Кеш тақырыбы: Физика – өмір кілті.

Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Кеш мақсаты:
Білімділік: оқушылардың физика пәрінен алған білімдерін толықтырып, жетілдіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал- жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбриелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
Кеш түрі: сайыс
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакаттар,  портреттер, приборлар, карточкалар.

Ұйымдастыру:
1.Таныстыру
2.Бәйге
3.Портреттер жарысы
4.Физикалық эстафета
5.Ойлан тап
6.Сиқыршылар(Тәжірибе)
7.Физикалық понтомимо
8.Сөзжұмбақ
9.Қорытынды

1-жүргізуші:Армысыздар ағайын
Ағайын тілін табайын

2-жүргізуші:Есенбісіз ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жаздар

1-жүргізуші:Сайысқа келген сайланып
Отырам деп жайланып

2-жүргізуші:Көрермендер аман ба
Отырған анау ойланып

1-2-жүргізуші:Бәріңізге бір сәлем!

1-жүргізуші:Біліммен сайысады топтар мына
Алға озар ең мықтысы осы жолда

2-жүргізуші:Топтарды қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:Қолына қалам алатын
Әділ баға беретін

2-жүргізуші:Еңбекті әділ бағаларн
Әділқазы ағалар
Әділқазылармен таныстыру.

1-жүргізуші:Физиканы үйренем деушілерге
2-жүргізуші:Физиканы білмек ойы барларға
1-жүргізуші:Физикаға құмарлығын арттыруға талпынушыларға
2-жүргізуші:Бүгінгі болатын кешімізді арнаймыз.
1-жүргізуші:Физика – табиғат туралы ғылым
2-жүргізуші:Физика – экспериментальды ғылым
1-жүргізуші:Физика – үнемі алға ұмтылған ғылым

1-2-жүргізуші:Физика- өмір кілті.
1-жүргізуші: Топтар өздерін таныстырсын

2- жүргізуші:
Физика- адамның табиғат заңдарын танып білуге деген табиғи ұмтылысын түсіндіретін табиғат жайлы ғылым.

1-жүргізуші:
Сайысымыздың екінші кезеңі «Бәйге».Сайыскерлер сұрақтарға тез-тез жауап беру керек. Дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

1.Физикалық шамалардың қайсысы жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді?(дене массасы)
2.Массасы 1кг дененің салмағы неге тең?(9,8Н)
3.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не қалады?(ауа)
4.Орнынан қозғалмай не өтіп барады?(уақыт)
5.Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды?(ілініп тұрған жүк өзінін тыныштық күйін сақтауға тырысады, ал кран жүктідереу көтергенде жіп үзіліп кетеді.Инерция құбылысы)
6.Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20мс дегенді қалай түсінесін?(1с-та 20м жол жүреді)
7.Елеуішпен су әкелуге болама?(болады,қар,мұз күйінде)
8.Қандай ыдысқа су құйылмайды?(су толы ыдысқа)
9.Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған доп жерге түседі?(жер тарапынан тартылыс күші әсер етеді)
10.Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?(шаңғымен тұрғанда қар бетінін әрбір шаршы см ауданын шаңғысыз тұрғаннан гөрі 20 еседей аз күшпен басады)

1-жүргізуші:

Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректін ұлы ойшылы Аристотельдің шығармаларында баяндалды.Физика грекше фюзис –табиғат дегенді білдіреді.Физика ғылымында көптеген ғалымдар жаңалықтар еңгізді. Сол туралы біздің сайыскерлеріміз не айтар екен.

2-жүргізуші:

Келесі кезең «Портреттер жарысы». Бұшл сайыста физик – астроном ғалымдардың портреттері көрсетіледі, қай ел ғалымы, аты-жөні, қандай заңдылықтарды ашқаны туралы табу керек.

