Физика. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Байғуатова Жанар Мәулен қызы Батыс Қазақстан облысы №18 кәсіптік мектеп

Сабақтың  тақырыбы:
Сабақтың  мақсаты:
Білімділігі:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр  кедергісі ұғымын  қалыптастыру.  Өз жетістіктерін  сезініп, сын көзбен  қарауға үйрету.
Тәрбиелігі: Физика  сабағын  халық  педагогикасымен  байланыстырып, яғни Поэзия өлең, жұмбақ шешуді  сабақтың  кейбір тұстарында  пайдаланып, оқушыларды  пайымдауға, ойлануға  тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың  танымдық қасиеттерін   шығармашылық қабілетін  күнделікті  өмірмен байланыстыра  отырып, пайдалана  білуге  баулу.  Оқушылардың   ой-өрісін кеңейтіп,  ойлау  қабілетін дамыту.
Сабақтың  түрі:             Іскерлік ойын – жарыс  сабағы
Сабақтың  әдісі: Сұрақ –  жауап,
Көрнекілігі: Үлестірмелі  материалдар,  топшамалар.
Пән  аралық  байланыс: Қазақ  әдебиеті

Сабақтың  құрылымдық  кезеңдері.
1. Ұйымдастыру  бөлімі.
2. Өткенге шолу.
3. Белсенділік  ұстанымы.
4. Сиқырлы  терезе
5. Шығармашылық  жұмыстар.
6. Өзін  –  өзі  тексеру.
7. Қорытындылау,  бағалау.
8. Үйге  тапсырма.

Сабақтың   барысы.
I  Ұйымдастыру  бөлімі.
(Оқушылардың сабаққа  қатысын , дайындығын, оқу  құралдарын  тексеру.)

II Өткенге шолу.
(Өткен  тақырып  бойынша тест)

– Оқушылардың  білімін  тест  арқылы үй  тапсырмасын  тексеру.

1.Кернеуді  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Амперметр               В.Спидометр        С.Омметр                  Д.Вольтметр

2.Ток  күшін  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Динометр                 В. Амперметр       С. Вольтметр            Д.Омметр

3.Зарядтың  өлшем  бірлігі?
А. Ампер                      В. Кулон                С. Джоуль                Д. Вольт

4.Жұмыстың  өлшем бірлігі?
А. Ватт                         В.Ом                       С. Вольт                    Д.Джоуль

5. Кедергіні   өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Амперметр         В. Динометр                С.Омметр             Д.Вольтметр

6.Уақытты  өлшейтін  құралды  көрсетіңдер?
А. Секундометр       В.Омметр                  С.Спидометр        Д. Амперметр

7.Кедергінің  өлшем  бірлігі ?
А. Амперметр               В.Спидометр        С.Омметр                  Д.Вольтметр

8. Жылдамдықтың   өлшем  бірлігі ?
А. Ампер                      В.Метр /секунд               С. Джоуль                Д. Вольт

III   Жаңа  материалды  түсіндіру.

–  1827ж   Неміс  физигі Г.Ом   Пропорционалдық   k    коэффициенті  өткізгіш  материалының  тегіне  және  оның  өлшеміне  тәуелді екендігін,   бірқатар  тәжірибелер  нәтижесінде  осы   тәуелділікті  ашып,  k  коэффициентінің  орнына  оған  кері   R =  1/  k  шамасын  алып, оны  өткізгіш  кедергісі деп атады.
Г.Омның  құрметіне кедергі  оммен  (Ом ) өлшенеді.

1 Ом –  ұштарының  арасындағы  кернеу 1 В  болғанда,  бойына  1 А  ток  өтетін  өткізгіштің  кедергісі.

I= k U= U/R
Бұл   тізбек  бөлігі  үшін Ом  заңының  математикалық  өрнегі.

–  Тізбек  бөлігі  арқылы  өтетін  ток  күші  тізбек  ұштарындағы  кернеуге  тура  пропорционал  және  оның  кедергісіне  кері  пропорционал.
Өткізгіштегі ток  күшінің  кернеуге  тәуелділігі  вольтамперлік  сипаттама  деп  аталады. Өткізгіштің  кедергісі  оның l ұзындығына,   көлденең  S қимасының  ауданына  және  жасалынған  материалдың  қасиеттеріне  тәуелді.

R= pl/S
– мұндағы  р  –  өткізгіш  материалының  меншікті  кедергісі.  Меншікті  кедергісі  өткізгіштің  бірлік  ұзындығы  және  көлденең  қимасының  бірлік  ауданымен  анықталатын  физикалық  шама.

Сыныпты  2  топқа  бөліп  топтық  тапсырмалар  беріледі.
Жұмбақ  жасыру  арқылы  топтың  атын  табу.

1.Өзі  затты  құрайды,
Теңгеруге  таразыны  сұрайды.
( Масса )

2.Қозғалысқа  келтіріп,
Жылдамдығын  береді.
Өлшемдерін  қарасақ
Ньютонға  ол  келеді.
( Күш )

Сиқырлы  терезе
Сиқырлы терезеде  ұлы  ғұламалардың  пікірлері  бар екен.  Терезелер қола, күміс,  алтыннан тұрады. Ал  біз  оларды  оқу  үшін  сиқырлы  терезедегі  тапсырмаларды  орындаймыз.  Терезе  тапсырмалары.

