Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).

Қайранов Ершат Ахметжанұлы. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қызылағаш орта мектебі

ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ СЕМИНАРҒА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

ТАҚЫРЫБЫ:
Кіріктірілген сабақ
9 СЫНЫП
ПӘН МҰҒАЛІМІ: Қайранов Ершат Ахметжанұлы
2008 – 2009 оқу жылы
Кіріктірілген сабақ
Тақырыбы:
Металдардың табиғатта кездесуі және алынуы. Электролиз.

Қайранов Е.А. –  Химия.
Имангаликов М.Г. – Физика.
Оспанов Е.Е. – География.
(Қазақстанда кездесетін түсті және қара металдар. Қазақстанның қазба байлықтары.Аймақтық компонент)
Слайд арқылы тақтада Қазақстанның қазба байлықтары картасы т.с.с. көрсетіледі.

Физика 9 сынып (ашық сабақ). Мұғалімі: Имангаликов М.Г.
24 сәуір 2009 жыл

І. Сабақтың тақырыбы
ІІ. Сабақтың түрі
: Кіріктірілген сабақ
ІІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Электролит ішіндегі электр тоғының табиғатын түсіндіру. Демонстрация арқылы электролиз заңдарын қолданылуын анықтау.
б) Оқушыларлы электролиз заңдарын түсіндіру негізінде ойлау қабілеттерін дамыту.
в) пәнге қызығушылығы арқылы электролиздің техникада қолдану маңызын аша білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: 1. Документ камера
2. Электронды оқулық электролиздің қолданылуы.
3. Графо проектор   (схема, сурет)
4. Сұйықтығы электр тоғы  (Ванна)  Аккумулятор, тоқ көзі лампа.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі  (2 – 3 мин)

Демонстрациялық құралдарды ұйымдастыру
Конференция сұрақтарын, тест тірек схемаларын дайындау, оқушыларды жаңа сабаққа ұйымдастыру.

2.Жаңа сабақты түсіндіру   (10 мин)
– Сұйықтағы электр тоғының табиғатын ашып түсіндіру  (анод, катод,   анион, катион, диссоциация, рекомбинация).

2. Электролиз дегеніміз не? Заттың массасының бөлінуі.

m=m0N= M/N=kIt –∆Фарадейдің электролиз заңы.

K=  – электрохимиялық эквалент  (табл)

Фарадейдің І заңы:
Электролидт арқылы тоқ жүрген кезде бөлініп шыққан заттың массасы тоқ күшіне және уақытқа тура пропорционал болады.

Фарадейдің ІІ заңы:
Заттың химиялық эквиволентілігі атомдық массасының валенттілігіне қатынасымен өлшенеді.

x=A/n
m= (A/n)kI∆tФарадей саны
F = 96500 Kл/г.экв.

3. Электронды оқулық көрсету. «Электролиздің қолданылуы»
4. Демонстрациялық  тәжірибе «Электролизді бақылау»
5. Электролиздің қолдану мысалдары:
1) Таза металдарды электролиттік әдіспен алу.
2) Металлургия әдісімен алу.
3) Гальваностегия  (карозиядан сақтану)
4) Гальваноплатика   (құйма)
5) Электротипография
6) Медицинада электролиттік әдісті қолдану.

3.Жаңа сабақты бекіту
1. Фронтальді сұрақтарға жауап алу
2. Сабақты қорытындылау
3. Үй тапсырмасын беру.

Сұйықтардағы электр тоғы.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің судағы ерітіндісі тоқ өткізетін болса, оларды электролит деп атайды.

  1. Электролит
  2. Оң және теріс иондар болуы тиіс
  3. Осы иондар қарам – қарсы қозғалуы тиіс.
  4. 2 электрод болу керек.   (анод, катод)

Сұйықтардағы электр тоғы дегеніміз – он иондардың катодқа қарай, теріс иондардың анодқа қарама – қарсы бағытталған қозғалысын айтамыз.

Сұйықтарда электр тоғы жүрген кезде химиялық реакция нәтижесінде электродтарда  (анод,катод) сол электролиттің заттары бөлініп жабысып қалады.

Электролиз деп – электродтарда заттың бөлініп шығу құбылысын айтады.
m– бөлінетін зат массасы.
Алғашқы рет электр шығаратын қондырғыларды ойлап тапқан ғалымдар: Гальвани, Вольта, Якоби, Яблочков.
Гальвани элементі, Вольта батареясы, Якоби аккумляторы, Яблочков шамы.

Металдардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы әдістері. Электролиз

Мақсаты: Осы тақырып бойынша оқушыларда білім негізін қалау және тереңдету .Электролиз теңдеуін жаза алуға үйрету

Дамыту мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіру, білуге, үйренуге деген құштарлықтарын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Қазақстанның қазба байлықтарын оның ішінде металдардың алыну әдістерін жете меңгерту және алған білімдерін кейін өмірде пайдалана алуға тәрбиелей отырып, білімдерін  одан әрі тереңдетуге нұсқау беру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Проектор тақтасы, электрондық оқулық, таблицалар, 3 топқа бөлінген металдардың  электрохимиялық кернеу қатары.

