Информатика. «Үздік информатиктер сайысы» (Сабақтан тыс іс – шара, Сайыс).

aliazhuma-150x150Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті колледжі Жумахан Алия Ануарқызы (Информатика пәнінің оқытушысы).

Адамға –адамдық істі, ал есептеу машинасына – машиналық істі беру керек. (Н. Винер)
Мақсаты:
– Кәсіби  еңбек тәрбиесі бойынша алған білімін пысықтау, информатика тарихынан білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімдерін жетілдіру;
– оқушының пәнге деген қызығуын арттыру, ізденуін, танымдық деңгейін жоғарлау;
– оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу;
Түрі: Сабақтан тыс іс – шара (Сайыс)

Дайындық жұмысы:
1. Әр команда өздерін таныстыру үшін атын, эмблемасын және сәлемдесуін алдын  – ала дайындайды.

2. Үй тапсырмасы:
Тақырып бойынша қызықты әңгіме  немесе әзіл –ысқақ көрініс құрастыруы тиіс.

1) команда Егер мен робот болсам….
2 ) команда Егер мен хаккер болсам…

Қажетті көрнекіліктер: плакат, видеопроектор, шарлар, асық, қоржын
Плакаттар:
1. Компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

2. Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немен?

Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. Командалардың таныстыруы
2. Білімділер сайысы
3.  Сен білесің бе сайысы
4. Кім жылдам сайысы
5.  Ойлан тап сайысы
6. Үй тапсырмасы
ІІІ. Қорытындылау.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім:  Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата – салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Үздік информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берсін әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер

Қазылар алқасымен таныстыру

Бүгінгі «Үздік информатиктер сайысына» 2 команда қатысады. Сайысымыздың 6 кезеңі болады. Командаларға ескерту: егерде кімде –кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді:

1. Командалардың таныстыруы (5 ұпай)
Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді:
команданың аты, эмблемасы және сәлемдесуі. Команда капитандар шар үрлейді. Кімннің шары бірінші жарылса сол команда сайыты бастады.

Демеймін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін   кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.

(1 команда «Интернет»)
(2 команда «Компьютер»)

2. Білімділер сайысы (5 ұпай)
Әр командадан 3 оқушы тақтаға шығады және олардың әрқайсысына әріптер беріледі. Мұғалім сұрақ қойғанда осы әріптерден басталатын жауапты жылдам айтуы керек. Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сұраққа жауап берсеңдер сонша ұпай аласыңдар.

І командаға:
1) Интернет не үшін керек?
2) Компьютер қашан пайда болды?
3) Компьютердің бағасы қанша?
4) Компьютер не үшін қажет?
5) Кітапханадан қандай кітаптар алдың?
6) Интернетте қанша уақыт отырасың?
7) Чатта жұмыс істегенде кіммен таныстың?
8) Компьютер пайдалы ма?
9) Тышқансыз жұмыс істей аласың ба?
10) Компьютер немен ауырады?
11) Компьютерінің бояуы бітсе не істейсің?
12) Кактусты компьютердің жанына не үшін қоясың?

ІІ  командаға:
1) Компьютер алдында қалай отыру керек?
2) Принтеріңнің бояуы бітсе не істейсің?
3) Үздік информатиктер сайысына кімдерді шақырдың?
4) Power Point –те қандай көрме жасайсың?
5)  Информатика негіздері журналын оқисың ба?
6)  Winamp –тан қандай өлең тыңдайсың?
7)  Флэшкамен қалай жұмыс істейсің?
8) Интернет клубқа кіммен бардың?
9) Электронды поштаңның аты қандай?
10) Пернетақтаның пернелерін немен басасың?
11) Мектепте информатика пәнін неше мен оқыдың?
12) Компьютердің экранынан не көресің?

3. Сен білесің бе сайысы
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермейік»
«Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік.

Экранда 8 ұяшықта жасырын түрде сұрақтар болады. Әр команда кезекпен кезек ұяшықтарды таңдайды. Осы сұрақтарға жауап беру керек. Әр сұраққа 1 минут уақыт беріледі.

1) Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? (Провайдер) оң жақтағы 5 ұпай)
2) (-«Музыкалық тосын жағдай» сол жақтағы  5 ұпай) Әрбір команда өз өнерін көрсетеді
3) Керектісі ішінен теріліп алынатын командалар жиынынан тұратын операциялық жүйе интерфейсі не? (Меню)  ( оң жақтағы 10 ұпай)
4)  «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж) (сол жақтағы 10 ұпай)
5) Программалау тілінде жазылатын алгоритм (программа) (оң жақтағы 15 ұпай)
6) Есте сақтау құрылғысы? (Винчестер) (сол жақтағы  15 ұпай)
7) Компьютерлік жүйе құрылымы? (Архитектура) (жоғарыдағы 20 ұпай)
8) Компьютердегі мәліметтерді кодтау кезінде қандай символдар қолданылады? (екілік сан таңбалары – биттер) (төмендегі 20 ұпай)

4. Кім жылдам сайысы (5 ұпай)
Тартысайық сайыста, күш жігермен.
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен. –дей отырып ойынымыздың 4-ші кезеңін бастаймыз. Ойынның 4-ші кезеңі «Кім жылдам?»

Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы командаға  түсіндіреді қарсы команда мүшелері тез жауап беруі керек. Команда мүшелері қанша сұраққа жауап берсе сонша  ұпай алады. Оған 2 минут уақыт берілді.

Интернет командасына
1)    Пернетақта
2)    Принтер
3)    Курсор
4)    Жүйелік блок
5)    Сканер
6)    Вирус
7)    Бит
8)    Желі
9)    Тышқан
10) Адрес

Компьютер командасына
1)    Кактус
2)    Саусақтар
3)    Микрофон
4)    Плоттер
5)    Дискет
6)    Интернет
7)    Электрондық пошта
8)    Чат
9)    Монитор
10) Электрондық кесте

5. Ойлан тап сайысы (5 ұпай)
Мұғалім: Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста –демекші «Ойлан тап» сайысын бастайық бұл сайыстың шарты: экраннан сөз беріледі, осы сөзден әрбір команда сөз құрау кере. 5 минут уақыт беріледі.

Программаланғандықтан
Көрермендермен ойын.

Әзірше командалар дайын болғанша көрермендермен ойын жүргіземіз.

Ойын шарты: Әрбір көрермен жеребей алады, осы жеребейдің ішінде «Үздік информатик» деген сөз жасырылады. Осы жасырынған сөз екі көрерменнен табылады. Осы табылған жеребе иелері тақтада тапсырма орындайды. Ойыншылар белгілі бір қашықтықтан табан астындағы қағазды жылжыта отырып тақтаға жетуі керек. Қайсысы бұрын жетіп, тапсырманы дұрыс және тез орындаса сол жеңімпаз яғни «Үздік информатик» атанады.

6. Үй тапсырмасы (5 ұпай)
Әр команда өздері дайындаған тақырып бойынша қызықты әңгіме құрастыруы тиіс:

ІІІ. Қорытындылау
Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап марапаттау. Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатиктер» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен командаға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.

Кездескенше жас достар!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.