Баяндама: Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.

Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Қызылағаш 2010 жыл

Жоспары

КІРІСПЕ
Өскелең ұрпақтың азамат болып қалыптасуы шығармашылықпен дамуы тәрбиеде
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие тұлға тәрбиелеу
2Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Автордың осы тақырыпқа арналған тағы бір жұмысын көшіріп алыңыз: ПӘНДІ оқытуда ақпараттық технологияның маңызы.

Тұлға – адамдар арасындағы өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын қоғамның өкілі ретіндегі адам. Әлеуметтену процессінде тұлға болып шығады
Өскелең ұрпақтың азамат болып қалыптасуы және оның шығармашылықпен дамуының негізі тәрбиеден бастау алады. Еліміздің ертеңі мен ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылығын талдағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ.
Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктер:

  1. 1. Денсаулық қажеттілігі
  2. 2. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі
  3. 3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі
  4. 4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі
  5. 5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі
  6. 6. Даму үшін шығармашылық қажеттілігі
  7. 7. Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл – күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Қажеттілік баланың қызғушылығынан пайда болады. Осы қажеттіліктерді іске асыру кезінде адамның әлеуметтену процессі жүреді.

Тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам. Тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

● Адам                                                    ●  Дос
●Ұл (қыз)                                                ●  Құқық қорғаушы
● Аға (қарындас)                                    ●  Патриот
● Немере (немере қыз)                           ●  Азамат
● Туыс                                                     ●  Қорғаушы
● Оқушы                                                  ● Ұлттық мәдениетті
● Ұжым, топ мүшесі                                     қорғаушы    және жасаушы
● Көш басшы                                          ● Еңбекші
● Иегер                                                   ● Әлем азаматы
● Қалалық (ауылдық)                               ●  Бейбітшілік орнықтырушы
● Көрші                                                  ● Эколог
● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай         алатын, ынтымақтасуға және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие тұлға тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы   азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін ақпараттық технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім мекемелеріне енуде. Жаңа технологияны меңгерту оқушының интеллектуалдық,кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

  1. 2. Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамытып, АКТ құралдарының жыл сайын динамикалық түрде ауысатынын, жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеттілігі ілгерлейтіндігін, яғни әрбір оқушы ақпараттық технологияларды үйреніп қана қоймай, оны пайдалана білуі, интернет, электронды почта, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

Педагогтың сабақта АКТ-ны қолдану, ақпараттық тәрбие беру барысында оқушы бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра білуі қажет:

  • Ø Оқушы АКТ-ның мүмкіндіктерін жете түсінуі;
  • Ø Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамуы;
  • Ø Оқушының үздіксіз ізденушілікте АКТ-ны қолдану;
  • Ø Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;
  • Ø Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.

Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Жасөспірім тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қашанда қоршаған ортамен қарым – қатынаста болудың жемісі. Өскелең ұрпақты тәрбилеуде ақпараттық бақылау қажеттілігі туындайды.Бұл мәселенің күрделілігі соншалық, дамуы жағынан артта қалған мемлекеттер үшін көкейкесті болмағанымен, батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде педагогиканың басты міндеттеріне жатады. Бұл мәселе бізді, яғни педагогтар қауымы мен білім – тәрбие саласында жүрген мамандарды ойландыруы қажет. Қазіргі таңда ақпараттық технологияның жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырған заманда оқушылардың көпшілігі теледидар көру,ұялы телефонды пайдалану, видеоны пайдалану  мүмкіндігімен қатар, көптеген балалар компьютерлік ойындарды ойнауға бейім. Ал БАҚ-ның бағдарламаларының көбісі бала дамуына кері әсер етеді.

Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде: «Адамгершілік  тәрбиесі тұлғаның сана – сезімін, іс – әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие түрі. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен бірге, тұлғаның ар – ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады» деген түсінік берілген. Осы тұрғыда ақпараттық технологиялар осы талаптардан шыға ала ма? Деген сұрақ туындайды. Теледидар, ұялы телефон, видеоларда, компьютерлік ойындардағы атыс, шабыс, су тасқыны, қар көшкіні т.с.с жан түршігерлік көріністерден кейін тұлғаның психологиясы мен танымдыққызығушылығы артады деп айту қиын. Осы мәселелердің бүгінгі таңға дейін дұрыс жолға қойылмағандығына барлығымыз куәгерміз.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Мектеп – жеткіншекұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай Тұлға ретінде әлеуметтенуі заман талабы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. 1. Т.Баймолдаев  «Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру» //Информатика негіздері №1, 2010 жыл
  1. 2. А.Ерболатов  «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл
  1. 3. Т.С.Сламбекова «Педагогикалық психолгия»
  1. 4. Г.Сұлтанова  «Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» //Бастауыш мектеп №12 2005 жыл
  1. 5. М.Ералиева  «Оқытудың қазіргі технологиялары» //Бастауыш мектеп №5, 2006 жыл

Автордың осы тақырыпқа арналған тағы бір жұмысын көшіріп алыңыз: ПӘНДІ оқытуда ақпараттық технологияның маңызы.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.