валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өзгені тындап,өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес,өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Дидактикалық карточкалар, сахналық көрініс «Су туралы ертегі».
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру және дағдыларды бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Әңгіме,сұхбаттасу.
Пәнаралық байланыс:Математика, физика, әдебиет

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
1.Оқушылармен сәлемдесу, тексеру.
2.Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық кезеңі.
1.Валенттілік дегеніміз не?
2.Валенттіліктің өлшемі ретінде қандай элементтің валенттігі алынған.
3.Тұрақты және ауыспалы валенттілікті қалай түсінесіңдер
4.10 жаттығу. Биэлементті қосылыстардың валенттілігін анықтау.
HCl, PH3, Cl 2O5, Al 2O3, MgO, SCl5, H 2S, CO2.

III.Жаңа сабақты оқып үйрену.
Формуланы табу алгоритімі:
V II
P2O5 фосфор (V) оксиді.
P O элементтердің таңбаларын жазу.

V II элементтердің валенттілігін көрсету.
5*2=10 валенттілік мәндерінің ең кіші ортақ есеп
10:2=5 қосылыстағы эленттер атомның санын табу.
P2O5 элементтердің индекстерін жазу.

Ертегі су туралы.
Ерте –ертеде, ешкі жүні бөртеде Менделеев сарайында 109 химиялық элемент өмір сүрген.Солардың ішінде көрікті сұлу О Оттекқызы болған.
Бір күні О Оттекқызы оқ қағары Темір Феррумлекұлыменпен серуендеп жүргенде,өз атымен өтіп бара жатқан, Аш Сутекұлы ханзаданы көріп ғашық болып қалады.
Аш Сутекұлы ұзақ уақыт жүреді,бір уақытта Темір Феррумлекұлының жоқтығын пайдаланып , О Оттек қызына сезімін білдіріп, ғашықтығын айтады.Осы кезде Темір Феррумлекұлы келіп қалып, шайқас басталады.О Оттекқызының Аш Сутекұлының сезімін білдіргендігіне риза болып, шайқас соңын күтеді.
Темір Феррумлекұлы бар күшімен Аш Сутекұлының бір қолын шауып алады да, өзінің қойнына салып,қансыраған жауын тастап шайқас алаңынан кетеді.Осыдан бастап сутек I валентті, ал темір II және III валент.Ол Оттек қызы Аш сутек ұлы тұрмысқа шығап, үйлену тойларын жасап, дүние жүзілік саяхатқа аттанады.Қазіргі кездегі жер қорының су алып жатқан бөлігі,олардың жүрген жолы H 2O.

IV. Сабақты бекіту №3,4 жаттығулар жазбаша.
№3. K 2O, CaO, SnO2 , N 2O5, SO3,
№4. CO2, CN4, CS2, CF4, Na 4C,

Бағалау.
VI. Үйге тапсырма, § 11,12. №4 37 беттегі.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

2 комментария

  1. маган тенестиру реакцияга калай тусуин уйретинизши

  2. маган тенестиру реакцияга калай тусуин уйретинизши

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.