Информатика. «Word мәтіндік редактор бағдарламасы»

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы Панфилов атындағы орта мектеп Информатика пәні мұғалімі Жумадилова Назгуль Саматқызы.

«Қазір біз жаңа XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз . Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш , өз елін туған жерін сүйетін ұлтжанды , патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек.»- дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030»)
Оқушыларға еліміздің аяқ асты пайда болған бір мемлекет емес,көне заманнан бері еркіндікке ұмтылған , ар намысы бар, ұшқыр ойлы жандардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан мекен екенін; елін ,жерін қорғай алатын ұлдары бар « қазақ»-деген ер халықтың бүгінгі ұрпағы «Қазақстан» деген еліміздің ұлы бабалар ісіне лайық ұландары, бойына дәстүр-салтын сіңірген инабатты қыздары бар ұрпақ екенін қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері аймақтық компонент арқылы жеткізе алары хақ.
«Модуль дегеніміз –қандай да бір жүйенің ,біршама дербес бір бөлігі « (С.И.Ожегов)
Ал, «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі .
Мен өзім бақылау сабағында «Модульдік иехнология» элементтерін пайдалана отырып сабақ өткіздім. Сабақ алты кезенен тұрады. Сабақ үрдісінде мен түрлі тапсырмаларды дайындадым. Сабақ сонында оқушылар мониторинг жасады, кім қанша бал алғаны, график арқылы көрсетіп жеңімпазды анықтады.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Мәтіндік редактор Word» тақырыбын қорытындылау, оқушылардың алған білім-біліктерін есеп шығаруда қолдана білуін және білім деңгейін тексеру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениетін, өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін нығайту.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ой-өрісін, есте сақтау, деңгейлік тапсырмалар орындау кезіндегі зейінің дамыту.
Сабақтың типі: жүйелей және қорытындылау сабағы /бақылау сабағы/
Сабақтың әдісі: ойын, деңгейлік тапсырмалар, тест, компьютерлік жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Кезең
Тест /жабық/
1) Санау жүйесі дегеніміз не?
2) Санау жүйелерінің негізі дегеніміз не?
3) Цифр ретінде әріп символы қолданыла ма?
4) Жаңа Word құжаты қалай құрылады?
5) Бейнелеу режимі дегеніміз не?
6) Позициялық жүйенің ең кіші негізі қандай?
7) Екілік, он алтылық санау жүйелері не үшін қолданылады?
8) Word құжатын қалай сақтауға болады?
9) BackSpace- батырмасының қызметін айт?
10) Курсор дегеніміз не?
11) Ақпараттың ең кіш бірлігі? Бит
12) 1 байт 10 битке тең ба? Жоқ
13) Пікір дегеніміз не?
14) Беттердің номерлерін қалай қоямыз? Вставка- номерация
15) Редакциалау дегеніміз не?
16) Логика дегеніміз не?
17) Формалды логика ол?
18) Ықтималды логика дегеніміз не?
19) Алмасу буфері дегеніміз не?
20) Математикалық логика дегеніміз не?
21) Пікірлер алгебрасы?
22) Лейбниц орыс ғалымы? Жоқ

ІІ. Кезең.
Сиқырлы сандықша (Карточкалар):
1) Логикалық амалдарды атап шық? (қосу, алу, көбейту, бөлу)
2) Коньюнкция дегеніміз не?
3) Мәтінді форматтау дегеніміз не?
4) Қаріп параметрлерін қалай өзгертеміз?
5) Дизьюнкция дегеніміз не?
6) Инверсия дегеніміз не?
7) Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?
8) Қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?
9) Логикалық қосуды қалай түсінеміз?
10) Мәтіннің түрін қалай өзгертеміз?
11) Абзацты қалай жасаймыз?
12) Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?
13) ДК-дің минимум тізіміне не жатады?
14) Микропроцессор деген не? Не үшін қажет?
15) Басқару құрылғысы туралы не айтасың?
16) Арифметикалық-логикалық құрылғы туралы не білесің?
17) Шрифтті қалай өзгертеміз?
18) Абзац жоқ жағдайда сөз қалай белгіленеді?
19) Регистрлер дегеніміз не?
20) Жылдам жад дегеніміз не?
21) Қатқыл диск дегеніміз не?
22) Монитор дегеніміз не? Түрлерін айт?

