Қазақ тілі – 3. Тақырыбы: Сөз таптары

Ибашева Қаламқас Есенқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек Жолы» мектеп-лицейі.

Мерзімі: 04.04.2012
Мақсаты: Cын есім,сан есім,зат есім,етістік – сөз таптары екенін дәлелдей отырып түсіндіру
Міндеттері:
А) білімділігі:Сөз таптарын ажырата білуге,оларды сауатты әрі  көркем жазуға үйрету;
Ә) дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тілін,сөздік қорын байыту,дамыту.
Б) тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,тапқырлыққа,шапшаң ойлауға,өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдері:репродуктивті,эвристикалық /сұрақ қою,табу,іздену/,топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс:ана тілі,дүниетану,музыка,өзін-өзі тану
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайдтар,ойын тапсырмалар,электрондық оқулық
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық..
– Қонақтармен сәлемдесу
2. Е.Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» өлеңі /музыка ойнап тұрады/ /слайд1/
Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам –
Егеспе.

Оқу деген – «Инемен құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда-
Өмірдегі үлесің
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып
Қолдан келіп тұрғанда
«Кел,балалар,оқылық!»

3.Ұранымыз:
Оқы,үйрен,талаптан
Күліп,ойлан,шаттан.

Осы ұранымызды ұрандатып бүгінгі сабақта өз білімімізді одан әрі тереңдете түсеміз.Ол үшін көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ол үшін бізге көтеріңкі көңіл-күй керек.

4. Көңіл-күйін анықтап оны басқару

Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді білдіретін түсті жүрекшелеріңді көтеріңдер. Сабақта әр дұрыс жауапқа менің жүрек жылуымды /кішкене жүрекшелер/ аласыңдар, соңыңда жылу саны бойынша тиісті бағаларыңды алып, көңіл-күйлерің одан әрі көтеріледі деген үміттемін.                                                     /Слайд 2/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /слайд4/
–          3- жаттығу; 142-бет
Мақсатымыз: Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

  1. Бейне сұрақ  /3 сұрақ «Сөйлем» тақырыбына байланысты/
  2. «Сөз және оның құрамы» тақырыбын қайталауға арналған тест тапсырмалары.
  3. Қорытындылап, жалпы сабаққа мақсат қою.

V. Көркем жазу.
1. Экранда не көріп тұрмыз? Бұл қандай бұлттар? /әріпті бұлттар/
Қазақ тілінде неше әріп бар?Көк аспанда қандай қалықтап ұшып жүр? /көгершін/
Ендеше көгершін туралы электродық оқулықтағы тапсырмаларға назар аударайық .
–          «Ка» әрпін, «К» дыбысын көркем етіп жазайық../электр.оқулық/

2. Балалар аспанда әріпті бұлттар үйірілгенде табиғатта қандай құбылыстар болады?
– Жауынның қандай түрлерін білесіңдер?
Слайдтағы бұлтты әріптерімізден  не жауып тұр? /буынды жаңбыр/
–          Жаңбыр жауғанда жер бетінде,табиғатта қандай өзгерістер болады?
–          Ендеше табиғатта гүлдер,ағаштар жайқалып өссе, қазақ тілінде буыннан не құрлады? /сөз/
–          Олай болса осы сөздерді көркем етіп жазамыз. /көбелек,кірпі, күн,көгершін,кілт,күрек/

V. Жаңа білімді меңгерту.
1. Тірек сызбамен жұмыс
Сөз деген не?
Сөз- заттың атауы- зат есім- Сөз табы
Сөз- сапаның атуы-сан есім- Сөз табы
Сөз-қимыл атауы – етістік- Сөз табы
Сөз- санның атауы-сан есім-Сөз табы
/түсіндіре отырып жаңам сабақты ашу,түсіндіру,оқушылардан түсігенін айтқызу/

2. Меңгергенін тексеру
А) Тілдік-грамматикалық 3-жаттығу: Сөздерді оқып,оларға сұрақ  қойып,мағыналарына қарай кестеге орналастыр.

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Жұлдыз

Тау

Ата

Ақын

Адам

құс

Оқыды

Жуынды

жүзді

Көк

Үлкен

Биік

жасыл

 

Екі

Жеті

отыз

 

ә) Танымдық 4-жаттығу:Сөздерді оқып,қайсысы заттың атын,қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.
Қайық,бала,бақа,доп,құс,ұшақ,ағаш,балақай.
Жүзеді,секіреді,ұшады,өседі,жүреді.

  1. Сергіту сәті

Б)  5-жаттығу: Жаңылтпашты оқып,жатқа айт./ауызша/
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

В) Тілдік-грамматикалық 7-жаттығу: Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.
Зат есім         әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік           жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім       аққу,емен,оқулық,уа
Сан еім          биледі,өсті,тазалады,ұшты

Г/ Қосымша тапсырма:

  1. VII. Бекіту кезеңі.

А) «Сөзден сөйлем» ойыны
1-ші сұрақ: Заттың аты
2-ші сұрақ: Заттың түрі, түсі.
3-ші сұрақ: Заттың қимылы

ә) Қорытынды сұрақ-жауап.
– Бүгінгі сабақта не білдік? Сөз деген не?

VIII. Үйге тапсырма беру
6-жаттығу; 145-бет

Тапсырмасы: Мәтінді оқып, мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.
Борсық- Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талда.

ІХ. Оқушыларды бағалау.
–          Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:
«5» – 5-6жылу
«4» – 3-4 жылу
«3» – 1-2 жылу

Ризасыңдар ма?
Ендеше «Ризамын» өлеңін айту.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.