Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №3 орта мектебінің әлеуметтік педагогі Динара Ажимадинова

Жүргізуші: Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Ұсынсақ жүрек жылуын» атты кешімізге қош келдіңіздер. Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға Өтеуліқызына берейік.
.
Жүргізуші: Ән шырқалар бақытымен, бағымен
Ән айтылса үйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы Нұрбек ұлдарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен.

Жүргізуші: Күніндегі гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып.
Биімен көрерменді тәнті ететін,
Бишілер келді міне толқып, тасып.

4а сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Келесі кезекті мектеп психологі Сағиталин Сейілхан ағайымызға береміз.

Жүргізуші:

Балдаурен-балалықтың балғын күні,
Балдаурен – қуаныш пен шаттық үйі.
Алдәурен бақыт кешкен балалардың,
Жайқалып, қырда ашылған қызыл гүлдей
келе келесі әнге береміз.Ән «Бал балалық» орындайтын Панабекова Гүлім.

Осымен «Ұсынсақ жүрек жылуын» атты кешіміз аяқталды, көріп тамашалағаныңызға көп-көп рахмет.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.