5 сынып. Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді… (тәрбие сағаты).

aisaraseid-140x150Жамбыл  облысы, Байзақ ауданы,  Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің мұғалімі   Сейдалиева Айсара Рашбайқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық   тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.

Сабақтың барысы:
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).
>Оқушы: Жеңіс күні
(Т.Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсінбақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары.

(Қонақтарға гүл беріледі)

Мұғалім:

Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

Оқушы:

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Оқушы:
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)
Оқушы:

1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Оқушы:
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Оқушы:
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

Мұғалім:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.

Оқушы:
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.

Көрініс: Ж.Жабаев

І. «Аттандыру», «Балама хат», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері және Кенен Әзірбаевтің «Жамбылға көңіл айту» жыры бойынша қойылады. (үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық.

Ж.Жабаев «Аттандыру».
Майданға аттандырушылар сыртқа шығып кетеді.

ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады.
ІІІ. Сахна сыртында дауыс естіледі.

Оқушы:
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Ажалға берген шығыны,
Бір аяқ, бір қол жоғалтқан
Кеудеде тірі шыбыны
Бірінің жары оралған.

1943 жылы жыр алыбы Жамбыл баласы Алғадайдың өлімі туралы қаралы қағаз алып, төсек тартып жатып қалады. Сонда ән мен жырдың Кенені көңіл айтып келед.

К.Әзірбаев
«Жамбылға көңіл айту»
Кененнің көңіл айтуынан соң Жамбыл Кененім келген екен ғой деп орнынан тұрады, баласын жоқтап көріседі.

Ж.Жабаев
«Алғадай туралы әрбір ой»
(Қарт Жамбылға Кенен бастап келген топ сабырлық айтады. )

Оқушы:
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.

Оқушы:
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Оқушы:
«Сен құрметте оны, қарағым!»
(Ә. Сәрсенбаев)
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
3 Оқушы:
Кешегі елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Елім соққысын өз үстіне алды,
Денесін оқ пәршеле се де,
Ел намысын қорғап қалды.

Оқушы:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол
азаттық жолда аяғын!

Мұғалім:
Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымызда соғыстың куәгерлері Отанын қорғаған, бізге осындай бақытты да бейбіт заман сыйлаған өз аулымыздағы соғыс ардагерлері қатысып отыр. Құрметті ардагер аталарымызға сөз берейік. (Соғыс ардагерлері ұлы Отан соғысы туралы айтып, балаларға ақ тілегін білдіріп, бейбіт өмір тіледі).

Ән: «Жойылсын соғыс»

Оқушы:
Мен соғысты жек көрем!
(Қ.Жұмағалиев)

Мен соғысты
Жек көрем!
Көкем айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген,
Кім көз жасын төкпеген!
Талай өткен ғасырлар,
Еш соғыссыз өтпеген.

Оқушы:

Мен соғысты жек көрем!
Күні ертең – ақ ер жетем!
Туған жерді
Әлпештеп,
Кірпік ілмей
Тербетем!

Оқушы:
Жету үшін мұратқа
Сапар шегем жыраққа»
Ғұмыр бойы соғысам,
Асу бермес белдермен
Асау өзен, көлдермен!
Сен соғысты
Жек көрем!
Адамзатты
Жеткізем
Арманына
Жетпеген!

Мұғалім:

Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …

Оқушы:
Болмасын соғыс!
(Ж.Ақылбайұлы)

Болмасын соғыс»
Тілегі солай ата – ананың.
Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын,
Көшеде егер балдақты кісі кездессе
Жүрегім соғып ойланып бара жатамын.
Бақтарды басып, танктіңтажал табаны,
Қандарға бөгіпбала – бақшалар алаңы.
Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер,
Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы.

Оқушы:
Болмасын соғыс!
Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!
Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай,
Тау азаматтар жарақат алып жатпасын,
Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай.
О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана,
Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға,
Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада
Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қанша ма адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

Оқушы:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Мұғалім:
Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

(оқушылар ардагер аталарына сыйлықтарын береді.)
Оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.