VBasic. Басқару объектілері

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Shape, Line, Timer басқару   объектілерін қолдану

Мақсаты:

1) Білімділік: оқушыларға әрбір  басқару объектілерінің атқаратын қызметі мен қасиеттері жайлы  білім беру және өз бетімен  есеп шығаруға  үйрету;

2) Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін  дамыту;

3) Тәрбиелік: сауаттылыққа, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың  әдісі: түсіндірмелі,  сұрақ-жауап

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

II. Үй тапсырмасын тексеру: оқушыларға жетек сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын қайталау.

III. Жаңа сабақты хабарлау: Shape басқару объектісі  формадан фигураның алты түрін салуға мүмкіндік береді. Back Color – фигураның  фонының түсін анықтайды. Back  Style – форманың фоны фигурадан көріну  көрінбеуін анықтайды.  Border Style – форманың шекарасының стилін анықтайды, жеті мәндердің бірін қабылдайды. Line – басқару объектісі әртүрлі қажетті ұзындықта, енді түрдегі сызықтарды  сызуға арналған. Shape басқару объектісінің Shape қасиетінің   мәндері  0- Rectangle – тік төрт бұрыш; 1-Square –  квадрат; 2-Oval –  сопақша; 3-Circle –  шеңбер; 4-Rounded recta –   жиектері домалақтанған тік төрт бұрыштар; 5-Rounded Squar –  бұрыштары  домалақтанған квадрат. Timer – бұл объект  қандай да бір анықталған объектіні уақыт өткеннен  кейін белгілі бір   қимылды  орындайды. Timer уақытты милисекундпен есептейді. Бұл объектіні қолдану үшін жалғыз қасиетіне мән беру керек. Бұл   қасиет –   Interval, ол 0-ден               65 535-ке дейінгі кез келген мәнді қабылдай алады.

IV. Жаңа сабақты  бекіту:

Есеп № 1: Формада бір Shape элементі тіктөртбұрыш түрінде орналасқан. Он секундттан кейін Shape элементінің түрі шеңбер түріне келтірілсін.  (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “3”
End Sub

Есеп № 2: Формада бір Shape элементі тіктөртбұрыш түрінде орналасқан. Он екі секундттан кейін Shape элементінің түрі бұрыштары домалақтанған квадрат  түріне келтірілсін. (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “5”
End Sub

Есеп № 3: Формада бір Shape элементі сопақша (элепис) түрінде орналасқан. Жиырма секундттан кейін Shape элементінің түрі тік төрт бұрыш түріне ауыстылырсын. (Суретке қарағыз.)

Private Sub Timer1_Timer()
Shape1.Shape = “0”
End Sub

V. Оқушылардың сұрағына жауап беру

VI. Үйге тапсырма беру қосымша материалдардан оқу, оларды жинау

VII. Қорытынды оқушыларды бағалау

Check Also

5 сыныптағы ашық сабақ: Holidays

Сүйірбекова Айгерім Ерсінбековна, ағылшын тілі маманы, Жамбыл облысы Шу қаласы “Жібек жолы” мектеп-лицейі. 5.C8 develop …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.