Компьютермен оқыту. Шомбин У.С.

Компьютермен оқыту – уақыт талабы.

Ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция дегеніміз (латынша қалпына келтіру, толықтыру, бүтін) – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіру.

Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайында жасөспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды.

Теориялық ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау жасау негізінде мынандай тұжырымға келіп отырмыз. Біріншіден, көптеген жаратыстану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда. Мысалы физика, химия пәндерінде. Екіншіден, көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық-педагогикалық талаптарға онша сай келмейді. Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым-қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана болса, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім мен оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.

Компьютерлік оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау – оқу-тәрбие процесін жетілдірудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

Ø Методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау.

Ø әдістері мен формаларын ұйымдастыру.

Ø Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту.

Ø Оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.

Ø Оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау.

Ø өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру.

Ø Информациялық – оқу, эксиперименттік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру.

Ø Тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Білім берудегі жаңа ақпараттық технология – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой-еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Оның негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Жаңа ақпараттық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Оқытуды компьютерлендіру  оқыту қызметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да компьютерді пайдалануды қалыптастыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді. Біріншіден, ол кез-келген әрекетті көрнекі түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.

Оқытудың компьютерлік технологиясы көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Оқушының және мұғалімнің оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және эксперименттік – зерттеушілік қызметін меңгереді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында оқушылар білім алып, оны іс-жүзінде қолданып ғана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздерімен қажетті деген құралдарын өздері таңдап ала алады.

Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.

«Компьютермен оқыту – уақыт талабы» тақырыбында өткізілетін пікірталас шарттары.

Қазір сіздердің әрқайсыларыңызға жеке-жеке 5 сұрақтан тұратын сауалнама таратылады. Сауаланамада берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген нұсқаның  бірін таңдап жауап қайтаруларыңыз сұралады.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Иә» нұсқасын таңдаған мұғалімдер бір топқа, «жоқ» нұсқасын таңдаған мұғалімдер бір топқа біріктіріледі де, «Компьютермен оқыту- уақыт талабы» атты тақырыпта пікірталас өткізіледі. Әр топ өз пікірлерін, яғни «иә» нұсқасын таңдағандары «Иә, компьютермен оқыту тиімді» деген пікірді, ал «жоқ» нұсқасын таңдағандар «Жоқ, компьютермен оқыту тиімді емес» деген пікірді қорғаулары керек. Өз пікірлеріңізді сауалнамада берілген сұрақтар төңірегінде де өрбітуге болады. Дайындалуларыңызға  5-10 минут уақыт беріледі. Бұл пікірталас 3 кезеңнен тұрады:

1. Әр топтан бір кісі шығып 5-7 минут ішінде өз пікірін қорғайды.

2. Екі топ мүшелері бір – біріне сұрақтар қойып, пікір алысады.

3. Екі топ өз пікірлері бойынша қорытынды жасайды.

Пікірталасқа қатысушы! Өз ойларыңызды ашық, еркін білдірулеріңіз сұралады.

«КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

1. «Компьютермен оқыту – уақыт талабы» сіз бұл пікірмен  келісесіз бе?

а) Иә                    б) Жоқ

2. Сіз компьютермен  жұмыс істей аласыз ба?

а) иә                    Б) жоқ

3. Компьютерді меңгеруіңізге не кедергі деп ойлайсыз?

а) Иә                   б) Жоқ

4. Сіздің компьютерді меңгергіңіз келе ме?

а) Иә                   б) Жоқ

5. Сабақта компьютерді пайдалану тиімді деп ойлайсыз ба?

а) Иә                             б) Жоқ

Пән мұғалімінің аты – жөні: __________________________ ___________________________________________________

Сабақ беретін пәні: __________________________________

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

2 комментария

  1. маған ұнады өте жақсы тақырып

  2. маған ұнады өте жақсы тақырып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.