Технология. 4 -сынып. Cәукеле тігу.

Жақыпова Алмагүл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, №74 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың  тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету
Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бас киім түрлері, сәукеле үлгісі, сызбалар
Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі
Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а)  оқушыларды түгелдеу
ә)  сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.  Үй тапсырмасы.
– Ұлттық  киімдердің қандай түрлері бар?
Оқушылардың ұлттық киімдер туралы жасаған бүктемелеріне  шолу жасау

Оқушыларды сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыппен таныстыру
1. Мата түрі
2. Көркем сөзінің  синонимі
3. Тымаққа тағылатын нәрсе
4. Ер адамдардың ұлттық киімі
5. Тымақ бөлігі
6. Ұлттық киім
7. Әжелер киетін ұлттық бас киім

ІІІ. Жаңа сабақ: Сәукеле тігу.

Әйелдерге арналған ұлттық бас киім түрлері өте көп.  Оларға: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік тағы басқалар жатады.
Сәукеле –қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі. Сәукеле алтын, күміс, асыл тастармен әшекейленіп, зермен, жібек жіппен кестеленеді. Төбесіне үкі тағылып, жерге дейін төгілген ақ желек  жабылады.
Сәукеле бас киім ғана емес, қазақ халқының сән –салтанатының, салт-дәстүрінің, мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп есеп-телген.
Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақ-бау, және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады. Жоғарғы жағына үкі таға-ды. Ата –бабамыз сәукелені әшекейлеуге күмістен салынатын өрнектер және жы-лан бас бейнесінің магиялық қасиеті бар деп есептеген. Күміс тазалықты білдірсе, жылан басы  тіл –көзден сақтайды деп түсінген.

Жұмыстың орындалу реті:
1.Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтай-мыз. Биіктігін 20см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле піші-нін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.
2. Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата  бетіне орналастыра-мыз. Жиегінен тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз.Сызық бойынша ма-таны қиып аламыз.
3.Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне ау-дарып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.
4.Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3см мақта желімдейміз.
5.Ақ түсті тоқыма жіптен шашақ жасап, үкісі ретінде сәукеленің төбесіне қадай-мыз.

Қауіпсіздік  ережесін сақтау.

  • Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден 30-40см арақашықтықта болуы керек
  • Қатырма қағазды қиғанда саусақтарыңды абайла.
  • Инені ине шаншығышқа қадап қой.

Оқушылардың жұмыстарына бақылау жасау, жасалған  сәукелелерді нөмірлеп бірінші  үстелге орналастыру. Оқушылар өздеріне ұнаған сәукеле нөмірін қағазға жазып, дауыс салатын қорапқа салады. Дауыстарды санаймыз, қай нөмірлі сәуке-ле көп дауыс жинаса, сол сәукеленің иесі үздік деп саналады.

ІV. Сабақты бекіту.
1) Әйелдердің қандай ұлттық бас киімдері бар?
2) Сәукелені кім киеді?
3) Сәукелені қалай әшекейлейміз?

V. Бағалау
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма:
Ұлттық бас киімдерден бүктеме жасап келу.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.