Рентген сәулелері. Панорамалық сабақ.

Өткізген: Өтегенова Ж.Т.
№3 орта мектеп.

Сабақтың тақырыбы: Рентгендік сәулелер

Сабақтың мақсаты:

а) Рентгендік сәулелердің ашылуы себебі, ретген түтіншенің жұмыс істеу принципі
б) Рентгендік сәулелердің пайда болуы туралы кванттық пен классикалық электромагниттік көзқарас
в) Ғылым мен техника жетістіктеріне қызығушылықты дамыту, рентгендік сәулелердің пайдасы мен зиян қасиеттерін ажырата білу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі (аралас)

І. Ой қозғау:

1. Фотоэффект дегеніміз не?

2. Оның ашылуына қандай тәжірибе себепкер болды?

3. А.Эйнштейннің фотоэффект құбылысын түсіндіру жолы

4. Жұтылған фотонның hν энергиясының жұмсалуы.

5. Керісінше, электрондар үлкен жылдамдықпен металға соғылса, қандай құбылыс байқалар еді?

6. Электрон энергиясы неге айналуы мүмкін?

ІІ. Ойды іске асыру

1895жылы неміс ғалымы В. Рентген тәжірибе кезінде осы сәулелерді ашқан.

Рентген сәулелері рентгендік түтікшелер деп аталатын арнаулы қондырғыда алынады.

Бекіту:

  1. Рентген сәулелерінің басқа сәулелермен салыстырғанда ұқсастығы мен айырмашылығы
  2. Рентген түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
  3. Егер рентгендік сәулелердің ең үлкен жиілігі 1019Гц болса, онда рентген түтігі қандай кернеуде жұмыс жасайды?

ІІІ. Кезең: Қорытындылау (рефлексия)

Оқушыларға тапсырма беру; рентгендік сәулелердің пайдасы мен зияны туралы кесте толтыру.

Қорытындылау: Рентгендік сәулелерді адамдар өз пайдасына жұмсауға әлде де тынбай ізденуде. Күн мен жұлдыздар рентгендік сәулелердің табиғи көзі. Рентген сәулелері де жақын және алыс ғаламдарда жүріп жатқан процестер туралы мол ақпарат жеткізеді. Осылайша рентгендік астрономия дами бастады. Жасанды ғарыш аппараттарын әлем кеңестігіне аттандыру астрономиялық жаңа бағыты – ретгендік астрономияның дамуын жеделдете түсті. Кәдімгі телескоппен байқауға болмайтын жаңа мәліметтермен астрофизикалық зерттеулерді байыта түсті.

«Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегенді біле бер», – деп

қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өлең жолдарынан үзінді сіздерге арқау болсын.

Үйге тапсырма: §51. № 40 (1, 2)

Бағалау.

Сабақты қорытындылау.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.