Информатика. Авторлық бағдарлама: AutoPlay бағдарламасымен жұмыс.

ersain000-135x150Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Бағдарламаның толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

МАЗМҰНЫ
1. Түсінік хат…………………………………………………………….1
2. AutoPlay туралы түсінік……………………………………….3
3. AutoPlay бағдарламасымен жұмыс………………………5
4. AutoPlay бағдарламасының меню қатары…………..7
5. AutoPlay бағдарламасында электронды портфолио жасау……………………………..12
6. Пайдаланылған әдебиет………………………………………18

Түсінік хат

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді.

«Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.

Мұғалім портфолиосы – бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін – өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.

Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;

Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Педагог мамандардың құзырлылығын қалыптастыруда және ақпараттандыру туралы тұжырымдама, қоғамдық жұмыс жоспарларын жасақтау қажет. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің құзырлылығын, ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Сол себепті ақпарат алмасу құралының бірі – электронды портфолио.

Электрондық портфолио – педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру құралы:

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша ерекше идеялар мен педагогикалық жетістіктерді айқындау және тарату;
2. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
3. Педагогтердің креативтік және шығармашылық ізденістерін ынталандыру;
4. Қазақстандық білім беру порталында АКТ – ны енгізу бойынша педагогикалық идеялардың деректер қорын құру.

Электронды портфолио көп жағдайда веб портфолио түрінде кездеседі. Ал қарапайым интерфейсте жұмыс жасауға болатын AutoPlay бағдарламасы арқылы мұғалімдерге, оқушыларға және т.б қызметкерлерге оңай түрде электронды портфолио жасауға болады. Бұл оқу – әдістемелік құрал AutoPlay бағдарламасы арқылы электронды портфолио жасау барысын қамтиды.

Әр оқытушы білім беру жұмысымен қатар өз тәжірибесімен басқа оқытушылармен бөліскені өте тиімді болар деген мақсатпен осы оқу – әдістемелік құралды ұсынып отырмын. Сонымен қатар әр педагог басқа да электронды сайттарға кіру арқылы тәжірибе алмасып, ізденуіне толық мүмкіндігі бар.

AutoPlay туралы түсінік

AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CDDVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Осының барлығын арнайы бағдарламашының білімінсіз – ақ жасауға болады. Ал C++, Java, Visual Basic бағдарламаларының мүмкіндіктері арқылы жұмыс нәтижесі жоғарлай түседі. AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және жеңіл жұмысы жасауға аранлған элементтер орналасқын. Бұл бағдараланың құрал – саймандар тақтасында бейнелермен, бейнефильмдермен және дыбыстармен жұмыс жасауға араналған батырмаларда орналасқан.

AutoPlay Media Studio бағдарламасын компьютерге орнату үшін:

1. Компьютердін амалдық жүйесі Windows 2000, Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және жағалау;
2. Процессоры Pentium 4 және одан да жаңа;
3. Оперативті жады көлемі кемінде 256 МБ;
4. Экран кеңейтілімі кемінде 1024×768;
5. Түс тереңдігі 16 бит және одан да жоғары;
6. Қатқыл дискідегі бос орын кемінде 100 МБ;
7. Тінтуір;
8. DirectX 7 және одан да жаңа нұсқасы;
9. Internet Explorer 4.0 және одан да жаңа нұсқасы;
10. Adobe Flash Player 8 және одан да жаңа нұсқасы;
11. Adobe Reader 8 және одан да жаңа нұсқасы болуы тиіс.

Бұл бағдарламалық жасақтамалардың жаңа нұсқаларының болуы жасалатын жоба сапасына да әсер етеді.

AutoPlay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктері орнату барысында плагиндарға да қатысы болады.

Бағдарламаның толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

5 комментариев

  1. Magan autoPlay programmasi unaidi. ol u4ebnik kuruga ote ingailyu

  2. AutoPlaу-дан басқа қандай программада портфолио жасау ыңғайлы?

  3. Асамиданов Жаскайрат

    Электронды портфолио калай жасалады

  4. Құрметті Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы , менде осы AutoPlay бағдарламасымен жұмыс істеймін бірақ, электронды портфолио жасағанымда сөйлеп тұрған дауыс пен әуен енгізгенде екеуін бір уақытта қатар шығара алмадым , осы жөнінде жазып жіберсеңіз.
    Рахмет,,,,

  5. Ерсайын авторлық бағдарламаңыз өте жақсы және портфолио жасауға тиімді екен.Рахмет!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.