Бастауыш. Етікші. 2 сынып әдебиеттік оқу.

А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ақенжу Доспайқызы.

Сабақтың  тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:
1) Ертегінің  мазмұнын  түсіндіру,  мағынасын  ашу, оқу дағдыларын  арттыру
2)  Ойлау  қабілеттерін  дамыту.
3) Оқушыларды  ізгілік  қасиеттерге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.
Сабақтың   түрі: Аралас   сабақ
Сабақтың  көрнекілігі: суреттер,  адасқан  әріптер,  мақалдар
Пәнаралық  байланыс: қазақ  тілі,  музыка.
Сабақтың  әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Жүру    барысы

1) Психологиялық дайындық
Қайырлы  күн   достым!
Қайырлы  күн  қүрбым!
Жұма  күнің   бүгін,
Сәттілікке    толсын,
Бүгінгі  алған  бағаң
Кілең  бестік  болсын!

Сыныпты  түгендеу.

2)Үй  тапсырмасын  тексеру.
” Жалқау  немере”

Оқушылардан  сұрап қосымша  сұрақ бергізіп  бағалау  және  үйге берген  мақалдарын оқытып  қосымша  сұрақпен  бағалау.

3) Қорытынды
1. Ертегі  не  туралы?
2. Немере  қыз  қандай?
3. Оның  еңбек  етуіне не себеп  болды?
4. Бұны  қалай қорытуға  болады?
5. Жалқау  сөзіне  мәндес қандай сөздер  бар?

4) Жалқау  –  еріншек  қырсыз   жатып  ішер
5) Сергіту  сәті: “ Жалқау  бала”   әнімен
6) Адасқан  әріптер:  Шікіте  (Ой  шақыру)

7) Жаңа  сабақ:    Етікші

А. Ертегіні   мұғалімнің  түсіндіруі
Ә. Ертегіні   оқушылардың  тізбектеп  оқуы
Б.  Ертегіні   түсінгенін  балаларға  айтқызу
В. Етікшіге  мінездеме    беру

Сөздікпен жұмыс

Қобди –  ұсақ- түйек  салатын  кішкене  жәшік.

Иесіз  қыстау – бос  қалған  иесіз  қыстау.

Дәу – үлкен,  зор

Мұрат– алға  қойған  мақсат,  арман тілек.

8) Бекіту
1.Етікшіні  өлімнен не құтқарды?
2.Етікші  тұратын  ауыл  қалай  мұратына  жетті?
3.Етікшінің орнында  болсаңдар   сендер не  істер едіңдер?
4. Етікші  дәудің  айтқанын  істеп дәуді пышақпен  екі  түйресе не болар еді?
5.Етікшіден   басқа  қандай   мамандықты  білесіңдер?
6. Ертегідегі  негізгі  ой  не  болды?

ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК деуге   бола  ма?

9) “Етікші“ әнін  орындау
10) Бағалау
11) Үйге:
«Етікші» мәтіні   түсініп  оқу,  “ Менің  арманым”  тақырыбына әңгіме  жазу.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Один комментарий

  1. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, адасқан әріптер,..
    Осы айтқандарыңыздың ішінде “мақалдар” ғана бар, қалғанын (суреттер) қайдан көруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.