ІІІ. Кезең.
«Даналық ағашы»
Сергіту кезеңі
/оқушылар өздері проблемалық сұрақтарды дайындайды/
ІV. Кезең Шығармашылық жұмыс:
Деңгейлік тапсырмалар /карточкалар/
V. Қатені тап:
Слайд арқылы сұрақтар:
1) Лейбниц орыс физигі?/жоқ/
2) Буль ағылшын химигі/жоқ/
3) 1 байтта = 18 бит бар /жоқ/
4) Бит – 0 мен 1 тең дұрыс па? /Иә/
5) Word бағдарламасы – графикалық редактор; /жоқ/

1) Флэш жады- бұл ақпаратты өндейтін құрал /жоқ/
2) Монитор, процессор, тінтуір, принтер- мына құралдар шығару құралдарға жата ма? (монитор, принтер, процессор)
3) ОЖ қызметтерін атап шық;
4) ОЖ мынадай міндеттерге бөлнеді:
– Ядро
– Интерфейс +
– Дравер
– Сілтеме
– Деректерге
5) Біртапсырмалы ОЖ-ға не жатады? Мына жауаптар дұрыс па? – Windows XP, MS DOS, WNIX.
6) Көптапсырмалы ОЖ-ға не жатады? – MS, DOS, Windows XP, Windows NT, Windows 2000.
7) Шарты бойынша ОЖ баптау мынадай топқа бөлінді Ол дұрыс па?
– Буманың терезесінің параметрлерін баптау;
– Негізгі меюді баптау;
– Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;
8) Компьютерлік вирустар олар:
– Ауру туғызатын бактериялар
– Зиянды ағза
– Бағдарлама;
9) Детекторлардың қызметтері қандай:
– Программаны жою
– Вирустрды табу
– Программаны сақтау;
VI. Кезең.
Бекіту
1) Артығын тап
2) Проблемалық сұраққа жауап бер;
3) Қатені тап;
4) Есепртерді шығар;(логика)
5) Призиденттің халыққа жолдауы;
6) Ой толғау. Өмрде алгортмді қай жерде кездестіресін? Сен үшін оның пайдасы қандай?
7) Осы тақырыптан өзіне не алдын?
Қорытынды: оқушылрдың мониторинг арқылы білім сапасын көрсету және бағалау.

«Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру жолында сабақта оқытудың жаңа технологиялардан пайдалану»-ізденістер,нәтижелер атты тақырыбындағы аудандық семинарда өткізілген ашық сабақтың
Анықтамасы
Бұл семинардың ең басты міндеті физика, математика және информатика сабақтарында модульдік технологияның пайдалану тиімділігі мен маңыздылығында. Сонымен қатар тәжірибе алмасу барысында біліп, көріп, үйрену ең негізгі міндет. Сол себепті мен өзімнің сабағымды «Мәтіндік редактор Word» атты тақырыбында өткіздім. Сабағымда барынша заманауи білім технологияларын қолдана отырып, әр баланың пәнге қызушылығын оятуды ең басты мақсат деп білемін. Бүгінгі өткізілген сабағым VI кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушы білімін тексеру мақсатында тест формасын пайдаландым, өйткені бұл әдіс өте тиімді. Келесі кезең «Сиқырлы сандықша» деп аталады. Мұнда оқушыларға қима қағаздар үлестіріледі. Шығармашылық жұмысты «даналық ағашы» деп атадым. Мұнда әр бала оқып, білгенің практика жүзінде жүзеге асырады. Келесі кезеңде оқушы берілген сұрақтардың жауаптарының ішінен дұрысын және бұрысын тауып, дәлелдейді. Бұл кезеңде баланың өз ойын еркін сөйлеп, жеткізуіне үлкен көмегін тигізеді. Ал соңғы кезеңде балалар интербелсенді тақтадағы берілген слайдтардан артығын таба отырып, сабақты бекіттім. Өткізілген бұл сабақта жұмыстың әр алуандығына қарамастан әр оқушы жұмыс істуге тырысып отырады. Компьютерде жұмыс істеу қызығушылықтары да жоғары болды.Бұл пысықтау сабағында модульдік технологияның бірнеше ойын түрлері кездеседі. Мұндай технология элементтерін 8б сыныбының мұғалімі Джангазиева Қ.Б алгебра пәнімен біріктіріліп өткізілді.

Жалпы бұл сабақта әр бала тыс қалмай жұмыс істеп отырды. Сонымен қатар әр оқушының компьютерді жетік меңгерулерін және жұмыс істеулерін айта кеткім келеді.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.