Металдардың табиғатта кездесуі және оларды алудың жалпы әдістері.

І. Үйге берілген өздік жұмыс бойынша сұрақтар:
1. Бүгінгі күнге бізге неше металл белгілі?
2. Металдар табиғатта қалай кездеседі?
(бос, самород металдар) сонымен қатар негізінен химиялық қосылыстар  түрінде кездеседі.
3. Қандай металдар самород металдар күйінде кездеседі?
(Активсіздеу металдар, олардың типтік өкілдері болып алтын мен платина есептеледі)

Күміс, мыс, сынап, қалайы табиғатта бос (самород) күйінде және сол сияқты қосылыс түрінде кездеседі. Барлық қалған металдар (стандартты электродтық потенциялдар қатарында қалайыға дейін орналасқандар табиғатта тек қана басқа элементтермен қосылыс түрінде кездеседі.

4. Кендер дегеніміз не? Анықтамасын айт. (Құрамында металдар немесе олардың қосылыстары бар және өндірісте металл алуға қажет болатын минералдарды және тау жыныстарын кендер деп атайды)
5. Металдардың маңызды кендеріне нелер жатады? (олардың оксидтері мен тұздары, яғни сульфиттері, карбонаттары т.с.с жатады)
6. Полиметалды дегенді қалай түсінесің? (егер кенде екі немесе одан да көп металдардың қосылыстары болса, онда оны полиметалды деп атайды.
7. Кендерден металдарды алу кімнің міндеті? (металлургияның)
8. Металдарды алу тәсілдеріне байланысты қалай деп бөлінеді? (пиро, гидро және электрометаллургия)

Тақтаға жаза отырып, 1 – 2 оқушы қорғайды:
9. Пирометаллургия – металлургия жетекші орын алады. Ол жоғарғы температурада жүргізілетін тотықсыздандыру реакциясы арқылы кендерден металдарды алу тәсілдерін қамтиды. Тотықсыздандырғыш ретінде көмірді, активті металдарды, көміртегі (ІІ) оксидін, метанды, сутегіні қолданады. Мысалы, көмір мен көміртегі (ІІ) оксиді қызыл мыс кенінен (куприттен)
Cu2O мысты тотықсыздандырады.
Cu2O + C = 2Cu + CO
Cu2O + CO = 2Cu + Co2

Темір кендерінен шойын мен болатты алу осындай мысалға жатады.

10. Кен металл сульфиді болған жағдайда оны алдын – ала тотықтыру, жолымен күйдіріп оксидке айналдырады.
Мысалы:
2ZnS + 3O2 = 2ZnO + 2SO2

Одан кейін металл оксидін көмірмен тотықсыздандырады.
ZnO + C = Zn + CO

11. Металдарды өз қосылыстарынан химиялық активтігі жоғарлау басқа металдармен тотықсыздандыруды металлотермия деп атайды. Бұл процестер де жоғары температурада жүреді. Тотықсыздандырғыш ретінде алюминий, магний, кальций, натрий және кремний қолданылады. Егер тотықсыздандырғыш альминий болса, онда процесс алюминотермия, егер магний болса магнитермия деп аталады.

Cr 2O3 + 2AI=2Cr + AI2O3
TiCI4 + 2Mg = Ti + 2MgCI2

12. Кейде металдарды өз оксидтерінен сутегімен (сутектермия) тотықсыздандырады.

Мысалы:  MoO2 + 3H2 = Mo + 3H2O
WO3 + 3H2 = W + 3H2O
CuO + H2 = Cu + H2O

Жаңа тақырып:  Электролиз

Проектор тақтасына шығып тұрады. Мұғалім теорияны түсіндіріп  болғаннан кейін әр оқушыға келесі беттегілерді тарату. Мұғалім тақтаға 2 – 3 мысал көрсеткеннен кейін бекіту үшін оқушылар тақтаға шығады және жаңа тақырыпты меңгеруіне байланысты бағаланады.

Электролиз дегеніміз ерітінді немесе балқыған электролит арқылы электр тоғын өткізгенде электродтарда жүретін тотығу – тотықсыздану процесі.

Электролиздің мәні химиялық реакцияның электр энергиясы арқылы жүзеге асуы, яғни катодта тотықсыздану, анодта тотығу болып табылады.

Катод – бетінде артық мөлшерде электрондар болатын теріс зарядты электрод.

Анод – оң зарядты электрод. Анодта электрондар жетіспейді. Сондықтан теріс зарядты иондардан электрондарды өзіне қарай тартады.

Электролиттердің балқымаларының Электролизін, олардың ерітінділерінің Электролизінінен айыра білу керек. Ертітінділердің электролизінде процеске су молекулалары қатысады.

Анодта

Анодта жүретін реакциялардың сипаты су молекуласының қатысуына және анодтың қай заттан жасалуына тәуелді болады. Әдетте, анодтар еритін және ерімейтін деп екіге бөлінеді.

Ерімейтіндер:   көмірден, графиттен.
Еритіндер: мыстан, күмістен, мырыштан, кадмийден, никельден т.с.с.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Один комментарий

  1. өте керемет материал! Қайранов Е.А. осындай тәжірибесімен бөлісіп отырғанына үлкен рахмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.