1.Н.Коперник- поляк ғалымы,гелиоцентрлік жүйе
2.Г.Галилей- италя ғалымы, инерция құбылысы
3.И.Ньютон- ағылшын ғалымы, БӘТЗ ашты
4.Б.Паскаль- француз ғалымы, қысым

1-жүргізуші:
Физиканы терең меңгерудің басты талаптарынын бірі – есеп шығара білу.

2-жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Физикалық эстафета». Мұнда әр топтын бір мүшесі үлестірмелі қағазға жазылған есептің берілгенін, 2-ші мүшесі табу керегін, 3-шісі өлшемдерді ХБЖға келтіреді, 4-шісі формуласын, 5-шісі есепті шығарады, 6-шысы өлшем бірлігін тауып, жауабын жазады.

№1
Бер:S=1.5 км=1500м Шешуі:
V=36кмсағ=10мс S=Vt
Тк: t-? t=S/V t=1500/10=150(мс)

[t ]=м/мс=с Жауабы:150мс

№2
Бер:m=3000гр=3кг         ρ=m/V =3/2*10-4=1.5*104кг/м3
V=200см3=2*10-4м3

1- жүргізуші:
Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамып келеді. Екіншіден ашылған ғылыми жаңкалықтар адамзат игілігіне айналып жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр. Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор, сондықтан да техниканың негізі – физика  деген пікір берік қалыптасты.

2- жүргізуші:
Келесі сайысымыздың аты «Ойлан тап». Бұл сайысымыз физикаға өзіндік үлес қосқан ғалымдар жайлы болады.

1 Попов А.С. 2 Әбу Насыр Әл – Фараби 3 Циолковский К.Э.
4 М. Ұлықпек 5. Әубәкіров Т. 6. Аристотель

1. Ғылымға «физика» деген сөзді енгізген ғалым кім? (6)
2. Самарқанда астрономия саласында өшпес із қалдырған кім? (4)
3. Ең алғаш радионы ойлап тапқан орыс ғалымы кім? (1)
4. Қазақ ғарышкері? (5)
5. Радиоактивті қозғалыс заңдарын зерттеген ғалым инженер? (3)
6. «Физика» сөзінің мағынасын байтуда тарихта екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз? (2)

1 – жүргізуші:
Табиғат құбылыстарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан зерттеу физиканың негізі болып абылады. Олардың нәтижесінде континенттермен адамзат баласын жақындастыратын көлік пен байланыс жүйелерінің жаңа түрлері пайда болды, ғарышты игеру басталды, жасанды биологиялықтүрлер дүниеге келе бастады.

2 – жүргізуші:
Келесі сайысымыз «Сиқыршылар» сайысы. Екі топтан бір – бір оқушы кезекпен тәжірибе жасап көрсетіп, тәжірибеге байланысты келесі топқа сұрақ қояды, қарсы топ мүшелері жауап береді.

1 – жүргізуші:
Қазіргі уақыт талабына сай мемлекетімізде инженерлер, ғалымдар техникалық саладағы және халық шаруашылығындағы құрастырушы мамандар қажет. Сондықтан физика пәнін оқып үйренудің маңызы зор. Қандайда болмасын пәнді меңгеру еңбек пен жігерді қажет ететіні сөзсіз, яғни білімді іздеген ғана табады.

2 – жүргізуші:
Келесі кезеңіміз «Физикалық пантомимо» Бұл сайыста үстелден келіп әр топ үш карточкадан алады да, қимыл арқылы бір топ екінші топқа физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды көрсетеді.

1. Өткізгіштерді қосу.
2. Молекулалар қозғалысы
3. денелердің тартылысы.
4 Қайнау
5. Инерция.
6. Үйкеліс күші.

1 – жүргізуші:
Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» пара пар, ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

1. атом ядросындағы жаңалықтар
2. ғарышқа көтерілу
3. Лазерлердің өмірге келуі
4. Электрондық есептеуіш техника және кибернетика

Келесі кезеңіміз «Сөзжұмбақтар» шешу.
2 – жүргізуші: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.

1 – жүргізуші: Білім деген ақылшың.
Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.