"Мектептен-жоғарғы оқу орынына"

Есімхан Сейтмолдинов.

Сабақ мақсаты :
А) білімділік: оқушылар сызбаларды орындау ережелерін, проекциялау әдісін, аксонометриялық проекцияларын, өзара перпендикуляр жазықтықтарға тікбұрыштап проекциялау және көріністерді оқыту;
Ә) дамытушылық: кеңістікте елестету арқылы ой өрісін кеңейту, сызбаны оқытудың негізгі үрдісін есте қалдырып, оқушының санасына терең сіңіру, теория жүзінде білімдерін жандандыру,геометрия пәнімен байланыстырып, компьютерде жұмыс істеуті үйрету.
Б) тәрбиелік: жергілікті компоненті қолданып, болашақ өмірге көзқарастарын жақсартып, көсіби-бағдар беру, электронды сабақты пайдалана отырып, сызу сабағына қызығушылықтарын арттыру, сабақта ұлттық асық ойындарын, сандықшалар, қоржынды пайдалану арқылы ұлттық педагогикалық үрдісін қалыптастыру.
Сабақ түрі : электронды топтық жарыс ойыны түрінде, қорытынды сабақ.
Көрнекіліктер: Қазақ ұлттық бұйымдар сандықша, қоржын, номерленген асық, компьютер, интерактивті тақта. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ тақырыбы «Мектептен-жоғарғы оқу орынына» атты топтық ойынды түсіндірем.

Сабақтың проезентациясын көшіріп алыңыз.

Қорытынды сабақ. Проектор арқылы суретте схема мектептен оқу орнына дейінгі жол көрсетілген. Онда мектеп, үй, ата-ана, автобус, бекет, самолет,поезд,автобус,қалалар,қаладағы бекет,жоғарғы оқу орны,студенттің суреті салынған сызба схемасы бойынша сабақ жүргізем. Әр сурет кедергілер болады. Кедергілерде сұрақтар болады.
Өткен тарау бойынша:
І- сызбаларды орындау ережелері және геометриялық салулар;
ІІ – проекциялау әдісі;
ІІІ – өксонометриялық проекциялар;
ІV – өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау;
V – көріністер, сұрақтар дайындалған.

Сыныпты екі топқа бөліп «Проекция» және «Жазықтық» деп екіге бөлемін.
Интерактивті тақта бойынша сабақ жүргізем. Кедергідегі сұраққа жауап бермес бұрын екі топ қоржындарынан асық алады. Қайсысының саны көп болса ,сол ойынды бірінші жауап береді. Әр кедергіде қайталанып отырады. Егер бірінші топ жауп бере алмаса екінші топ жауап бере алады. Қай топ жауап берсе жетон, яғни асық ұтады.
Мысалы: Әр сурет кедергі. Бірінші мектеп суретінің батырмасын бассақ сұрақтар беріледі.Сұраққа жауап берсе келесі кедергі үйге келеді.
Үйде ата-ана білімдерін тексереді. Онда сұрақ ,тестар беріледі. Одан өтсе ата-ананың суреті келді. Тағы сұрақтарға жауап берсе ата-ана оқуға рұқсат береді дегені.Автобустың суретіне келеді. Автобустағы кондуктор сұраққа жауап берсе, бекетке жеткізеді. Бекет суретіне жетеді. Тағы кедергі бекетте касса самолетке, поездға немесе автобусқа билет сатады. Егер сұраққа жауап бермесе. Одан өтсе поезд немесе автобусқа отырып қалаға жете алады. Павлодар, Семей, Астана, Алматы қалаларының бірін таңдайды. Егер төрт қаланың бірін таңдаса бейне сұрақтарға жауап береді. Онда кішкентай қобдишаларға заттар салынған бейне сұрақ арқылы сұрақтар қойылады. Бекеттен өтсе сол қаланың бекетіне жетеді. Бұндағы сұрақтарға жауап берсе,қаланың автобусына немесе таксиге отыра алады. Біреуін таңдайды. Мысалы таксиге отырады делік, тағы да кедергі сұраққа жауап бермесе, жүргізуші жоғарғы оқу орынына жеткізбейді. Егер жауап берсе жоғарғы оқу орына жеткенде сондай кедергі сұрақ қойылады. Одан кейін емтихан тапсырып жатқан суретке жетеді. Ондағы кедергіде сұрақ тесттен өтсе студент атанып сабақ соңына жетеміз. Әр кедергіде жауап берген топқа жетон тапсырылып отырылады. Жетон орнына асық беріп отырамын. Сабақ соңында топтардың асығын санап, топтың жеңісін анықтаймыз. Сол бойынша баға берем.. Соңғы сурет студент суретінің батырмасын бассағыз «сиқырлы сандықша » деген ұяшық шығады. Мұнда ойын сабақтың қызығушылығын арттыру үшін жеңген топпен ойналады. Ортаға екі сандықша әкелінеді. Оның бірінде ақша яғни степендия бар. Сандықшаның қайсында екенін тапса, степендиямен оқитын студант болады. Таппаса степендиясыз қалады. Сабақ қорытындысы: Балаларға бес тарау бойынша өткен тақырып ты қайталап шыққанымыз жөнінде, ойындағы сұрақ-тест, бейне сұрақтар қалай жауап бергені жөнінде топ бойынша және жеке оқушылар бойынша тоқталып бағалаймын. Жеңіске жеткен топты құттықтаймын. Үйге тапсырма: карточкалар таратылып тапсырмалар беріледі.Онда тетікбөлшектердің екі көрінісі берілген. Орындайтын тапсырма – үшінші көрінісін тауып, изометриялық проекциясын салу.
ЕСКЕРТУ: Бұл сабақтың ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ бар, оның сиымдылығы көп болғандықтан салынбады. Қажет жағдайда мына электрондық почтаға хабарласуларыңызға болады: esimkhan1170@mail.ru

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.