Пайдалы тамақтану мәдениеті.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектебінің әлеуметтік педагогі: Динара Ажимадинова

Мақсаты: Майдалы тамақтану жайлы түсінікті қалыптастыру.
Міндеттері: Оқушыларды П.Ивановтың ілімдерімен таныстыру.
І. Әңгімелесу.
– Құрметті балалар! 2002 жыл- денсаулық жылы болып есептелегенін білесіздер. Біз бәріміз Қазақтан Республикасының азаматтарымыз. Біздің елеміздің негізгі заңында әр азамат медициналық көмек алуға құқылы (29- бап).
Әр адам өз денсаулығын сақтау керек, себебі еліміздің басшысы Н.Назарбаев өз сөзінде «Еліміздің әр азаматының денсаулығы бұл республикамыздың жетістігі» деген.
Балалар, айтыңдаршы, денсаулығымызды сақтау үшін не істеуміз керек? (балалардың кеңестер)
Өзін- тану сабағындағы Порфирий Иванов аталарың естеріңде ме? Ол кісі табиғатты сүюді, денсаулықты сақтауды, басқа адамдарға мейірімді болуды мұра еткен.
Оның негізгі ерекшеліктерін еске түсірейікші.
1. Күніне екі рет суық суға түс. Қай жерде ыңғайлы болса, сол жерге түс. Өзен, көл, ваннаға түс немесе үстіңе су құй. Бұл сенің міндетің. Жуынуды ыстық судан бастап, суық сумен аяқта.
2. Егер мүмкін болса, жуынудың алдында немесе одан кейін таза ауаға шығып, жалаң аяқ жерді басып, ал қысты қардың үстінде ең болмаса 1- 2 минут тұр. Таза ауаны бірнеше рет жұтып, өзіңе және өзге адамдарға іштей денсаулық тіле.
3. Арақ ішпе жіне темекі тартпа.
4. Жұма күні сағат 18- 20 дан бастап жексенбі күні сағат 12- ге дейін аптасына бір рет су немесе тамақ ішпеуге машықтан. Бұл сенің тыныштығың. Саған қиын болса, ең болмаса бір тәулік ыдауға тырыс.
5. Жексенбі күні сағат 12- де таза ауаға шығып, жалаң аяқ тұрып, жоғарыда айтылған шарттар, жайлы ойлан.
ІІ. Сапалы ас, дәрігер кеңес береді.
• Майлы тамақтан тартыну.
• Өте тұщы және ащы тамақтардан сақтаныңыздар.
• Тәтті көп, ал денсаулық білеу.
• Жемістер мен көкөністер- пайдалы тағамдар.
• Әжелер мен аналараға кеңес: тағам дайындағанда оған бар
мейірлеріңізді, қуаныштарыңызды, махабаттарыңызды қосыңыздар. Бұл витаминдер тағамға дәм және денсаулық нәрін береді.
ІІІ. Сауықтыру минуты.
Бір орында екі аяқтарыңды бірге қойыңдар. Қолдарыңды түсіріңдер, арқаларыңды түзеңдер. Жайлап қолдарыңды жоғары көтеріңдер, арқаларыңды бір- біріне біріктіріп, саусақтарыңды қысыңдар. Бүкіл денелеріңмен жоғары созылыңдар. Алдыға қарай созылғанда биік ағаш елестетіңдер. Биік, әдемі ағаш күнге қарай тартылады, адам ағзасы ағаш сияқты күшпен толады (15- 20 секунд орындалады). Қолдарыңды түсіріп демелыңдар.
IV. Ойын. «Денсаулықты не пайдалы, не зиянды құртады»
Денсаулық елінде қандай тағамдар жейтінін таңдаңдар:
Пайдалы тағамдар: Пайдасыз тағамдар:
Балық Фанта
Айран Тұзды майға
Геркулес Қуырылған
Сүйық май Майлы ет
Сәбіз Торттар
Пияз Шоколадтар
Ормажапырақ
Алма, алмұрт
V. «Асқа отырмас бұрын мен не жейтінімді ойланамын»
Денсаулыққа пайдалы тағамдар суретін салыңдар, бояңдар, мүсіндеңдер.
VІ. Тағамданудың «алтын ережелері»
• Ең бастысы- артық тамақ жемеу.
• Бір уақытта ағзаға пайдалы жеңіл және әзірленген тамақ ішіңдер.
• Тағамдарды толық, дұрыс шайнамай, жұтуға асықпаңдар.
• Тамақ ішер алдында 6 рет іштен тыныс ала отырып, ішіңнен осы тамақты әзірлеген адамдарға алғыс айтыңдар.
VІІ. «Мені түсін» атты ойын.
1. Топты таңдау (7 адам)
2. Бірінші тапысырма: «Мылқау телефон» (топтың капитаны денсаулық туралы мақалдар жазылған карточкаларды алады).
• Дені саудың- жаны сау.
• Денсаулық- зор байлық.
• Шынықсаң шымыр боласың тағы басқа.
3. Екінші тапсырма: «Ойлан тап» ойыны «бірінші топ екінші топтың мүшесіне спорттың бір түрін жасырады, ал өзінің тобына пантомимо көрсетеді.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.