I   топ
Қола  терезенің  сұрақтары

1.Электр  тогы  дегеніміз ? (Электр зарядтарының  кез – келген  реттелген  қозғалысы.)
2.Реттелген  қозғалыс  деген не? (Бөлшектердің  бұл  бағытын  электрлік  зарядталған  бөлшектерді  айтамыз)
3.Өткізгіштік  ток дегеніміз ? (Ток  өткізетін  орталарда  еркін  зарядтардың  электр өрісі  әрекетіненреттелген қозғалысынан  пайда  болатын  электр  тогы)

II  топ.

1. Электр  тізбегінің  негізгі  бөлшектеріне  нелер   жатады. (жалғағыш  сымдар,ток  тұтынушылары)
2.Ток  күші  деп  қандай   физикалық  шаманы  айтамыз. (Өткізгіштің  көлденең қимасы арқылы  бірлік  уақыт  ішінде  қандай  заряд өтетін  көрсететін  физикалық  шаманы  айтамыз.)
3.Тұрақты  электр  тогы  дегеніміз ? ( Егер  ток  күші мен  оның бағыты  уақыт    бойынша  өзгеріссіз  қалса, онда  электр  тогын  айтамыз.)

Жаңа  тақырып  бойынша  тақырыпқа  жауап  алу.

Күміс   терезенің  сұрақтары
I  топ
1.Неміс  физигі  кім?
2.Тізбек  бөлігінің  формуласы .
3.Қай жылы ашты.
4.Меншікті  кедергі

II топ
1.Г.Омның  құрметіне қандай физикалық  шама өлшенеді?
2.Тізбек  бөлігі  үшін  Ом  заңының  математикалық өрнегі қандай?
3.Вольтамперлік  сипаттама  дегеніміз не?
4.Жолдың  өлшем   бірлігі қандай?

Алтын    терезенің  сұрақтары
I  топ
1.Заттың  көлемін сақтап,  пішін өзгертетін  күй. ( Сұйық)
2.Заттың  бөлінбейтін  өте  кіщкентай бөлшегі (Атом)
3.Бір  зат  молекулаларының  екінші  заттың  молекулаларымен  араласуы. (Диффузия)
4.Дененің  траектория  бойымен  жүріп  өткен арақашықтығы (Жол)

II топ

1.Жылудың  сұйық  немесе  газ  ағыны  арқылы  берілуі (Конвекция)
2.Құрамында  көміртегі  бар  жылу  шығару  үшін  жағылатын  зат. (Отын )
3.Жылуды  ең  нашар  өткізетін  орта,  ауасы бос  кеңістік. (Вакуум)
4.Жылуды  ұзақ  сақтайтын  тұрмыста  қолданылатын ыдыс. (Термос  )

Терезе артындағы  сөздер

1.Ақыл  мен  парасат  күші – адамның  ойлауына,  пайымдауына,  ғылым  мен  өнерді  ұғынуына  және  жақсылық  пен  жамандықты  айыруына  көмектесетін  күш. Әл-  Фараби
2.Әрбір  физикалық  теорияның  төрешесі  тәжірибе. Ландау
3.Ғылыммен  неғұрлым  көп  танысқан  сайын,  оны  соғұрлым  жақсы  көресің. Н.Г.Чернышевский

Шығармашылық  жұмыстар.
–  Мұнда  оқушыларға  жеке  топтқы  тапсырма  бойынша  әр  топ  бірлесе  отырып  жұмыс  жасау. Мен  мынадай сұрақ  бердім.

1.Абайдың  табиғат  тақырыбына  жазған  қандай  өлеңдерін  білесіңдер?

I  топ
1.Жазғы  тұрым.
2.Күз
3.Жаз
4.Қараңғы  түнде таң  қалқып.

II топ
1.Қараша  желтоқсан  мен  сол  бір  екі  ай.
2.Желсіз  түнде  жарық  ай.
3.Қыс
4.Қан  сонарда  бүркітші  шығады  аңға.

2.Абай  осы  лирикасында  нені  бейнелейді?
Жауап. Мұнда  адам  мен  табиғат  арасындағы байланысты  көрсетеді.

-Міне  оқушылар! – Ұлы  ақынның  табиғат лирикасынан  оқып білгеніміздей  табиғатты  адамның  тұрмыс –  тіршілігімен, қоғамдық ортамен  байланыстыра  бейнеленгенін әдеби тұрғыда анықтадық. Ал,  осы  табиғат  құбылыстарын  зерттейтін ғылым  не десек, ол  физика  пәні  екен.

– Олай  болса, Физика пәні  нені  зерттейді екен?
Жауап. Табиғат  заңдарын  зертейді.

3.Поэзия өлең  сөздің  патшасы  сөз  сарасы.
( Өлеңді аяқтаулары  керек.)

I  топ
1. Қан  сонарда  бүркітші  шығады аңға
Тастан  түрлі  табылар  аңдығанға
******************************

II топ
1.Сұр  бұлт  түсі  суық  қаптайды  аспан
Күз  болып,  дымқыл  тұман  жерді басқан
**************************************

Үйге  тапсырма  беру.
Қорытындылау,  бағалау.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.