Информатика. Аналық тақшаның негізгі құрылымы.

Аналық тақшаның негізгі құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер туралы толық мағлұматтар беру.Негізгі аналақ тақшаның көлемі мен оны орнату ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты болуға, ЕТК-де қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан технология элементтерін пайдалан отырып кәсіпке бейімдеу , меңгерген материалдарын қолдануға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: Информатика, Операциялық жүйелер және есептеу комплексін программамен қамтамасыз ету.
Сабақтың көрнелігі: Жүйлік қорап, интерактивті тақта, аналық тақша, микропроцессор оперативті жады, бейне адаптер , слайд, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгендеу, алдыңғы өткен тақырыптарды сұрау.
2. Сабақты таныстыру:
Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Үй  жұмысын қайталау:
1.     Жүйелік блоктың негізігі құрылғылары бойынша сұрақтарға жауап беру
2.     Таратпа материалдар ұсынылды .

III- Жаңа сабақ

Аналық тақша – дербес компьютердің ең үлкен тақшасы. Аналық тақшада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – шина орналасады.

Аналық тақшаның шинасы компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын өзара байланыстырып тұрады. Аналық тақшаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.

Құрылғының атауы ағылшынша motherboard (mother – ана, board – тақта)деген сөзден бастау алады. Кейде қысқаша MB немесе  mainboard – негізгі(жүйелік) тақша деп те аталады.

Аналық тақшада чипсеттен басқа орталық процессорды, графикалық тақшаны, дыбыстық тақшаны, қатқыл дискіні, оперативті жадты және басқа да құрылғыларды жалғайтын қосқыштар орналасады.

Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:

Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылармен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы

n  жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді

n  енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.

1-сүрет

2-сүрет

Қазіргі уақытта аналық тақшаның келесі үш түрлі көлемінің біреуін шығарады: Baby Т, AT и АТХ (көлемінің үлғаюына қарай).

3- сүрет

Бірінші аналық тақшаны сатып алу керек содан соң оған сәйкес келетін корпусты таңдау оңай болады. Мысалы, АТХ типінің аналық тақшасы АТХ- корпусын және  АТХ қоректену блогына сәйкес келеді, бірақ AT көлемді тақша АТХ корпусына сәйкес келмейді

Үлкен көлемді кэш-жадын таңдаңыз. Барлық Pentium – класының аналық тақшасы кэш – жады деп аталатын ерекшелігі бар (cache memory). Негізінде кэш – жады бұл процессор өңдейтін мәліметтерді «күту бөлмесі». Кэш үлкен болған сайын ол жақсы жұмыс істейді. Socket 7 типінің процессоры қолданатын көптеген аналық тақша 256 Кбайт кэш – жады көлемімен шығарылады.

АНАЛЫҚ ТАҚШАНЫ ОРНАТУ
Орнату үшін:

1. Стол үстін газетпен жабыңыз және оған ашық корпусты қойыңыз.
Сізге аналық тақша бекітілетін пласмассалық тұрақтар және винттарға арналған тесіктері анық көрінуі керек. Компьютерді сатып алғанда беретін ережені оқып шығыңыз.
2. Анылық тақшаны шетінен ұстап тұрып оны корпустың ішіне қойыңыз және орнын түзулеңіз.
Барлық электрлік компоненттер (процессор ұясы, жады ұясы және құрылғылар слоты) монтажды тақшаның жоғарғы бөлігінде орналасуы керек; тақшаның төменгі бөлігінде ешқандай компонент болмауы керек. Тақшаны дұрыстап қою үшін қақпақтағы құрылғыларға арналған слоттар корпустың соңғы бөлігінде орналасқан бөлігімен сәйкес болуы керек. Ол 4-суретте көрсетілген.

4-сурет. Аналық тақшаны корпус қақпағында орналасқан слоттармен сәйкестендіре орнату
3. Корпус қақпағы мен аналық тақшаның тесіктері сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Көптеген корпустарда тақшаны бекіту үшін екі немесе үш винттарды қоланады, ал қалған жерлері басқарылатын пласмассалы құралдармен бекітіледі
4. Корпустан аналық тақшаны алыңыз тесіктерге (аналық тақшадағы) сәйкес болатын басқарылатын пласмассалық құралдарды қойыңыз.
5-суретте  тақшаның төменгі жағынан тесіктерге басқарылатын құралдарды бекіту көрсетілген, шерткенде басқару құралдары өз орнында нық тұруы керек

5. Аналық тақшаны шетінен көтеріңіз және оны корпустағы орнына қозғалтыңыз, осы жерде барлық пласмассалық басқару құралдарының дұрыс қозғалғанын бақылаңыз.
Қозғалтқан кезде корпустың қақпағымен тетіктердің дұрыс түсуін қадағалаңыз.
6. Тақшаны тіркеуге болады. Бірақ винттерді қатты бұрамаңыз өйткені тақша сынып кетеуі мүмкін.
Ең қиын кезең аяқталды, бірақ процесс әлі аяқталған жоқ. Енді электр қоректену блогына қосу керек.
Аналық тақшаға қоректену блогын қосу.

6 -сурет. Аналық тақшаның қоректену кабельімен
қосу дұрыстығы

IV. сабақты қортындылау Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту мақсатында Зертханалық жұмыс ретінде :

Аналық тақшаны жүйелік қорапқа орналастырды және оған үй жұмысы бойынша берілген тақырыпқа байланысты әр құрылғыны аналық тақшаға орналастырды.

V . Бекіту

•         Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары қандай?
•         Аналық тақшада қандай жүйелер орналасқан?
•         Микропроцессор дегеніміз не?
•         Аналық тақшаны орнату ережелері қандай?
•         Аналық тақшаны қалай таңдай керек?

VI.  Үй тапсырмасын беру: тақырып бойынша дайындалу

1.     Аналық тақшадағы оңтүстік және солтүстік чипсеттердің құрылымын білу
2.     триггер қызметті
3.     конденсаттор

Пайдаланған әдебиеттер:
Сандық қондырғылыр және микропроцессорлық жүйелер: Ғ, Айғараев, Қ. Асанова, М. Нысанов
Информатика М.Қ. Байжұманов

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.