Қазақ тілі_Бастауыш 4-сынып. Уақыт. Сағат неше?

Жамбыл  облысы, Байзақ ауданы,  Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің мұғалімі   Сейдалиева Айсара Рашбайқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың түрі: білімді меңгерту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға уақытты дұрыс айта білуге.

Білімділік: Грамматикалық тақырыпты лексикалық тақырыппен ұштастырып меңгерту. Уақытты қазақша дұрыс айта білуге үйрету.
Тәрбиелік: Уақытты дұрыс пайдалануға, уақытпен жұмыс жасауға, әр уақытты тиімді пайдалануға, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білімді меңгерту
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс
Көрнекілігі: жұмбақ, суреттер, сағат, кесте, жаңа сөздер
Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Жұмбақ шешу (Қызығушылығын ояту).

Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі.
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі    (Сағат)
(Тақтаға сағаттын суреті ілінеді.)

Сұрақ-жауап әдісі  ой қозғау.
–          Бір жылда неше күн бар?
–          Бір жылда неше ай бар?
–          Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
–          Бір аптада неше күн бар?
–          Бір тәулікте неше сағат бар?
–          Бір сағатта неше минут бар?
–          Бір минутта неше секунд бар?

Сөздік жұмысы.
–   мұғалім бір рет оқиды, түсіндіреді;
– оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;
– жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;
– оқыту;
-жазу;

Сағат – часы                                                     Таңертең – утром
Қол сағат –наручные часы                              Түсте – в полдень
Қабырға сағат – настенные часы                  Кешке – вечером
Қалта сағат – карманные часы                     Ертең – завтра
Сағат неше? – Который час?                        Бүгін – сегодня
Кеше – вчера
Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час?
Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?
Көрсетеді – показывает (о времени)

1. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді. Оларды сан есімдер деп атайды. Мыс: бес, он, жиырма, алпыс, жүз, төртінші, алтыншы
При указании времени (даты) на вопрос Қашан? (когда? ) к числительным прибавляются окончания – да, -де, -та, -те. Мыс. алтыда, екіде, бесте.

2. Ойын «Кім жылдам?»
Берілген уақыттарды сағатпен ата
1) Таңертең –
2) Түс –
3) Кеш –
4) Түн –

2.Суретпен жұмыс. Тақтадағы сағаттың суретімен таңысып , сағатпен жұмыс істеу.
Сағат неше? Сұраққа жауап беруге үйрету.
3. Дәптермен жұмыс.
Сағат, уақыт  сөздермен сөйлем құрастыру, жазу.
Сергіту сәті

4. Тілдесу. Жауап беріңдер?
Сабақ неше минут болады?
Қазір сағат қанша?
Сабақ қашан басталады?
Сабақ қашан бітеді?
Сағат нешеде үйге қайтасың?

5. Ой қозғау.
Дүйсенбіден кейін –
Жаздан кейін –
Жексенбіден кейін –
Қаңтардан кейін –
Бүгіннен кейін –
Төртінші сыныптан кейін –

Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар беру

Үйге тапсырма беру.
Бағалау
Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.