Математика-6. Сан аралықтары

Жамбыл облысы, Байзақ  ауданы, Қызыл  жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы  орта мектебінің  мұғалімі Шомаева Толқын Айдарбекқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқыту: Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолдана отырып, сан аралықтарын координаталық түзу бойынша кескіндеуді үйрету. Сан аралықтарын оқуды үйрету. Жиындардың қиылысу және бірігулерін координаталық түзуде кескіндей отырып табуды түсіндіру.
  2. Дамытушылық: Сан аралықтары туралы білімдерін жетілдіру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық іс әрекеттерін қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: Координаталық түзу көмегімен жұмыс істеуге үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және іскерлікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Координаталық түзу,  интерактивтік тақта, кестелер.
Cабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз
Өтілу әдісі:
1. Түсіндірмелі – иллюстрациялық тәсіл.
2. Деңгейлік тапсырма
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Ойын «Ойлан тап» (Өткен сабақты жинақтау)
IІІ. Қорытындылау
ІV. Жаңа сабақ
V. Ойын «Нысананы көздеу»
VІ. Қорытындылау.
VIІ. Деңгейлік тапсырма
VIII. Қорытындылау, бағалау
IХ. Үй тапсырмасы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатынасуын, оқу құралдарын түгел болуын қадағалау.
ІІ.  Ойлан тап:

  1. 15>-7;
  2. 5>-3;
  3. -9<20;
  4. 18>-6;

III. Қорытындылау
IV. Жаңа сабақ

Координаталық түзу бойында нақты сандар орналасқан, екі шеті шектелмеген, бағыты оң. Нақты сандарға: натурал сандар, рационал сандар, оның ішінде бүтін сандар, иррационал сандар. Координаталық түзу бойынан -4 және 3 нүктелерін белгілейік.

Х – арасындағы сандар жиыны.

Мынадай теңсіздік түрінде жазуға болады.

-4               0                 3
1. -4<Х<3 Осы шартты қанағаттандыратын сан жиынын сан аралықтары деп атаймыз, былай белгілейміз: (-4; 3)
Оқылуы: (минус 4-тен 3-ке дейінгі аралық)

2. -3≤Х≤2 теңсіздігінің қанағаттандыратын сан аралығын жазамыз. [-3; 2]. Оқылуы: (-3 тің өзі қоса алынған -3 тен 2-ге дейінгі аралық, 2-нің өзі қоса алынған)
-3                 0                2

3. -5≤Х<4 теңсіздігін қанағаттандыратын сан аралығын жасаймыз.
[-5; 4].

-5                     0                  4
Оқылуы: (-5-тің өзі қоса алынған -5 – тен 4 – ке дейінгі аралық.)

4.Х≥6 Х – 6 – ға тең, 6 – дан үлкен сандар жиынтығы.
[6; +∞)

0                          6                       +∞
(6-ның өзі қоса алынған, 6 – дан плюс шексіздікке дейінгі аралық)

5.Х≤-2 (-2 – ге тең, -2 – ден кіші сандар жиыны)
(-∞; -2)
-∞                                                                                                        -2                        0

І деңгей

Аралықтарды және теңсіздіктерді қанағаттандыратын сандар жиынын түзу бойында кескіндеңдер.
1. (2;5)                                            0
2. [-4;3]                                           0
3. Х≥-1                                            0
4. Х≤2                                             0

ІІ деңгей
Суретте кескінделген аралықтарды жаз.
1.
-2                  0                   5
0                   3                   9

2. Мына сандар (-6;5) аралығына тиісті ме? А) 2;     Ә) -3,5;     Б)

ІІІ деңгей
Теңсіздіктерді қанағаттандыратын сандар жиынын координаталық түзу бойында кескіндеңдер.

  1. -2≤Х≤5
  2. 3<Х<6

6.Нақты сандар жиынын былай белгілейміз: (-∞; +∞)

0         1                         3                                 7              8

[1; 7] ∩ . [3; 8]= . [3; 7] [1; 7] ∩ . [3; 8] = . [1; 8]

∩ – қиылысу
U- бірігу

8. . [-3; 2] ∩ . [4; 6] = θ
-3            0          2         4           6

VI. Тақтамен, оқулықпен жұмыс
№761, №763, №764, №765, №773, №774.

V.  Ойын «Нысананы көздеу»
VI. Қорытындылау.
VIІ. Деңгейлік тапсырма
VIІІ. Қорытындылау, бағалау
IХ. Үй тапсырмасы.

Cабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Ұлттық бірыңғай тестінде туындыға берілген кейбір есептердің шығарылу жолдары

Бостанова Мираш. Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы№39 «Қызылөзек» орта мектебініңІ санатты математика пәні мұғалімі. Қазіргі заман …

2 комментария

  1. Сан аралықтарының Презентациясыы бар мааа???? Бар болса жіберіңізші Күтем

  2. Сан аралықтарының Презентациясыы бар мааа???? Бар болса жіберіңізші Күтем

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.