HTML тіліне түсінік

asembaiasel-150x150Асамбаева Асель, Қайрат орталау мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: HTML тіліне түсінік

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік –   HTML тілінде қүжат құруды үйрету, негізгі тэгтер туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелілік –  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
З.Дамытушылық – Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақта қолданылатын
Көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Мақсат қою: Блокнот бағдарламасында Web құжатын құруды үйрену.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Интернетке түрлі қызметгердің жиынтығы әсер етеді. Солардың бірі ең кеп тараған қызметтер қатарына Web (World Wide Web (бүкіләлемдік өрмекші) енеді. Web – тораптардағы құжаттардың негізғі форматы HTML болып табылады. HTML (Hyper Text Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі.

Гипермәтін – бүл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі.

HTML тілінің құрылымы
<HTML>
<HEAD> <TITLE> Қүжат тақырыбы </TITLE> </HEAD> <BODY>

Құжат тұлғасы
</BODY> </HTML>

Көп жағдайларда HTML құжаттардың тақырыптары болады. Олар <Нn></Нn> тэгтер арқылы жасалады. Осы тэгтер ортасына текстімізді орналастырсақ, сізге белгілі көлемді такырып шығады.

<Н1> тақырып </Н1>
<Н2> тақырып </Н2>
<Н31> тақырып /НЗ>
<Н4> тақырып </Н4>

<Н5> тақырып </Н5>
<Н6> тақырьш </Н6>

Ал енді жаңа абзацқа шығару үшін <Р>, ал жаңа жолға шығу үшін <BR> тәгі жазылады. Бүл тәгтерді жабу керек емес. Әрине, еғер сіз <Р> тәгінде ALIGN абзацты түзеу элементін қолданбасаңыздар:

<РALIGNE=LEFT> сол жақ шетке түзеу</Р>
<РALIGNE=CENTER> Ортаға келтіру </Р>
<PALIGNE=RIGHT> оң жақ шетке түзеу</Р>

Ал мәтінге қалың, курсивті, сызықты және т.с.с. тур беру үшін, оны сай келетін тэгтер ортасына жазу керек:
<В> қалыңдатылған мәтін</В>
<І> курсивті мәтін </І>

<U> асты сызылған </U>

Кейбір тэгтердің белгілі бір параметрлермен қолданыла алады немесе қолдану тиіс, олар ашылған тэг элементтерінде жазылады (бір тэгте бірнеше параметр беруге болады). Мысалы, ашылып жатқан <FONT> тэгінің бірнеше атрибуттары болуы мүмкін.

<FONT SIZE=”1″> Мысал 1 </FONT>
<FONT S1ZE=”2»> Мысал 2 </FONT>
<FONT SIZE=”3″> Мысал 3 </FONT>
<FONT SIZE=”4″> Мысал 4 </FONT> <FONT SIZE=”5″> Мысал 5 </FONT> <FONT SIZE=”6″> Мысал 6 </FONT>

Сонымен түс туралы басынан айтып кетейік. <BODY> тэгінің ішіне BGCOLOR параметрін жазып және оған түс атын немесе оның 6 орынды кодын беру керек.

Берілген екі мысал бетті қызыл түспен бояйды.

<BODY BGCOLOR=”RED”> түстің аты колданылған
<BODY BGCOLOR=”#FF0000,,> түс 6 орынды кодпен берілген.

IV.    Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. HTML деген ұғым нені білдіреді?
2. Құжат кұрылым қандай түрде болады?
3. Жаңа абзацқа өту үшін кандай тэг колданылады?

V. Үйге тапсырма беру. Өз Web бетін дайындайтын құжат құрып келу.
VI.Оқушыларды бағалау.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.